Ұлыбритания

Ұлыбританияның сыртқы саясаты

Ұлыбританияның сыртқы саясаты. Ұлыбритания әдетте Еуропалық және дүниежүзілік саясатта ерекше орын алып келді. Ел құрлықтағы соғыстарға сирек қатысатын, бірақ дипломатиялық күрестің кездейсоқ қалтарыстарында әруақытта жетекші күш ретінде көрініс табатын сыртқы саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе Ұлыбританияға Еуропалық «концертте» «бірінші скрипка» рөлін ойнауға мүмкіндік беріп келді.

Читать полностью »

Ольстер дағдарысы және ұлттық мәселелер

Ольстер дағдарысы және ұлттық  мәселелер. 1921 ж. Ирландия Республикасы құрылғаннан кейін Ұлыбритания өзінің құрамында халқының үштен бірі католик дініндегі ирландықтар мен үштен екісін Шотландия мен Уэльстен шыққан протестанттар құрайтын аралдардың алты солтүстік графтығын (Ольстер) алып қалған болатын. Екі діни қауымның арасында қарым-қатынастар әдетті дау-дамайлы болып келетін. 1968 жылы католиктік азшылықтың азаматтық құқықтар үшін қозғалысы басталды. Бұл ереуілді қуып таратудан кейін Ольстерде жаппай тәртіпсіздік басталды. Тәртіп орнату үшін Ұлыбритания Ольстерге әскер енгізді. Ирландияның республикалық армиясы, жасырын экстремистік ұйым, ағылшын солдаттарына қарсы террормен жауап берді. Британ үкіметтерінің келесі үш он жыл ішіндегі жанжалды шешу жөніндегі әрекеттері бүлікшіл графстволарға тыныштық әкелмеді. Католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығысулар жалғаса берді. 1998 жылы мамырда Ольстердегі теке тіресті тоқтату және өзін өзі басқару сайлауы органдарын құру туралы келісімге қол жетісті.

Читать полностью »

Г.Вильсон үкіметі (1964-1970)

Г.Вильсон үкіметі (1964-1970) консерваторлар бастап кеткен болашақ экономикалық жоспарлауды жасау бағытын жалғастырды. Г.Вильсон әсіресе елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуына үміт артты. Осы мақсатпен 1965 жылы парламент тұңғыш «ұлттық бесжылдық экономикалық жоспарды» қабылдады. Жоспарды орындау үшін Вильсон үкіметтің, бизнестің және кәсіподақтардың әрекет бірлігін қамтамасыз етуге тиіс болды. Үкіметтің «Ниеттер туралы декларация» атты құжаты жалақының өсуі мен бағаның артуын «ақылға сиымды» көлемдерде шектеуді ұсынды. Бұл саясат «бағалар мен табыстар саясаты» деген атақ алды. Алғашында жалақының өсуін «ақылға сыйымды» мөлшерге шектеу ерікті түрде іске асырылса, 1966 жылдан кейін үкімет оны күштеп «қатыруға» кірісті. 1970 жылғы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті.

Читать полностью »

Консервативтік үкіметтер. 1951-1964 жж.

1951 жылы қазанда сайлауда жеңіп шыққан У.Черчиль тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік құрылымды сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылғы сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап, «әл-ауқаттылық мемлекет» идеясына қолдау көрсетті.

Читать полностью »

Лейбористік үкімет. 1945-1951 ж.ж.

Лейбористер сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама «Болашаққа бетбұрыс» деп аталды. Консервативтік партияның айқын бағдарламасы болмады, олар тек Черчильдің беделіне арқа тұтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл-күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жуңіліс тапты. Лейбористер қауымдар палатасындағы орындарды үштен екісіне ие болды.

Читать полностью »

Ұлыбританияның Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдар

Консервативтік партия- ұйымдық жағынан 19 ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Лейборист партиясы 1900 жылы негізі қаланды. Либералдық партия 19 ғасырдың ортасында виги партиясы негізінде ұйымдасты. Ұлыбритания коммунистік партиясы 1920 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың британдық конгресі 1868 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың шотландық конгресі 1897 жылы негізі қаланды. Ағылшын-совет достығы қоғамы 1946 жылы құрылды. КСРО-мен мәдени байланыс қоғамы 1924 жылы негізі қаланды. Жастардың коммунистік одағы 1922 жылы құрылды.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы