Программаның File ішкі мәзірінің опцияларын қолдану


Скачать/Жүктеу

{Файл  дегеніміз – сыртқы сақтау құрылымында белгілі бір атпен аталып, жазылатын мәліметтер жиыны.Файл компоненттерін қарастырудың үш жолы бар: компоненттерін  біртіндеп қарастыру, белгілі бір компоненттеріне тікелей шығу, компоненттерге реті арқылы өту. Әрбір уақытта файлдың бір компоненті ғана іске қосылады.}Кез келген типтегі деректер тобын файл деп атауға болады. Программаға қажетті деректер немесе программада есептелетін нәтижелер және программаның өзі де файл болып табылады. Практикалық есептерді шығарғанда бкрілгендерді және өңделетін мәліметтерді компьютердің сыртқы құрылысына жазып қоюға тура келеді. Бұл жағжайда деректер сыртқы файл түрінде көрсетіледі. Сыртқы құрылғылар ретінде магниттік дискілерді, дискеттерді т.с.с. қарастыруға болады. Турбо Паскаль тілінде бір типтегі тізбектерді файл деп атайтын болғандықтан файл массивке ұқсас болады.Файлдың массивтен айырмашылығы:Файлда жазылатын ақпараттың саны көрсетілмейді.Әр элементтің өзінің индексі бойынша анықталмайды. Сондықтан қажетті элемент оның алдындағы элементтерді қарастырғаннан кейін ғана алынады.

Паскаль тілінде жазылған әр файлдың аты жазылады.

Файлдарды баяндау.Программаның type бөлімінде файлдың баяндалуы:

Type           N Type=File of TC;

Мұнда N Type файлдың идентификаторы, ТС – базалық тип. Кез — келген қарапайым немесе күрделі тип, файл тілінен  басқа барлық типтер.Файлдық типін немесе файлдық типтегі айнымалыны келесі үш әдістің біреуі арқылы анықтауға болады.

N Type= file of TC;

N Type=TEXT

N Type=File

Мұнда текст (TEXT) текстік файлдардың стандартты аты. Баяндау әдісіне байланысты Турбо паскаль тілінде файлдардың үш түрі бар:

  1. типтелген файлдар;
  2. текстік файлдар;
  3. типтелмеген файлдар;

Файлдармен жұмыс жасау.Паскаль тілінде мәліметтер тілінің бірі болып сыртқы жады құрылғысында орналасқан бірдей типті компонентер тізбегін құрайтын файлдық айнымалылар ақпараты енгізу – шығару үшін қолданылады. Енгізу- шығару  іс — әрекетін орындамас бұрын фалдық айнымалыны Assign стандартты процедурасы  көмегімен нақты қандай да бір сыртқы файлмен байланысу қажет. Мұндай файл ретінде магниттік дискідегі файл сондай – ақ есептеу кешеніндегі құрылғы (клавиатура, десплей экранан принтер және т.с.с.) сосын ол файл оқуға немесе жазуға ашық болуы керек. Осыдан кейін енгізу шығаруды ұйымдастыруға болады. Файлмен жұмыс жасап біткенен кейін соң  оны close стандартты процедура арқылы жабу керек.Файлдармен жұмыс жасау үшін келесі жалпы стандартты процедуралар  мен функцияларды қолдану кажет.Assign (f, name) – f файлдың айнымалыны name сыртқы файлмен байланыстыру қолданады. Мұнда name файлдың атын немесе логикалық құрылғыны анықтайтын текстік өрнек. Егер текстік өрнек бос болса, онда енгізу немесе шығарудың стандартты файлмен байланысты орнатылады.Reset (f) – файлдан ақпараттан оқу үшін бос файлды ашу. Мұнда f файлдық айнымалысы бұрын assign процедурасы арқылы бар сақтаулы  файлмен байланысқан.Rewrite (f) – файлға ақпаратты жазу үшін жаңа бос файлды ашу. Мұнда f файл айнымалысы бұрын assign программасының көлемімен жаңа файлмен байланысқан. Егер бұрыннан бар файлдың аты көрсетілген болса, онда ол жабылады.Append (f) – текстік файлды соңына ақпарат қосу үшін ашу. Мұнда f файлдың айнымалысы. Assign процедурасы арқылы бір текстік файлмен байланысқан.Eof (f) – файлдың соңын анықтайды. Файл соңы кездессе Eof ақиқатты қайтарады. Қарсы жағдайда Felse.Close (f) – ашылған файлды жабу үшін қолданады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы