Скачать/Жүктеу
Жоспар:
1. Паскальдағы еркін ену файлы.
2. Мәтіндік файлдар.
3. Файлды exe-файлға түрлендіру.
Турбо Паскальда f сыртқы файл жазуларының саны Filesize (f) функциясы арқылы анықталады. Жазуды бірден іздеп табу үшін пайдаланылатын оператор: seek (f, k – 1). Ол көрсеткішті к – жазудың басына бірден орналастырады (seek (іздеу) – стандартты атау). (Дискіде файл жазулары 0 – ден бастап ретімен нөмірленеді, сондықтан к – жазудың нөмірі к – 1 санына тең. Мысалы, сыртқы файлдың 3 – жазуын оқу үшін программаға seek (f, 2) операторының енгізілуі тиіс.) Сыртқы файл жазуларына осы сияқты жету тәсілі файлға еркін (тікелей) ену тәсілі деп, файлдың өзін еркін ену файлы деп атайды.
Деректер файлын мәтіндік түрде құруға да болады. Мәтіндік файл – символдық (Char) типті берілгендерден құрылатын файл. Оны сипаттау үлгісі: f : file of char не f : text. Құрылған файл атына .text кеңейтілуі қосылып қойылады. Мәтіндік файл ұзындықтары анықталмаған түрлі жолдардан тұрады, тек әр жол ұщындығы 255 – тен аспаса болғаны. Файл құру кезінде сөз аралықтарында бос орын қалдырып, әр жол соңында Енг пернесін басу керек.
Мәтіндік файлмен тізбекті ену тәсілі бойынша ғана жұмыс істеу мүмкін. Файлды тек құруға не ашуға болады. Мұнда файл соңына жазу қосу операторы бар: Append (f). Файл жолын (s) дискіге жазу, оны оқу сәйкес writeln (f, v), readln (f, s) операторлары арқылы орындалады. Бұл тақырыпта бір программа арқылы мәтіндік файл құру, не оны экранға шығару тәсілі көрсетілген (енгізуді аяқтау тәсілі: жол сұралған кезде санды енгізбей, Еnd пернесін басу.
Uses crt;
Label 2, 5;
Var f : text; s : string; bf : string 8; n :word;
Begin clrscr; write (‘Файл аты — ?’); readln (bf);
Writeln (‘Файл құру үшін 5 – ті, экранға шығару үшін басқа санды енгізіңіз’);
Write (‘Сан — ?’); readln (n);
If n=5 then goto 5 else goto 2;
5: assign (f, bf); rewrite (f);
Repeat
Write (‘жол — ?’); readln (s); writeln (f, s)
Until length (s)=0; close (f);
2: clrscr; assign (f, bf); reset (f);
While not eof (f) do
Begin readln (f, s); writeln (s);
End; close (f);
End.
Турбо Паскальда құрылған программа әдетте редактор терезесі арқылы іске қосылады. Кеңейтілуін exe – ге өзгертіп, программаны TURBO каталогы панелінен бірден орындалатын етуге болады (атауын таңдап, Енг пернесін басу).
Файл кеңейтілуін EXE – ге түрлендіру тәсілі:
- программаны экранға шақырып, компиляциялау;
- негізгі мәзірден Компиляциялау (Compile) мәзірін ашу;
- көрінген тізімде жадта адрестеу (Destination Memory) командасы көрінсе, оны дискіге адрестеу (Destination Disk) етіп өзгерту (сол қатарды таңдап, тізімді жабу);
- программаны қайта компиляциялау.