мемлекет

Иран Ислам Республикасы

Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км2. Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі.

Читать полностью »

Замбия Республикасы

Замбия Республикасы – Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 752,6 мың км2. Халқы – 9,5 млн адам (1995). Тұрғындарының 99%-і банту тілінде сөйлейтін жергілікті тайпалар (бемба, тонга, лози, лунда, малави, т.б.). Елде 100 мыңға жуық еуропалықтар мен азиялықтар тұрады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Тұрғындарының 80%-ке жуығы жергілікті діни сенімдері мен христиан дінінің протестант тармағын ұстанады.

Читать полностью »

Жапония

Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері.

Читать полностью »

Буркина-Фасо

Буркина-Фасо (1984 жылға дейін Жоғарғы Вольта республикасы) — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жері 274,4 мың км2. Халқы 10,4 млн. адам. 100-ден астам этн. тайпалардан тұрады. Ірілері моси (50%-тен астам), фульбе, лоби, бобо, т.б. Астанасы — Уагадугу (50 мың). Халқының 40%-і мұсылмандар, 10%-і христиандар, қалғандары жергілікті діни нанымды ұстанады. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — Халық өкілдері ассамблеясы.

Читать полностью »

Бруней

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Калимантан аралында орналасқан және Малайзия территориясының 30 шақырымдық телімімен бөлінген екі дара аймақтан тұрады. Құрғақ жерде тек қана Малайзиямен ал суда Оңтүстік-Қытай теңізімен шектеседі. Батыс Бруней — қырлы жазықтармен, ал Шығыс Бруней Букит Пагонауданында 1841 метрге биіктенетін жағалық тегістікпен сипатталады.

Читать полностью »

Бразилия

Бразилия, Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км2. Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі.

Читать полностью »

Ботсвана

Ботсвана (Botswana), Ботсвана Республикасы — Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Жері — 600,4 мың км2. Халқы — 1,6 млн. (1997). Астанасы — Габороне (139 мың). Ресми тілдері — ағылшын, сетсвана тілдері. Тұрғындары христиан және жергілікті діни нанымдарын ұстанады. Байырғы халқы: тсвана, бушмен, бегуан, хереро, т.б. тайпалар. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық жиналыс.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Электронный адрес [email protected] / Сайт картасы