Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысы

«Ана тілі» газеті бұған дейін «Ұлы дала атаулары» айдары бойынша «жер жаннаты» атанған Жетісу өңірі, яғни Алматы облысы және кербез сұлу Көкшетауымен көз тартқан Ақмола облысы аумағындағы жер-су атауларымен таныстырған болатын. Ендігі кезек сұлу Жайығымен жалпақ жұртты тәнті еткен Батыс Қазақстан облысына келді. Ендеше, осы өңірдің жер-су атауларын зерттеп жүрген филология ғылымдарының кандидаты Ұлдай Ержанованың «Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі» (Орал: «Полиграф-Сервис» баспасы, 2001) атты еңбегіне сүйене отырып, жер-су атауларымен танысуды басталық.
1932 жылдың 20 ақпанында құрылған Батыс Қазақстан облысы 14 әкімшілік-аумақтық бөліктен тұрды. Кейіннен, яғни 1997 жылдың 1 маусымда ҚР Президенті Жарлығына сәйкес облыстың әкімшілік-аумақтық құрамы өзгеріп, облыс құрамында 12 аудан болды. Облыс орталығы – Орал қаласы.
Батыс Қазақстаннан бір кездері Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен болатын. Қаланың қазіргі атауы 1775 жылдан бері қолданылып келеді, Патша үкіметі Е.Пугачев бастаған көтерілісті қатыгездікпен басқаннан кейін, шаруа көтерілісі кезіндегі көріністерді халық жадынан жойып жіберу үшін ІІ Екатеринаның әмірімен Яик өзенінің атауы Орал болып өзгертіліп, ал Яицк қалашығы Орал атауына ие болды.

Читать полностью »

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы
Айболат айдын. Бұл – аудандағы көл атауы. Атау осы көлді жайлаған адамның есіміне байланысты қойылған. Айдын – аудандағы көл атауы. Айдын сөзі жалпытүркілік сипатқа ие. Белгілі түркітанушы А.М.Щербак «айдын» сөзінің этимологиясына төмендегідей анықтама береді: Айдын – айлы түн. Ай сәулесінің түнде су бетіне түсіп, шағылысқан жарығы су бетін жарқыратып, түбінде жатқан ай суретінің көрінісін беретіні осы топонимнің пайда болуына негіз болған.

Читать полностью »

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Айбаршағыл. Бұл – аудандағы ойпат пен елді мекен атауы. Шағыл термині Батыс Қазақстан топонимдері құрамында жиі кездеседі. Бұл географиялық термин Қазақстанның кең-байтақ өлкесінде түрлі мағынада айтылады.
Аққозы – аудандағы көл және елді мекен. Атау Қобыланды батырдың қол бастаған батырларының бірі, Алаша тайпасының барамық руынан шыққан Аққозы батырдың құрметіне қойылған. Барамық руының бір бөлімінің ұраны да Аққозы батырдың атымен аталады. Қобыландының баласы Бөкенбай қалмақтардан көлді тартып алып, оны батырға сыйлаған екен. Осы көл Аққозы деп аталған. Аққозы туралы деректер бізге Қоржын ақын арқылы жетті. «Қобыланды батыр» жырының Қоржын жырлаған нұсқасында беріледі:
Қияқтан шыққан бес батыр,
Қарақозы, Аққозы –
Қатардан асқан қос батыр.
Жырда кездесетін Аққозы, Қоскөл, Аққұм, Шыңғырлау топонимдері облыс аумағында әлі күнге өзгермей сақталған. Аққозы кеңшарының бір бөлімшесі «Қоржын» деп аталады. Осы жердегі үлкен төбені халық «Аққозы батырдың бейіті» деп көрсетеді.

Читать полностью »

Ұлы дала атаулары

Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Бұлдырты – аудандағы өзен және елді мекен атауы. Бұлдырты – облыс топожүйесіндегі көне атаулардың бірі. Бұл атау түркі моңғол тіл бірлестігі кезеңінен бері дәл осы күйінде қолданылып келе жатыр. Оны дәлелдейтін деректер VІІ ғасырда қазақ даласы арқылы бұлғарлардың жеріне өткен Араб халифатының елшісі әрі саяхатшысы Ахмет ибн Фадланың еңбегінде келтірілген.
Бұлан. Бұл – аудандағы елді мекен. Бұлан – аша тұяқты, бұғы тектес ірі аңның бірі. Тарихи деректерге сүйенсек, Қалдығайты өзенінің бойында бұландар көп болыпты. Тіпті өзен атауындағы «қандағай» сөзі де моңғол тілінде «бұлан» деген ұғымды білдіреді. Кейін бұлан атауы Байбақты руының бір бөлімінің аты ретінде қолданылған. Сонымен қатар бұл елді мекен атауы Байбақты руының ХVІІІ ғасырда өмір сүрген биі Бұлан Қарақұлұлының есіміне де байланысты болуы мүмкін. Бұлан Қарақұлұлы 1783-1797 жылдары С.Датұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысқан.
Сырымтөбе. Бұл – осы өңірдегі төбенің атауы. Ел ішінде «осы төбенің басына Сырым батыр шыққан» деген аңыз бар.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы