Интернет

Бүкіләлемдік тор WWW

Интернет – үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып табылады. Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына негізделген және сәйкесінше олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет сөзінің мағынасында оның ең танымал қызметтерінің біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі. Интернет желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол Web парақтар түрінде болады.

Читать полностью »

Компьютерлік желі түсінігі

Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің  және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға  және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.

Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.

Читать полностью »

ИНТЕРНЕТКЕ АРНАЛҒАН ВЕБ-БРАУЗЕР

Жалпы веб-браузерлердің қазір неше түрі бар. Олардың әрине өзіне тән ерекшеліктері, артықшылықтары да бар. Қазіргі заманда тіпті ұялы телефондарға арналған браузерлер де кең етек жайып келеді. Бірақ интернеттің осынау баяю жылдамдығына байланысты олардың мардымды сипат ала алмай отырған жайы бар. Себебі интернет желісіне қоыслған әрбір адам браузерге емес, интернеттің жылдамдығына аса көп назар аударады. Оған қоса интернеттен вмпус кіреді деп аз ғана килобайттарды тексеріске алып, интернет пайдаланушының шыдамын тауысады. Оған қоса браузерлердің өзінің қауіпсіздік шараларын қоспағандағы жағдайын шамалай беріңіз.

Менің жасаған веб-браузерім осы олқылықтарды жояды, яғни интернетпен өте жоғарғы жылдамдықиа болмаса да, бар жылдамдығыны пайдаланады. Себебі интернеттен келетін сценарийлерді тексермейді, компоненттерді автоматты түрде орнатады.

Читать полностью »

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ INTERNET-КЕ ШЫҒУ

Ұялы телефон арқылы Internet желісіне қосылу кезінде сіздің провайдеріңіз ұялы байланыс операторы болады және қосылым ақысы мен қосылым жылдамдығы тек соған тәуелді болады. Ұялы телефон арқылы Internet-ке қосылу үшін GPRS модемі орнатылған телефонның өзі (көптеген қазіргі заманғы ұялы телефонда GPRS модемі орнатылған); ұялы телефонды компьютерге қосу кабелі немесе Bluetooth бейімдеуіш (егер ұялы телефон осы технологияны қолдайтын болса); соған сәйкес бағдарламалық жасақтама (драйверлер мен қосымша бағдарламалар) қажет болады. Internet-ке қосылу баптаулары түрлі ұялы байланыс операторларында сәл өзгеше болады, сондықтан олар жөнінде тек оператордың өзінен – қолдау қызметінде не сайттан біле аласыз.

Читать полностью »

Е-ТӨЛЕМДЕР (INTERNET ДҮКЕНДЕРІ)

Internet желісінің қарқынды дамуы көптеген Internet дүкендерінің пайда болуына алып келді. Internet дүкен – тауарды не қызметті жарнамалайтын, сатып алуға тапсырыстарды қабылдайтын, пайдаланушыға есеп айырысу нұсқасын таңдауды ұсынатын интерактивті веб-сайт. Бұл жағдайда дүкеннің әкімшісі тауардың жекізілуін ұйымдастырып, сатып алушымен есеп айырысуды қадағалауға міндетті. Internet дүкендерінде пластикалық карта арқылы, банк немесе пошта аударымдары көмегімен немесе қолыңызда бар болса, электрондық ақшамен есеп айырысуға болады. Тауарлар немесе Internet қызметтері ақысын өтеудің недәуір қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі – сандық (электрондық) ақша – айналым барысы толық құпиялылықты қамтамасыз ететін, электрондық түрде ұсынылып, айналымда жүретін төлем құралдары болып табылады. Электрондық төлемдер жүйесі – кең мағынасында электрондық қатынас құралдары көмегімен есеп айрысу, келісім шарттар жасау және ақша аудару жүйесі.

Читать полностью »

GOOGLE, YANDEX, RAMBLER АҚПАРАТТЫҚ-ІЗДЕУ ПОРТАЛДАРЫ

Internet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып табу қиын. Бұндай жағдайда миллиардтаған веб-беттеріне қол жеткізуді оңайлатып қана қоймай, Сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпараттық-іздеу порталдары көмекке келеді. Ақпараттық-іздеу порталдары кілттік сөздер не сөйлемдер бойынша іздеу үшін берілген конфигурациялар кездесетін қор көздерінің мекен жайларын табуға мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпаратты: ауа райы мәліметтерін, соңғы жаңалықтарды, валюта бағамдарын, сілтемелерді және т.б. таба аласыз.

Читать полностью »

Е-MAIL, WWW, FTP МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ

Internet құрамына түрлі элементтер кіреді, соның ішінде WWW, электрондық пошта, файлдарды жеткізу қызметі және т.б.WWW бүкіләлемдік желісі (World Wide Web – «Бүкіләлемдік тор»), әдетте веб деп аталады, Internet жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web – бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы.Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін – мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі әдетте .htm болады.

Читать полностью »

2 страниц12



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Электронный адрес [email protected] / Сайт картасы