ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ INTERNET-КЕ ШЫҒУ


Скачать/Жүктеу

Ұялы телефон арқылы Internet желісіне қосылу кезінде сіздің провайдеріңіз ұялы байланыс операторы болады және қосылым ақысы мен қосылым жылдамдығы тек соған тәуелді болады. Ұялы телефон арқылы Internet-ке қосылу үшін GPRS модемі орнатылған телефонның өзі (көптеген қазіргі заманғы ұялы телефонда GPRS модемі орнатылған); ұялы телефонды компьютерге қосу кабелі немесе Bluetooth бейімдеуіш (егер ұялы телефон осы технологияны қолдайтын болса); соған сәйкес бағдарламалық жасақтама (драйверлер мен қосымша бағдарламалар) қажет болады. Internet-ке қосылу баптаулары түрлі ұялы байланыс операторларында сәл өзгеше болады, сондықтан олар жөнінде тек оператордың өзінен – қолдау қызметінде не сайттан біле аласыз.

Сайттарда олар көбінесе Internet-ке қосылу жөнінде толық ақпаратты ұсынады. Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының сайттары: www.k-mobile.kz, www.beeline.kz, www.activ.kz, www.kcell.kz, www.pathword.kz, www.dalacom.kz және т.б. Internet пен ұялы телефонды біріктірудің бір түрі – ұялы телефон мен Internet арасында SMS-хабарламаларын алмасу қызметі болып табылады. Internet-тен ұялы телефонға SMS-хабарлама жөнелту үшін арнайы сайттарды пайдалануға болады (мысалы, beeline және k-mobile ұялы байланыс телефон нөмірлеріне хабарлама жіберу үшін www.beeline.kz сайтын пайалану болады), сонымен қатар арнайы бағдарламаларды қолдана аласыз. Ондай бағдарламаларға кейбір IRC бағдарламалары жатады, мысалы үшін ICQ, mail.ru Agent, Skype, Windows Messenger және т.б. Кейбір жағдайда бұл қызмет ақысыз, бірақ көбінесе аздап төлеу керек болады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы