Е-ТӨЛЕМДЕР (INTERNET ДҮКЕНДЕРІ)


Скачать/Жүктеу

Internet желісінің қарқынды дамуы көптеген Internet дүкендерінің пайда болуына алып келді. Internet дүкен – тауарды не қызметті жарнамалайтын, сатып алуға тапсырыстарды қабылдайтын, пайдаланушыға есеп айырысу нұсқасын таңдауды ұсынатын интерактивті веб-сайт. Бұл жағдайда дүкеннің әкімшісі тауардың жекізілуін ұйымдастырып, сатып алушымен есеп айырысуды қадағалауға міндетті. Internet дүкендерінде пластикалық карта арқылы, банк немесе пошта аударымдары көмегімен немесе қолыңызда бар болса, электрондық ақшамен есеп айырысуға болады. Тауарлар немесе Internet қызметтері ақысын өтеудің недәуір қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі – сандық (электрондық) ақша – айналым барысы толық құпиялылықты қамтамасыз ететін, электрондық түрде ұсынылып, айналымда жүретін төлем құралдары болып табылады. Электрондық төлемдер жүйесі – кең мағынасында электрондық қатынас құралдары көмегімен есеп айрысу, келісім шарттар жасау және ақша аудару жүйесі.

Соңғы жылдары банктік пластикалық карталар нарығы қарқынды дамып келеді. Қазақстанда кеңінен тараған әрі ең танымал карталарға Visa, MasterCard/ Europay және т.б. жатқызуға болады. Пластикалық карталардың көптеген артықшылықтары бар, олардың ең бастысы – қалтаңызға ақша салып жүру қажеттігінің жоқ болуы. Электрондық төлемдер жүйелерінің қарқынды дамуына әлі де көптеген пайдаланушылардың электрондық ақшаларға деген сенімінің жоқтығы бөгет болып отыр.

Алайда, электрондық ақшаларды пайдалану аясының кеңеюі сөзсіз. Оған бір себеп – бұл ақшалардың ыңғайлылық, қаржылық операцияларды жүргізудің жоғары жылдамдығы, пайдаланудағы қарапайымдылық, төлемдерді толық қадағалау мүмкіндігі және олардың қауіпсіздігі, құпиялылық, басқа адамдарға беру мүмкіндігі сияқты даусыз артықшылықтары.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы