Ұялы телефон арқылы Internet желісіне қосылу кезінде сіздің провайдеріңіз ұялы байланыс операторы болады және қосылым ақысы мен қосылым жылдамдығы тек соған тәуелді болады. Ұялы телефон арқылы Internet-ке қосылу үшін GPRS модемі орнатылған телефонның өзі (көптеген қазіргі заманғы ұялы телефонда GPRS модемі орнатылған); ұялы телефонды компьютерге қосу кабелі немесе Bluetooth бейімдеуіш (егер ұялы телефон осы технологияны қолдайтын болса); соған сәйкес бағдарламалық жасақтама (драйверлер мен қосымша бағдарламалар) қажет болады. Internet-ке қосылу баптаулары түрлі ұялы байланыс операторларында сәл өзгеше болады, сондықтан олар жөнінде тек оператордың өзінен – қолдау қызметінде не сайттан біле аласыз.
Читать полностью »