Информатика

Компьютерлік торап дегеніміз не?

Сіздің компьютеріңіздің дискісі қанша үлкен және онда көп ақпарат сақталсада файлдар қажет болатын жағдай туады. Ең қарапайым тәсіл – оларды дискет арқылы көшіру. Ал егер файлдар үлкен болып, дискетке симаса? Ал егер олар көп болса? Мұндай проблеманы шешудің қарапайым варианты – компьютердің торапқа топтастырылып, оларды параллель немесе бір ізді тораптар арқылы қосып, және де арнайы программа көмегімен, мысалы, түзу кабельді жалғау арқылы мәліметтер беруін қамтамасыз етуге болады. Ол үшін қосатын кабельдер ғана қажет. Алайда, осылай қосылған жағдайда мәліметтер беру жылдамдығы төмен болады. Және осылай қосу тек бір бөлменің шеңберінде ғана болуы мүмкін. Егер де мәліметтермен әртүрлі бөлмелерде немесе бір мекеменің әр этажындағы орналасқан компьютерлерде алмасу үшін, компьютерді арнайы тораптық адаптерлер арқылы кабельдер көмегімен бір торапқа байланыстырады. Мұндай жағдайда мәліметтермен алмасу жылдамдығы едәуір жоғары болады.

Читать полностью »

Интернетке қосылу үшін не істеу керек?

Айтылып кеткендей интернетке қосылу үшін өзіңіздің қалаңызда немесе аймақтарыңызда жұмыс істейтін провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Келісімге отырып провайдер қойған бағамен ақшасын төлегеннен кейін, сіз өзіңізге керекті деректі аласыз: қолданушының аты, пароль, телефон номері, файл – сценарияй және т.б. Сонымен қатар провайдер торабына қосылудың инструкциясын аласыз. Осыдан кейін барып модемді қойып, оның жұмысының параметрін баптайсыз. Егер де сізде модем болмаса оны сатып алу үшін провайдердің мамандарынан кеңес алуыңыз керек. Сіз провайдерде бар модемді пайдалансаңыз жақсы сапа ала аласыз. Мысалы, егер де провайдерде ІДС типіндегі модем тұрса, сізге де сол типтегі модемді алуға кеңес береді.

Читать полностью »

Интернет құрылысы

Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.

Читать полностью »

Іnternet ұғымы

Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез-келген компьютерді жер щарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде “сөйлейді” деп  айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің  жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет  торабы көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

TCP/ІP – Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтердібір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

Читать полностью »

Интернет

Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің  ARPnet  тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects  Agency net)  эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet  моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап  сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, бомбылағанда, кабелді кескенде.  Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады.

Бұл шешімдер негізінен тораптың қолайлығы күмәнді болуы мүмкін, алайда тарих дәлелдегендей бұл дұрыс қадам. Белгілі бағдарламадан кейін ыңғайлы торап. (Бұл интернет негізін қалады.)  Ғалымдар, оқытушылар және басқа мамандар Іnternet-ке кіре отырып, оның лайықты мүмкіндіктерін бағалады. Нәтижесінде тораптарға сұраныс бірден өсті. Стандарттаудың халықаралық ұйымы есептеуіш тораптарға байланысты  көп жылдар бойы жұмыс істеді. Іnternet  программасын шығарушылары, яғни АҚШ, Ұлыбритания ғалымдары ІP программасымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл әртүрлі фирмалар  шығаратын компьютерлерге дұрыс шешім болды. Бұл тұтынушылардың  өзіне қолайлы компьютер алуға тиімді болды.

Бұндай  жағдай негізінде үкімет пен  университеттерді қызықтырды. Өйткені бұған дейін олар компьютерлерді бір ғана сатушыдан талап ету құқықтары жоқ еді.  Интернет пайда болған кезде локальды есептеу Ethernet технологиясы ЛАС пайда болды. 1983  жылға дейін  дамытылды. Ал столды жұмыс станциялары пайда болған кезде  локальды торапта шынайы өзгерістер орын алды.  Жұмыс станциялардың көбісі  UNІX операциялары тораптарымен және  ІP   жұмыс жасады. Сұраныс күннен күнге көбейіп жатыр. Интернетке көптеген колледждер қосылды, енді ойда орта мектептер және кітапхананы қосу бар. Колледж бітіргендер интернет пайдасын білгендіктен  өздері жұмыс істейтін фирмаларда  Интернетке қосылуды өз басшыларын көндіруде. Бұның барлығы тораптың көп өсуіне, прогресті  технологиялар, жаңа проблемалар пайда болды.  Кейбір адамдар үйлеріндеде қоса бастады.

Интернет арнайы компьютерге айнала отырып, эксперт қолында ойыншықтан жұмыс құралына  айналды. Интернет тораптарының  тез орындауы және қолайлылығы  өз иелерін таба бастады. Жаңа қорларға, жоғарғы сапалы интернетке сұраныс өсе түсті.

Интернетті пайдаланатындардың барлығы- тек бір нәрсені ғана іздейді.  Ол – ақпарат.  Оның негізгіқайнар көздері адам және машина.  Интернет арқылы өзің сияқты адамдармен танысыуға болады.

Интернет тораптарын потенциальды пайдаланатындар деп:

-         ғылым және оқу жобаларын іске асыратын оқытушы;

-         құқық мамандарымен өз қолындағы ісін талқылауға арнаған адвокат;

-         ата-аналары нағыз музыканы түсінбейтін 8-сынып оқушысы өз құрбыларын іздеу үстінде, тағы сол сияқтыны айтады.

Бұл жағдайда Іnternet  бір қайықта жүзіп, келе жатқан

басқалармен де танысуға мүмкіндік береді. Іnternet –тен электронды конференцияны табуға болады.

Сонымен қатар есептеуіш қорларына кіруіне қамтамасыз етеді. Оқытушы компьютермен НАСА арқылы космос программасынан ақпарат алуға  болады. Және де өткенді, қазіргіні, болашақтағы космос төңірегіндегі ғылымнан толық ақпарат береді. Библия, Құран, Тору қасиетті кітаптарынан  қажетті цитаттарды алу  мүмкіндігі толық бар. Бұл прогресте  сіз өз ережелеріңізбен ойлайсыз.

РНР WEB бағдарламалау тілі, жалпы түсінік

РНР-бұл Web –серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және HTML-дің көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда, РНР ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНР Windows NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache –дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі болмайды.

Читать полностью »

Бүкіләлемдік тор WWW

Интернет – үлкен және кіші компютерлік желілердің бірігуі ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызметі болып табылады. Бұл қызметтер ақпарат алмасудың әр түрлі хаттамаларына негізделген және сәйкесінше олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі бағдарламалық жабдықтаулар пайдаланылады. Интернет сөзінің мағынасында оның ең танымал қызметтерінің біреуі World Wide Web пен түсіндіріледі. Интернет желісіндегі ақпарат осы қызметтің форматында орындалса, онда ол Web парақтар түрінде болады.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы