Компьютерлік торап дегеніміз не?


Скачать/Жүктеу

Сіздің компьютеріңіздің дискісі қанша үлкен және онда көп ақпарат сақталсада файлдар қажет болатын жағдай туады. Ең қарапайым тәсіл – оларды дискет арқылы көшіру. Ал егер файлдар үлкен болып, дискетке симаса? Ал егер олар көп болса? Мұндай проблеманы шешудің қарапайым варианты – компьютердің торапқа топтастырылып, оларды параллель немесе бір ізді тораптар арқылы қосып, және де арнайы программа көмегімен, мысалы, түзу кабельді жалғау арқылы мәліметтер беруін қамтамасыз етуге болады. Ол үшін қосатын кабельдер ғана қажет. Алайда, осылай қосылған жағдайда мәліметтер беру жылдамдығы төмен болады. Және осылай қосу тек бір бөлменің шеңберінде ғана болуы мүмкін. Егер де мәліметтермен әртүрлі бөлмелерде немесе бір мекеменің әр этажындағы орналасқан компьютерлерде алмасу үшін, компьютерді арнайы тораптық адаптерлер арқылы кабельдер көмегімен бір торапқа байланыстырады. Мұндай жағдайда мәліметтермен алмасу жылдамдығы едәуір жоғары болады. Компьютерлерді біріктіре отырып, компьютерлік торап олардың ақпарат пен қорларын бірыңғай қолдануын қамтамасыз етеді. Ақпарат – бұл дискіде орналасқан файлдардағы берілгендер және бағдарламалар, ал  қорлар — қатты дискеттер, принтерлер, модемдер және басқа да  құрылымдар.

Компьютерлік тораптың екі түрі бар: бөлінген серверлі торап немесе көпрангілік және біррангілік тораптар.

Көпрангілік торапта бір немесе бірнеше компьютерлер болады, олар сервер деп аталады. Тораптық  операциялық    жүйе басқаруымен жұмыс істейді және өзінің үлкен дисклерінде ондаған мың файлдарды сақтайды.  Сонымен қатар, оларға принтерлер қосылған. Торапта компьютерлер жұмыс істейтін станцияны клиент деп атайды. Олардың әрқайсысы серверлерге жолы  ашық және программа мен мәліметтерді пайдалануға тораптық принтерлерде басып шығару мүмкіндікткері болады. Бірнеше пайдаланушы бір мезетте мәліметтердің базасымен жұмыс істеп, файлдарды редакциялау, арнайы тораптық программаларды пайдалануға болады. Тораптардың осындай түрі үлкен көлемдегі  ақпарат сақталатын ірі организациялар мен  фирмаларда қолданылады.

Біррангілік торапта әр компьютерде жұмыс станциясы да, сервер де болып жұмыс істей алады. Осындай тораптағы әр компьютер осы тораптың  басқа компьютерлеріне кіре алады. Оның дискеттерінде файлдарды сақтайды және оқиды. Ал жерде орналасқан программаларды іске қосуға, қосылған принтерде басуға мүмкіндік бар. Біррангілік тораптар кішігірім мекемелер мен офистерде қолданылады.

Компьютерлік тораптар бір мекемеде немесе бір организацияда орналасқан компьютерлерді байланыстырады. Байланыстың қысқа толқындары ақпаратты коаксиальді кабельдер және оптикалық жарықшақ арқылы жіберуге мүмкіндік береді. Мұндай тораптар сауда фирмаларында, банктерде, оқу орындарында қолданылады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы