Деректер жиынының өрістері


Скачать/Жүктеу

Деректер жиынының өрістері деп кестенің бағандарының атауларын айтуға болады. TdataSet компоненті бағанның нөмірі, мәні бойынша немесе атауы бойынша жазуларды басқаруға көмектеседі. Ол үшін Fields, FieldByName, FieldValues қасиеттерін қолдануға болады.

Мысалы: Label1 компонентіне Query1 компоненті арқылы құрылған сұраныс нәтижесіндегі бірінші баған жазуын шығару керек болса, мына әдістердің бірін қолданады:

Label1.Caption:=Query1.Fields[1].asstring; 1-ші бағанның мәндерін Label1-ге шығарады;

Label1.Caption:=Query1.FieldByName(‘FIO’).asstring; FIO атрибутының мәнін Label1-ге шығарады;

Label1.Caption:=Query1.FieldValue(‘Петров В.И.’).asstring; Сұраныстан Петров В.И. мәнін тауып, Label1-ге шығарады;

Атрибуттардың типтерін анықтау керек болса, Cfield.FieldKind қасиетін, атрибут атауын экранға жөндемейтіндей режимде шығару керек болса, DisplayName қасиетін, атрибут атауын экранға жөнделетіндей режимде шығару керек болса DisplayLabel қасиетін, атрибуттың мәнін шығару керек болса, DisplayText қасиетін, атрибуттың типін анықтап көрсету керек болса, DataType қасиетін, атрибуттың кестедегі реттік нөмірін анықтау керек болса, FieldNo қасиетін, атрибуттың жөндеуге жататынын, жатпайтынын анықтау керек болса, CanModify қасиетін қолданады.

Cfield.FieldKind қасиеті келесі мәндерді қабылдайды:

fkData – атрибуттың кестеде сақталғандығын білдіреді

fkCalculated – атрибуттың есептелетін екендігін білдіреді

fkLookUp – атрибуттың іздеу өрісі екендігін  білдіреді

fkInternalCalc – есептелетін және есептеу нәтижесінің кестеде сақталатындығын білдіреді

fkAggregate – аггрегаттылығын білдіреді.

Мысалы: Cfield айнымалысы бар болсын, оған ListBox1 компонентіне шақырылған Query1 компоненті арқылы құрылған сұраныстағы атрибуттар тізімі шақырылсыняғни былай деп жазамыз:

Cfield:=Form1.Query1.FieldByName(ListBox1. Items[ListBox1.ItemIndex]);

Енді осы Cfield айнымалысына меншіктелген атрибуттың атауы ListBox2-де экранға шығарылуы керек болса:

ListBox2.Items.add(‘атрибут атауы-’+Cfield.DisplayName) деп жазамыз.

Ал осы таңдал,ан атрибуттың атауы анықталған соң, мәнін көру керек болса:

ListBox2.Items.add(‘атрибут мәні-’+Cfield.DisplayText) деп жазамыз.

Таңдалған атрибуттың әрқайсысының кестеде қай типпен сақталғандығын анықтау керек болса FieldKind  қасиеті үшін таңдау операторын қолданады:

CASE CField.FieldKind of

fkData: FKind:=’ атрибут кестеде сақталған’;

fkCalculated: FKind:=’Атрибут есептелетін’;

fkLookUp: FKind:=’Іздеу атрибуты’;

fkInternalCalc: FKind:=’есептелетін, нәтижесі кестеде сақталатын’;

fkAggregate: FKind:=’аггрегатты атрибут’;

else

FKind:=’ешбір типке жатпайды’;

Егер таңдалған атрибуттың типін анықтап алған соң, сол типті шығару керек болса,

ListBox2.Items.Add(‘Атрибут типі — ‘+FieldTypeNames[CField.DataType]);

деп жазады, ал сол типтің ұзындығын анықтап көрсету керек болса,

ListBox2.Items.Add(‘Размер (байт) -’+IntToStr(CField.DataSize));

деп жазады. Сол атрибуттың кестеде нешінші болып орналасқанын анықтап көрсету керек болса,

ListBox2.Items.Add(‘Номер -’+ IntToStr(CField.FieldNo)); деп жазады.

Егер таңдалған атрибутты жөндеуге болатынын, болмайтынын анықтау керек болса,

if CField.CanModify then

ListBox2.Items.Add(‘жөнделеді’) else

ListBox2.Items.Add(‘жөнделмейді’); деп жазады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы