Скачать/Жүктеу
Internet желісінде адасып қалмау үшін шолғыш – браузер деп аталатын арнайы бағдарлама қажет. Браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін Сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, Internet қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows амалдық жүйесінің құрамына Internet Explorer браузері кіреді. Internet Explorer қазақ тілді нұсқасы Web-беттерді әзірлеушілер жасайтын ақпаратты дыбыстық және бейне сүйемелдеу сияқты түрлі мүмкіндіктерді қолдайды. Microsoft Internet Explorer-мен жұмысты бастау үшін жұмыс үстелінен шолғыш белгішесін тауып, оны нұқыңыз. Өзіндік бе ашылады. Пайдаланушы өзіне ұнаған веб-бетін өзіндік бет ретінде орната алады.
Жоғарғы жақта ашылатын мәзірі бар үстел орналасқан (1). Одан сәл төменіректе навигациялық және басқа да батырмалары бар құралдар үстелі (2). Одан кейін – Өту батырмасы бар мекенжай жолағы (веб-бетінің URL-ін енгізуге арналған орын) және сілтемелер үстелі орналасқан (3).
Интернетте қызықты сайттар жиі кездеседі. Олардың мекенжайын Таңдаулы үстелінің көмегімен есте сақтап қалуға болады. Бұл үшін сәйкесінше Таңдаулы батырмасын шерту арқылы үстелді іске қосамыз да, соңғы сайтты таңдаулылар тізіміне Үстеу батырмасын шерту арқылы қосамыз Журнал – сіздің Internet-те жасаған саяхатыңыздың барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Internet Explorer Сіздің Internet-те жасаған әрбір қадамыңызды өз бетімен тіркеп отырады. Сіз кіріп-шыққан әрбір веб-торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар Журнал қалтасында сақталып тұрады. Ол қалтаны шақырудың ең оңай тәсілі – шолғыштың жоғарғы үстеліндегі Журнал батырмасын басу.
Internet Explorer бағдарламасының Өзіндік батырмасы Сіздің өзіндік бетіңізге өтуге мүмкіндік береді. Ашылған бетті Internet Explorer-де сақтау үшін Файл мәзірінің Басқаша сақтау әмірін орындап, ашылған сұхбат терезесінде сақтау үшін қалтаны көрсетіп, қажет болса, файлға атау беріңіз де, Сақтау батырмасын басыңыз. Беттегі ұнаған суретті сақтау үшін, сол суретті тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту арқылы бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірден Суретті басқаша сақтау тармағын шерту керек. Содан кейін сақтайтын қалтаны көрсету керек.