HTML құжатында графиканы қолдану


Скачать/Жүктеу

Суреттік бейнелер  WEB-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды құралдар ролін атқарады. Суреттердің өздері  құжаттан бөлек орналасқан және файлда сақталады.

Алайда олар брозер арқылы WEB-парақтардардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережесін былай деуге болады:

  1. Суреттерді құжаттың ішіне орналастыру үшін <IMG…>  , яғни жабылмайтын жалқы тегт қолданылады.
  2. Бұл тегте міндетті түрде SRC=»…» атрибуты болуы керек. Оның мәні абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді.  Және ол <IMG…>  тегі тұрған орнына көрінеді.

Мысалы: <IMG SRC=fish.jpg.»> экранға fish.jpg файлдағы балық суретін шығарады.

Ескерту:  Қазіргі кездегі броузерлер тек ғана gif, jpg , png типтеріндегі суреттік файлдарды  ғана пайдаланады.

  1. Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып WEB-парағына орналасады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу  кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін widh , height атрибуттарының көмегімен беруге болады. Осы 2 атрибуттың мәні WEB-парақтағы суреттердің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен көрсетеді.

Мысалы: <IMG SRC= »fish.jpg »> width 500 height=250> суретті 500×250 нүктелерден тұратын төртбұрышты аймаққа орналастырады. Сурет айналасындағы жақтау (border) сызығының қалыңдығын да параметр ретінде көрсетуге болады.

Border=пиксельдер саны. Жақтау мен әдемілік үшін ғана емес, суретті <A> тегінің ішінде гиперсілтеме ретінде пайдаланғанда, ол бір рет шертілген соң жақтау сызығының түсі өзгеріп , оның қолданылғаны белгілі болып табылады. Егер гиперсілтеме ретінде суретті пайдалануда бір мысал келтірейік.

<HTML>

<BODY>

<A HREF=»dog.html»><IMG SRC=»dog.gif» width=87 height=100 BORDER=2> </A>

</BODY>

</HTML>

Бұл жолдар гиперсілтеме ретінде шағын ит суретін шығарады, оны шерту иттер туралы мәліметке ауысуды орындайды. Құжаттардағы суреттерді бейнелегенде, оның орындала бермейтін  бірсыпыра ерекшеліктері бар екенін айта кеткен жөн

  1. Шығарылатын WEB-парақ суреттері көрсетуге қажетті мүмкіндігі жоқ броузерлер арқылы  да шығарыла береді.
  2. Көбінесе қолданушылар құжатты желі арқылы тез қабылдау үшін суреттерді бейнелейтін команданы алып тастайды.
  3. Бұл екі жағдайда суретті көре алмағанның өзінде, суретте не бейнеленетінін білген болар еді. Бұл мақсат үшін суретті сипаттайтын қосымша мәтіндерді қолданады.
  4. Қосымша мәтін суреттің мүмкіндігінше толық мәтін түрінде сипатталады. Егер қандайда болсын себептерге байланысты броузер суретті көрсете алмаса, ол суреттің орнына сипатта ретінде қосымша мәтін беріледі.

Мысалы:

<HTML>

<BODY>

<IMG SRC= “ нан.gif ” alt= “ нан суреті ”>

< /BODY >

< /HTML >

Бұл жолдар сурет шықпаған жағдайда , сол сурет орнынан тышқан курсорын алып барғанда, —нан суреті- деген сөз шығып суреттер маңына оған түсінік беретін мәтін жазылғанда, оны суретке байланысты жоғары немесе жылжытатын мүмкіндіктер және суретті беттің сол немесе оң жақ шетіне жылжыту —атрибуты арқылы беріледі. Оны туралау атрибуттары деп аталады.

Олар:   align=» bottom»- мәтін суреттердің төменгі жағында.

align=» lest»- мәтін суреттердің сол жағында.

align=» middle»- мәтін суреттердің ортасында.

align=» top»- мәтін суреттердің жоғарғы жағында.

align=» right»- мәтін суреттердің оң жағында.


Скачать/Жүктеу

Комментарии отключены.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы