МҚ көмегімен қосымша құру әдістері


Скачать/Жүктеу

Қалыпқа DataSource, Query, DBGrid, Button1,2  компоненттерін орналастырып, қасиеттерін тағайындаймыз.

DataSource  — DataSet  - Query1

Query – DataBaseName –Tutorial

ReguestLive – true

Sql  - string -  select * from student

DBGrid – Datasource – DataSource1

Active – true

Осы кезде диалогтық терезе шығады. Онда МҚ атауы Tutorial, қолданушы атауы student деп көрсетіліп, пароль сұрайды, оған парольді енгізіп, ОК.

Сұранысты активтендірмей: Active – False, мына қасиеттерді тағайындайық:

Form1 - Caption  - Студенттер туралы анықтама

Position  - poScreenCenter

Button1 - Caption  - Сұранысты іске қосу

Button2 - Caption  - Шығу

Button1Click оқиғасына мына кодты жазсақ:

Query1.Active:=true; немесе бұл жоолдың орнына мына команданы жазуға да болады: Query1.Open

Button1.Enabled:=false;

Бұл командалар Сұранысты іске қосу пернесін шерткенде сұраныстың жазуларын активтендіріп, Button1 пернесін пассив етеді.

Button1Click оқиғасына мына кодты жазсақ:

If Query1.Active then Query1.Close;

Application.Terminate;

Бұл командалар егер сұраныс алдын ала ашық тұрған болса, Button1-ді  шерткенде кестені активтендірмейді.

Егер студенттердің туған мерзімін енгізу кезінде жылдың 4 цифры да көрінуі керек болса, ShortDateFormat глобальды айнымалысын жариялап, OnCreate оқиғасына мына кодты жазамыз:

ShortDateFormat:=’dd.mm.yyy’;

Delphi объектіге-бағытталған орта болғандықтан МҚ-на рұқсат алу үшін BDE қатпарындағы TSession, TdataBase компоненттерін де қолдануға болады.

TSession компоненті келесі жағдайда тиімді:

- егер құрылатын қосымша бірмезгілде бірнеше сұраныспен жұмыс істейтін болса, Әр сұраныс жеке сессия түрінде орындалуы керек болса.

- Көпағынды қосымша құру кезінде. Ондағы әр ағын жеке Tsession компонентін қажет ететін болады.

TdataBase компоненті МҚ байланысын басқарады. Қосымшада бірнеше сессия болады, олардың әрқайсысы өз МҚ-мен байланысады.

Бұл екі компонент тек қана МҚ-мен байланысты орындаса, негізгі жұмысты осы кластардың мұрагерлері: TBDEDataSet, TDBDataSet атқарады.  DataAccess қатпарынан Ttable, Tquery, TstoredProc компоненттері сұранысқа жазылатын мәліметтер жинағына рұқсат береді.

МҚ-ғы мәліметтерді басқару үшін сұраныстардың 2 түрі қолданылады:

1. Мәліметтерді қайтаратын сұраныстар. Таңдау сұранысы. (Open әдісімен орындалады)

2. Мәліметтерді қайтармайтын сұраныстар. Олар деректерді өзгертуші сұраныстар деп аталады. (ExecSql әдісімен орындалады)

TstoredProc компоненті серверде сақталатын процедураларды орындайды, процедура да мәліметтерді қайтаратын, қайтармайтын болып 2-ге бөлінеді. Мәліметтерді қайтаратын TstoredProc.Open, мәліметтерді қайтармайтын ExecProc әдісімен орындалады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы