Скачать/Жүктеу
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Өз қаражатыңызды және несиелеріңізді басқару үшін Қазақстанның банк жүйесінде Internet-банкинг қызметі бар. Интернет-банкинг жүйесінің мәні клиенттің өз есеп шоттарын жылдам қатынау және банкке бармай-ақ ақпарат алып, төлемдерді жүргізу мүмкіндігінде.Мысалы, «ТұранӘлемБанкі» порталы (www.my.bta.kz) аясында осы банктің салымшылары кең көлемді ақпараттық және қаржылық қызметтерді пайдалана алады, оның ішінде: · ақша аударымдарын өз бетімен жүргізу – картадан картаға (жеке меншік карталар арасында);
картадан «Инновациялық» депозитіне (Қаржы > Депозиттер бөлімі); телефон байланысы ақысын өтеу – (Қазақтелеком, Ducat), ұялы байланыс K’Cell, K-Mobile, Dalacom, кабелдік және сандық телевизия Алма-ТВ, ICON, Digital TV, Секател, коммуналдық провайдерлер ИВЦ, АЛСЕКО, INSEL аударма компаниясы, автокөліктерді эвакуациялау, Activ, Pathword, Beeline, i-Card+, Юрист скрэтч-карталарын сатып алу және т.б.; · өзінің барлық шоттарының хал-күйін, несиелері мен жинақ салымдарының шарттары мен жағдайын, төлемдер мен аударымдардың уақытылы жүргізілуін, ЖЗҚ зейнетақы салымдарын, GO!Card-қа бонустар түсуін және т.б. қадағалау; · «Инновациялық» депозитін ашу (Қаржы >Амалдар > Депозиттер); · үлестік инвестициялық қорларға қаражат салу (Қаржы >Амалдар > Инвестициялар); · сыйлық жинақтарына, суреттерге, гүлдерге, сақтандыру полисіне тапсырыс беру; · тегін жеткізілетін мерзімдік басылымдарға жазылу (Forbes, Harvard Business Review, Эксперт, Эксперт-Қазақстан, Капитал.kz, The Kazakhstan Monitor және т.б.); · есеп шоттарыңыздағы қалдық қаражат жағдайы жөнінде ақпарат алу және т.б.