Мәліметтер қоры серверлері


Скачать/Жүктеу

Мұндай МҚ бір немесе бірнеше компьютерлерде орналасады. МҚ серверлері бір бірінен ақпаратты сақтау әдістерімен ерекшеленеді, бірақ барлығы бірігіп SQL- өқұрылымды сұраныстар тілін қолдану арқылы өзара байланыстарды орнатады. Осы қасиетіне қарап МҚ-мен жұмыс істейтін барлық серверлерді SQL-серверлер дейді. Бұл серверлерге қосылатын қосымшалар көпднңгейлі деп аталады, себебі ондай қосымшалар әртүрлі жүйелерде жұмыс істей береді. SQL-срверлердің көпшілігі SQL-командаларды және басқа да қосымша қызметтерді орындайды. Сондықтан әр сервердің өз диалекті болады.

SQL тілі локальды МҚ-мен де жұмыс істейді, бірақ SQL-серверлермен салыстырғанда жұмысы баяу болады, себебі SQL-серверлер SQL-командаларды талдап, тиімді етіп орындайды, ал локальды базада ол жоқ. Сондықтан қосымшалар құрған кезде Paradox, dBase, FoxPro МҚБЖ-н тек басқа қолдануға тұрарлық программа жоқ болғанда ғана қолданады.

SQL-серверлерге жататын программалар: InterBase, Oracle, SyBase, Informix, MS SQL Server, DB2.

МҚ типін таңдағанда келесі факторларды ескеру қажет:

- МҚ-на бірмезгілде қосылатын қолданушылар саны. SQL-серверлер бірмезгілде көпқолданушылықты ұйымдастырады және транзакция механизмімен жұмыс істейді. Ал локальды МҚ файлдық жүйенің қолданылуына негізделген блоктау механизмімен жұмыс істейді. Егер осыны ескерсек, локальды базаны аз қолданушылық режимде таңдайды.

- Сақталатын деректер көлемі. SQL-серверлер көп деректерді сақтай алады, себебі локальды МҚ-да бір базадағы кестелер саны 10000-нан аса бастаса кедергілер туындайды.

- Администраторлық қызметтерді қолдану қажеттілігі. Локальды МҚ-да SQL-серверге қарағанда ресурстар аз қолданылады және оларды басқару жеңіл. Ал SQL-серверде МҚ-н администрациялау үшін көп ресурс керек.

- Сенімді қауіпсіздіктің қажеттілігі. МҚ көп жағдайда конфиденциальды ақпараттан тұрады, локальды МҚ-да қауіпсіздік тек қана бір кесте немесе атрибут деңгейінде орнатылса, SQL-серверде МҚ-н тұтасымен қорғау мүмкіндігі бар.

Сонымен локальды МҚ келесі талаптарға сай қолданылады:

- МҚ кестелерінде жазулар саны 10000-нан жоғары болмаса.

- МҚ-н қолданатын қолданушылар саны аз болса.

- Күрделі администраторлық, қорғау қызметтері қажет болмаса.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы