ҚАЗАҚСТАНҒА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫ ТАРТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ


Скачать/Жүктеу

Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды. 1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы. Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы     игерілген     тікелей     шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі кредит рейтингі берілген. Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады. Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы «Шеврон» корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында «Эксон Мобил», «Шелл», «Эни», «ШевронТексако», «Тоталь», «Бритиш петролеум», «Лукойл», Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды. Соңғы 30 жылда қоры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты. Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады.
Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады. [1].
Қазақстан экономикасы мембюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды. Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі. Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны тарту жөнінде қолайлы ахуал қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай және ілеспе газ өндіру, қара және түсті металлургия секілді салаларға тікелей шетелдік инвестициялар 2009 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды. [2].
Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі нәтижесінде қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай-газ өндіруде — 10,9 пайызға, металлургиялық, рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 пайызға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:
1.  Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1999 жылдан 2009 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады.
2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.
3.  Әлемдік рынокка шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді. Алдағы он жылда Қазақстан еліміздегі ең ірі көмірсутекті кеніштерді игеруге жалпы көлемі 30 миллиард доллар инвестиция тартатын болады. [3]. Аталған мерзім аралығында ел экономикасы 3,5 есе өседі. Лондонда өткен «Қазақстан – болашаққа жол» атты халықаралық конференцияда Қазақстан Президенті осындай мәлімдеме жасады. Қазір Қазақстан экономикасына тікелей тартылған шетелдік инвестиция көлемі 50 миллиард шамасында болып отыр. Бұл Орталық Азия аймағына келіп жатқан инвестицияның 80 пайыздан астамы. Алдағы он жылда мұнай, газ, басқа да табиғат байлығы салаларын игеруге тағы 30 миллиард доллар жұмсалмақ. Ал өндірісті дамытуға арналған ішкі инвестиция көлемі 20 миллиард доллар шамасында болып отыр. Қазақстан өз кезегінде мұнай, газ және басқа шикізат ресурстарына баламалы экономика саласын барынша дамытуды көздеп отыр. Бұл – нақты айтқанда, бірқатар көрсеткіштерге жетудің көзі ғана емес, экономиканы жүйелі дамыту үшін өндірістік құндылықтарды арттыру деген сөз. Біздің жаңа стратегиялық мақсатымыз – өндірісті, аграрлық саланы және экономиканың ғылыми-техникалық саласын дамытуға арналады. Қазір Қазақстан өзінің инвестициялық жағдайын жақсарту жолында жұмыс істеуде.

Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті”. Біз үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әрбір қадамнан қорытынды шығаратын, сол арқылы алдағы міндеттерді нақтылайтын кез келді. Бұл тұрғыда елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға қолайлы ахуал, яғни саяси тұрақтылық қалыптастыру қажеттігін, шетелдік инвестициялар салу үшін құқықтық нормативтік базаның болуын, инвесторларға жеңілдіктер берілуін, олардың жұмыс істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға болады. Геосаяси тұрғыдан Орталық Азия өңірі сілкіністер мен жарылыстарға жақын тұрған өңір ретінде сипатталатыны белгілі. Солай болса-дағы Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі соңғы уақытта екі есеге дейін ұлғайған. Мұның өзі әлемдік қоғамдастықтың Қазақстандағы тұрақтылық пен оның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалайтынын көрсетеді. Соңғы он жылда республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен жаңа арналарының ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып отыр. [4]

Шетелдік инвестицияны тартудың проблемалары мыналар: елімізге қосымша инвестициялар тартуда, жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек, қолдау қажет екені анық. Бізде экономикалық белсенді халық саны әлі де болса шектеулі екені белгілі. Екінші жағынан, бүгінде елде өндірістің өсу қарқыны жоғары. Мұның өзі мемлекетке оның әр түрлі салалары бойынша кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар әзірлеуді күн тәртібінен түсірмеуді жүктейді. Бұл ретте шетелдің озық тәжірибелерінен үйренгеннің ешқандай жаттығы болмаса керек. Елбасы ойы бізге осы қағиданы меңзейді. Республикамызда қолға алынған индустриялық-инновациялық жүйе де бірінші кезекте білікті кадрларға деген сұранысты туғызады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.     Е.А.Карымсаков Привличение иностранных инвестиций в условиях глобализации: стратегия и механизмы регулирования. Автореферат – Караганды,2003.- 8бет.

2.     Сагындикова С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогноз инвестиционных процессов в экономике. Алматы: Ғылым, 1994. – 168 бет.

3.     Социология перестройки. – Москва: Наука, 1990.- 23 бет.

4.     Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Статистикалық жинақ // ҚР статистика жөніндегі агенттігі. – Алматы, 2005. – 9 бет.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы