Сауданың өсуіне байланысты, қызметтермен: ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржылық-несиелік сипаттағы қызметтермен айырбас та бірден өсіп отыр. Машиналар және жабдықтарды белсенді сату инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпараттық-есептеу қызметі сияқты жаңа қызмет түрлерін дүниеге әкелді. Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларға сүйене отырып, көптеген қызмет түрлері ұлттық шектен асып кетті. Ғаламдық нарық ықпалдасуда. Бұл процеске қуатты сілкіністі 90 ж. ортасынан бастап интернет және ақпарат таратудың басқа желілік жүйелері тудырып отыр. Әлемдік саудадағы қызмет экспортының көлемі 1997ж. қарай 410 млрд. долларға дейін артып, тауар экспорты құнының 14 жақындап отыр. Динамикасы бойынша және сыртқы сауда саласында іскерлік қызмет топтары алдыңғы қатарда болып отыр: дамыған елдерден қызмет экспортындағы олардың үлесі 44 %-ке дейін өскен.
Читать полностью»