Скачать/Жүктеу
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру негіз бола алады.
Ғалымдар мен мамандардың көпшілігі жиі қайталанып жатқан экономикалық дағдарыстар себептерін экономиканы басқару модельдерінен іздейді. Осыған орай, анағұрлым қолайлы басқару құралдарын анықтау мақсатында экономикалық модельдердің батыстық, исламдық және басқа да түрлерін зерттейді.
Ұлттық экономиканы басқару үшін жекелеген елдердің үкіметтері әлемдік тәжірибеден негізінен екі үлгіні қолданатындығын көруге болады. Олардың біріншісі — басқарудың монетарлық үлгісі, ал екіншісі — өндірістік үдерістер технологиясымен басқару үлгісі. Шын мәнінде, бұл үлгілер бір экономикалық жүйенің екі жағы тәрізді, экономиканы басқарудың өзара толықтырушы құралдары болып табылады. Кезінде олардың арасындағы байланыстар өндірістің капиталистік және социалистік тәсілдері дамуының идеологиялық себептері бойынша ажырап қалған болатын. Басқарудың ұштасқан екі үлгісінің арасындағы ажырап қалған байланысты қалпына келтіру арқылы әлем елдерінің көпшілігінде қолайлы экономикалық басқарудың сапалы жаңа технологиясы құрылуы мүмкін.
Басқарудың аталған негізгі екі түрін талдау нәтижесінде бірінші үлгінің жеке секторды дамытуға негізделіп, нарықтық әдістермен басқарылғандығын, ал екіншісінің – экономиканың мемлекеттік секторын дамытуға негізделіп, жоспарлық әдістермен басқарылғандығы көрінеді. Бұл жалпы жүйелік айырмашылықтар салдарының нәтижесінде көптеген батыс елдерінің мемлекеттік басқаруларында қаржы ағындары арқылы реттелетін экономиканы басқару тәжірибесі қалыптасты, ал бұрынғы КСРО-да тауар ағындары арқылы реттелетін экономикалық дамудың үлгісі басым қолданылды [1, б.5].
ҚР егемендігін алысымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен ұлттық экономиканың негізгі салалары нарықтық қатынастарға бағытталды. Кеңес дәуірінде мемлекет өзі ғылыми зерттеулерге тапсырыс жасап, қаржыландырып, оларды мемлекеттік кәсіпорындарда іске қосатын болса, енді Қазақстан өнеркәсіптерінің 90% жуығының жекешелендірілуіне орай мұндай байланыс жойылып кетті.
Әлемде орын алған қаржы дағдарысының басты себебі — әлемдік валюта АҚШ долларының шектен тыс көп мөлшерде шығарылуы деп баспасөз беттерінде жиі жарияланатын болды [2]. Алайда, бұл дағдарыстың себептері Елбасынының «Дағдарыстан шығу кілті» аты мақаласында нақты әрі тереңінен қарастырылып, оған келесідей анықтама беріледі: «Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет» [3].
Әрине, жаңаша көзқарастың қалыптасуына бірталай уақыттың кететіні сөзсіз. Алайда, мұндай игі бастаманың алғашқы қадамын Қазақстан жасап та үлгерді деп айтуға болады. Оған 2003-2015 жж. арналған ҚР Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы дәлел. Ғылыми-технологиялық саясат – экономиканың тұрақты дамуының басты тетігі. Алайда, елде ғылыми зерттемелерге деген сұраныстардың болмауы және осының салдары болып табылатын өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі экономиканы реформалаудағы ғылымның ролін бағаламаудан туындайды. Шын мәнінде, өндіріс факторларының өнімділігіне тек қана ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Қазақстандағы ғылымның дамуына басқа индустриалды дамыған елдердегімен салыстырғанда түбегейлі ерекшеліктер тән. Дамыған елдерде іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруға кететін шығындарға жыл сайынғы өсім, ғылым мен жекеменшік сектордың интеграциясы арқасында ғылыми жаңалықтарды жедел іске қосу, ғылымның корпоративтік секторын құру мен дамыту, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді пайдалану тән.
Атап айтсақ, 2000 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9%), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0%), Германияда – 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35%), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25%), ал Швецияда – 7,6 млрд.долл. (ЖІӨ-нің 4,0%) [4, б. 373].
Қазақстанда ғылымды қаржыландыруға соңғы бес жыл ішінде ЖІӨ-нің 0,2% жұмсалады. Бұл, әрине, төмен көрсеткіш. Алайда, Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне орай, 2010 жылға дейін кезең-кезеңмен аталған көрсеткішті ЖІӨ-нің 2% дейін көтеру, ал 2015 жылы 2,5-3,0% жеткізу көзделіп отыр [4, сол жерде].
Кейбір ғылыми-зерттеулерді қажетті деңгейде қаржыландырмау мен жауып тастау салдарларынан көптеген жас ғалымдар ғылым саласынан кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, ғылымның материалды-техникалық базасы тозып, ескірді.
Индустриалды-инновациялық саясатты мемлекет тарапынан келесідей шаралар қолдану арқылы ғылыми тұрғыда қамтамсыз етуге болады:
- Ғылымды әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде анықтау;
- Ғылыми сиымдылығы мол, ресурстарды үнемдеуші, экологиялық таза өнім шығаруға бағытталған және экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өнім өндіруге арналған зерттеуерді дамыту;
- Ғылыми жетістіктердің тәжірибелік тұрғыда іске асуын қамтамасыз ететін тетіктер жүйесін құру мен ынталандырушы жағдайларды жасау;
- Экономиканың жаңалықтарды қабылдау мүмкіндігін арттыру (сұранысты ынталандыру) және соларды отандық ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді қолдану арқылы қамтамасыз ету (ұсынысты ынталандыру);
- Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны нығайту;
- Кадрлық мүмкіншіліктерді сақтап қалу мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары дәрежеде білікті ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау;
- Ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ғылыми ұйымдарды аттестациялау мен аккредиттеу жүйесін жетілдіру;
- Ғылымның мемлекеттік емес секторын құру және дамыту, оған мемлекет тарапынан қолдау тетіктерін дайындау;
- Жас дарынды ғалымдарға қолдау көрсету;
- Мамандарды әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарынан тәжірибеден өткізу;
- Ғылыми зерттеулерді грант негізінде қаржыландыру тетіктерін құру мен жетілдіру;
- Қазақстан ғылымын халықаралық ғылыми-технологиялық қоғамдастығымен интеграциясын қамтамасыз ету [4, б.374].
Бүгінгі таңда мемлекет ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, оларды қаржыландырады, алайда олардың тәжірибе жүзінде пайдаланылуы іске аспай қалады. Өйткені жекеменшік сектор оларды қажет етпейді. Осылайша, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс ажырап кетті. Мұның себебі қазақстандық өндірістің ғылыми жаңалықтарды керек етпеуінде емес, керісінше отандық өндіріс үшін жоғары технологиялар өте қажет, сол себепті де олар шет елдерден дайын технологияларды сатып алуға мәжбүр.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке үлкен көңіл бөлінеді. Өйткені оның түпкілікті нәтижесі болып өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек пен капитал тиімділігінің артуы, жоғары технологиялық өнімнің көлемі табылады, ал бұлар, өз кезегінде – мемлекеттің экономикалық қуаттылығын білдіреді.
Индустриалды дамыған елдерде кадрларды даярлауға, өндірісті ұйымдастыруға, технологиялардан, жабдықтардан көрініс табатын жаңа білім алуға ЖІӨ өсімінің 85-90% жұмсалады. Бұл елдерде жаңа технологияларды іске қосу нарықтық бәсекелестіктің маңызды факторына айналып, өндіріс тиімділігін арттырудың және қызмет пен тауар сапасын жетілдірудің негізгі құралы қызметін атқарады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық мәселелері болып бәсекеге қабілетті өнімдер алуға бағытталған отандық ғылыми сиымдылығы мол өндірістерді дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды дайындау мен игеру, сондай-ақ республиканың өндірістік және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін сақтап қалу мен дамыту арқылы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді белсенді етуге, жаңа технологиялық үрдістерді іске қосуға, өңдеуші өнеркәсіптерде жаңа бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық мүмкіншіліктерді дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы ажырастықты қалпына келтіруге, инновация саласындағы қызметтерді ынталандыруға, алдыңғы қатарлы шет елдік технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етіп, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.
Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіптік өндіріс құрамындағы және еңбекпен қамтамасыз етілгендер санындағы шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып, сәйкесінше 2,8-3,2% және 12,0-14,0% құрап отыр [4, б.375]. Бұл көрсеткіштер индустриалды дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есе аз.
Ірі кәсіпорындармен салыстырғанда шағын инновациялық кәсіпкерліктердің дамуына олардың бәсекеге қабілетті өнім өндіре алмауы кедергі жасап отыр. Ірі кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерліктердің ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету бойынша табиғи монополиялардың қызметтерін шағын бизнестің бәсекелік ортасына ауыстыру тетіктерін жасау қажет. Сондай-ақ, шағын бизнестегі инновациялық және ғылыми сиымдылығы мол өндірістердің дамуына жағдай жасау қажет, мәселен, лизинг бойынша жабдықтар мен технологиялар алу және франчайзингтік қатынастарды дамыту.
Қазақстандық өндірушілерге ғылыми зерттемелерді нарықтық тауар деңгейіне жеткізу тәжірибесі, менеджмент маркетинг және талдау салаларында білікті мамандар жетіспейді. Сол себепті де қазақстандық мамандарды шет елдердегі алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу институттарында, компанияларында тәжірибеден өткізу үрдісін қалыптастыру қажет, сондай-ақ отандық кадрларды дайындау үшін шет елдік білікті мамандарды шақыру қажет.
Қазақстан ғылымының қазіргі кезде көптеген аяқталған зерттемелері бар, алайда олар өндірістің сұранысына ие болмай отыр. Бұл үлкен мүмкіншіліктер береді және оның іске асуы — инновациялық қызметті дамытудың басты міндеттерінің бірі. Инновациялық қызметті дамытудың маңызды факторы болып зияткерлік меншікті пайдалану мен оның құқықтарын қорғау табылады. Инновациялық дамудың базалық моделінің негізінде инновацияның ішкі (өсіру) және сыртқы (трансферт) қайнар көздерінің арақатынастары жатады. Инновацияны өсіру стратегиясы көшбасшы-елдер АҚШ-қа, ГФР-ге, Ұлыбританияға, Жапонияға тән, бұл елдер өзіндік іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарына негізделген өздерінің технологияларын жетілдірумен айналысады. Трансферт стратегиясы өзіндік іргелі әрі қолданбалы зерттемелері жоқ және осы мақсаттарға арналған шектеулі ресурстарға ие елдерге тән.
Осылайша, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекет саясатының басты бағыттары келесілер болуы керек:
- Мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған венчурлық қор құру және венчурлық капиталды ғылыми-техникалық, инновациялық салаға тарту;
- Инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің формалары мен әдістерін даярлау;
- Инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және аймақтық мамандандырылған субъектілерін құрудан тұратын инновациялық инфрақұрылым құру;
- Инновациялық сала үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау;
- Өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық жағдайларды жасау;
- Авторлық құқық, патент және сауда белгілеріне қатысты барлық халықаралық конвенцияларды мойындау арқылы, яғни, өркениетті технологиялар нарығына жағдай туғызу арқылы шет елдік технологиялар трансфертін ынталандыру;
- Ең жақсы әлемдік тәжірибе негізінде отандық кәсіпорындарды сапа стандартына көшуін тездету;
- Шаруашылық және қаржы-несие құрылымдарына қызығушылық танытатын халықаралық донорлық ұйымдардың гранттарын тарту.
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 және 2007 жылғы Халыққа жолдауларында қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске жақындату керектігін, әсіресе ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жекеменшік сектордың үлесіне тиесілі болу қажеттігін баса көрсеткен болатын.
Осы тұрғыда елімізде көптеген игі бастамалар қолға алынып та үлгерді. Айталық, «Парасат» холдингі өндіріс пен мемлекеттің ғылыми зерттеулерге тапсырысында «байланыстырушы арнасы» ретінде құрылып, холдингтің ғылыми ұйымдары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қызметін атқарады. Содай-ақ, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірісіне ғылыми зерттеулердің озық нәтижелерін іске қосуда ынтымақтасуды көздеп, қазақстандық экспорт өнімдерінде жоғары технологияның өнімдерін арттыруды мақсат тұтады.
Ғылыми-технологиялық саладағы мемлекет пен жекеменшік салалардың өзара серіктестігі механизмдерін пайдалану ғылыми кәсіпорындардың ұйымдастыру-құқықтық формаларын өзгерту арқылы оларды акционерлік қоғамдарға айналдыру нәтижесінде мүмкін болды. Мемлекет экономиканы тек қана саяси тұрғыда басқарады, ал өнеркәсіптік активтер бойынша менеджер функциясын жекеменшік сектор мен ұлттық компаниялар атқарады. Осыған сәйкес, ғылым да табиғи технологиялық дамуында сол ғылым жемісін пайдаланатын тұтынушылармен бірдей құқыққа ие болуы қажет.
«Парасат» холдингі 2008 ж. 3 шілдеде ҚР үкіметінің қаулысымен жүз пайыздық мемлекеттік акция пакетімен құрылған болатын. Холдингтің негізгі қызметі Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуына қолайлы жағдай туғызу.
2008 ж. 21 тамызында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қостанай қаласында өткен мәжілісте «жоғары технологиялық және инновациялық үлесі мол жобаларды таңдау» бойынша шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде айтқан болатын. Сол себепті де елімізде құрылған «Парасат» холдингінің басты мақсаты болып серпінді ғылыми және инвестициялық жобаларды іске асырып, алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер нәтижелерін ұлттық экономиканың әртүрлі секторларына енгізу табылады.
Аталған холдингтің компанияларының құрамына бес заңды тұлғалар: АҚ «Жер, металлургия және байыту туралы ғылыми орталығы», АҚ «Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығы», АҚ «Ғылыми қоры», АҚ «Ғылыми-техникалық ақпарат ұлттық орталығы», АҚ «Ақпараттандыру ұлттық орталығы» кіреді. Холдинг ғылыми-инновациялық қызметтің – ақпараттан бастап зерттеулерге дейін және олардың нәтижелерін өндіріске ендіру сияқты – барлық аспектілерін қамтиды.
«Парасат» холдингінің құрылуымен қатар жекеменшік сектор да өзіне ашылған жаңа мүмкіншіліктерді түсініп отыр. Бүгінгі күннің өзінде холдинг «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасымен» ынтымақтастық жөнінде меморандум қабылдады. Энергияны үнемдеу мен энергетикаға тәріздес бойынша ғылыми зерттемелерді іске қосу дайындалып қойды. «Қазатомөнеркәсібі» компаниясымен бірлескен ғылыми-техникалық жобалар тізімі мақұлданды. Олардың ішінде уранды жерасты сілтісіздендірудегі қалдықтардан рений мен сирек кездесетін элементтерді шығару жобасын іске асыру көзделуде.
«Парасат» холдингінің алғашқы көрнекті нәтижелерінің бірі болып тау-кен кәсіпорындарында пайдалы қазбалар алуда қолданатын минералдар негізінде жасалған ампулалар өндіру табылады.
«Қазақмыс» корпорациясы үшін холдинг институттары кейбір технологиялық үдерістерді жетілдіруге, алынатын өнім көлемін арттыруға, қалдықтар құрамында қалып қоятын құнды құрауыштар көлемін азайтуға арналған регламенттер дайындап берді. Мұндай жұмыстар АҚ «Алтыналмас», АҚ «Өскемен титан-магний комбинаты» үшін де жүргізілді.
Холдингтің құрылуына аз-ақ уақыт өткеніне қарамастан, қыруар жұмыстар жасалынып жатыр. Инновациялық салаларда жұмыс жасайтын компаниялар дағдарыстарға төтеп бере алатындығын тарихтан көруге болады. Мәселен, 1998 жылғы азиаттық қаржылық дағдарысқа төтеп бере алған компаниялардың 41% инновациялық технологияларды пайдаланған болатын. Ал бүгінгі таңда дүниежүзін шарлаған экономикалық дағдарысты көптеген көреген экономистер мен қаржыгерлер инновацияны дамытуға үлкен түрткі болады деп пайымдайды. Бұл дағдарыс алыпсатарлық экономиканың күйрегенін көрсетеді. Ғылыми-техникалық зерттемелерге бай қазақстандық ғылым үшін мемлекет пен жекеменшік серіктестік арқылы өзара тиімді негізде бизнес үшін қажетті болу мүмкіндігі туындап отыр.
Әлемнің көптеген дамыған елдері осы жолды ондаған жылдар бұрын жүріп өтті. Олардың салған сара жолы бүгінде біздер үшін сабақ болып табылады. Әсіресе, Елбасының, «отандық ғылымды халықаралық ғылыми-технологиялық қоғамдастығымен интеграциясын қамтамасыз ету керек» деген идеясы тұрғысында Қазақстан үшін жоғары технологияның отаны саналатын – Жапонияның орны ерекше.
Айталық, жапон үкіметі тарапынан ҒЗТКЖ[1]-ға қашанда баса назар аударылып келді және ол өз жалғасын табуда. 2005 жылғы ҒЗТКЖ үшін жұмсалған қаражат көлемі елдің ЖІӨ-нің 3,35 % құрады. Бұл шығыстар негізінен жаңа идеялар мен күрделі зерттеулер жүргізу мақсатында қолданылды. Соңғы 20 жыл ішінде Жапониядағы ғылым мен технологияны дамытуға жұмсалатын шығыстар 8 есеге өскен. Бұл Жапонияның әлемдегі инновациялық саланы дамытуға ең көп шығын жұмсайтын ел екендігін көрсетеді.
Жапония – патент алу мақсатында жасалатын өтініштер саны ең жоғары мемлекет. 2000 жылы АҚШ-тағы патент алу мақсатында тіркелген 300 мың өтініштің 50 мыңы — жапондық компаниялар мен корпорациялар. Корпорацияларға ҒЗТКЖ-ға қолдау көрсету бойынша жүйе құру құқы берілген. Көптеген корпорациялар келешегі бар зерттеулерге қолдау көрсету мен оларды іске қосу мақсатында арнайы бонустар жариялаған. Мәселен, Sony сияқты трансұлттық корпорацияларда бонус мөлшері еш шектелмейді, яғни, белгілі бір технологияны іске қосу нәтижесінде түскен компания табысынан есептеледі. Тіпті, бұл елде университеттерге өзіндік лицензиялық фирмаларын құруға заңмен рұқсат етілді, бұл патент беру саласын дамытуға үлкен ықпал етері хақ.
Сондай-ақ, жапон экономикасының барлық салаларына ҒТП әсерінің күрт күшейгендігін бөліп көрсеткен жөн. Ол ең алдымен, Жапонияның ғылыми-техникалық потенциалының айқын өсуімен байланысты.
Ұзақ уақыт бойы Жапония шетелдік технологияны қолдана отырып, өндірісті дамытты. 1950-1982 жж. ол 40 мыңға жуық лицензияны сатып алып, енгізді, және де Жапония шетел технологиясын жай көшірмелеген жоқ, оны жетілдіруге ұмтылды.
1970-ші жылдардың басына қарай жапондықтар импортталған технологияны экономикалық дамытуға сенуге болмайтындығын түсінді. ҒЗТКЖ-ға шығындар жылдам өсе бастады, берік зерттеулер өрістей бастады. Жапондық монополистік капитал елді капиталистік әлемнің технологиясының негізгі көзіне айналдыру, өнеркәсіптік технология саласында ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулерде, өнімнің жаңа түрлерін шығаруда, дизайн саласында оны озат ету міндетін қойды. «Дизайн Жапонияның жаңа күресінің әскери ұраны болып табылады».
6-кесте
Ғылымға салынатын инвестиция (%) ЖІӨ пайызы ретінде
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
|
Австралия |
.. |
3,6 |
.. |
3,9 |
.. |
4 |
3,9 |
3,9 |
Австрия |
.. |
3,1 |
.. |
.. |
.. |
3,3 |
3,4 |
.. |
Бельгия |
.. |
2,6 |
3,5 |
3,6 |
3,8 |
3,5 |
3,4 |
.. |
Канада |
3,9 |
4 |
4,6 |
4,6 |
4,9 |
.. |
4,5 |
4,5 |
Дания |
3,8 |
4,5 |
4,7 |
4,7 |
5,1 |
5,3 |
5,1 |
.. |
Финляндия |
5,2 |
5,3 |
5,5 |
5,7 |
5,8 |
5,9 |
5,9 |
.. |
Франция |
3,9 |
3,9 |
4,1 |
4,1 |
4,2 |
4,1 |
4,3 |
4,3 |
Германия |
3,5 |
3,6 |
3,7 |
3,8 |
3,8 |
3,8 |
3,9 |
3,9 |
Греция |
1,7 |
.. |
1,7 |
.. |
1,9 |
.. |
1,9 |
.. |
Ирландия |
2,6 |
2,5 |
2,6 |
2,6 |
2,5 |
2,3 |
2,3 |
.. |
Италия |
2 |
2,1 |
2,2 |
2,2 |
2,4 |
2,4 |
2,4 |
.. |
Жапония |
4,1 |
4,4 |
4,5 |
4,6 |
4,8 |
4,9 |
5,1 |
5,3 |
Нидерланды |
3,5 |
3,6 |
3,9 |
3,7 |
3,8 |
3,6 |
3,7 |
.. |
Португалия |
1,5 |
1,6 |
1,7 |
1,8 |
1,8 |
1,7 |
1,7 |
.. |
Испания |
2,2 |
2,3 |
2,4 |
2,5 |
2,6 |
2,6 |
2,7 |
2,7 |
Швеция |
5,6 |
.. |
6,2 |
.. |
6,9 |
.. |
6,4 |
.. |
Ұлыбритания |
3,3 |
3,6 |
3,6 |
3,5 |
3,5 |
3,5 |
3,5 |
.. |
АҚШ |
5,6 |
5,9 |
6,1 |
6,3 |
6,5 |
6,4 |
6,5 |
6,6 |
ЕО 15 елі |
3,2 |
.. |
3,5 |
.. |
3,6 |
.. |
3,6 |
.. |
ЭЫДҰ елдері |
4,2 |
.. |
4,7 |
.. |
4,9 |
.. |
4,9 |
.. |
Дереккөз: OECD Factbook 2008: Economic, Environmental and Social Statistics
Жапонияда ҒЗТКЖ қаржыландыруда негізгі рольді жеке капитал атқарады – 1983 ж. 65,2%. Мемлекет ҒЗТКЖ-ға қорлардың 24%-н ұсынады. Жапонияда ҒЗТКЖ-ды қаржыландыруда мемлекеттің ролі АҚШ (48,4%) пен ГФР (41,6%) қарағанда кем. ҒЗТКЖ негізгі көлемін жеке корпорациялар орындайды – 1983 ж. 63,5%. Мемлекеттік ғылыми мекемелерге ҒЗТКЖ шығындардың 9,6% келеді. Басқа дамыған елдермен салыстырғанда ғылыми зерттеулерде үлкен рольді жоғары оқу орындары атқарады – 23%, бірақ орындалатын жұмыстар көлемінде жоғары оқу орындарының салыстырмалы үлесі үнемі қысқарады. Өнеркәсіптік фирмалардың ғылыми зертетулерінде маңыздылық артады. 1984-1985 жж. 5 аса ірі фирманың үлесіне өнеркәсіпте орындалған ҒЗТКЖ жалпы көлемінің 17,2% келді. Негізгі зерттеулер мен аса жаңа технологиялардың жұмыстарын жүргізуді ынталандыру мақсаттарымен жеке корпорациялармен бірге «Маңызды технологиялар орталығы» құрылады. Шетел технологиясының импорттаушысынан Жапония жылдам экспорттаушыға айналады. 1983 ж. шетел технологиясы үшін төлемдер 1975 ж. бағасымен 748,9 млн. долл. құрады, ал технологияны экспорттаудан түсімдер – 645,9 млн. долл. құрады. Төлемдер кірістерден тек 102,9 млн. долл. ғана асады.
Жапон технологиясын дамытудың маңызды бөлігі венчур болды. Кез келген экономикалық жүйесінің динамикалылығы ғылыми – техникалық дамудың мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Соңғылары қазіргі заманғы батыс экономикасының құрылымында венчурлық (тәуекелдік) бизнестің таралуы нәтижесінде едәуір артты. Ол ғылыми-техникалық революцияның қазіргі заманғы кезеңінде ерекше маңыздылыққа ие болды және сонымен қатар 1970-1980-ші жылдарда оның күшеюінің шарты мен алғышарты болып табылды. Венчурлық бизнес ғылыми жетістіктер мен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын жүзеге асыру механизмі болды. Пайда көлемінің 30-50% жуығын өнеркәсіптік компаниялар өнімнің жаңа түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алады, олардың нарықта әрекет ету кезеңі бес жылдан аспайды. Ірі корпорациялар өндірістің циклдық құлдыраулары мен пайданың қысқару жылдарында да оларды үзбей, ҒЗТКЖ-ға шығындарды арттырады. Алайда, өнімнің үнемі жаңаруы, технологиялық дамудың жетілдірілуі өсіп жатқан қиындықтарға итермелейді. Және олардың бәрінен кемі капиталдардың жетіспеуінен тұрады. Басты тежегіш – ғылыми- техникалық прогресті капиталды максималды өсіру мақсаттарына бағындыру қажеттілігінде. Компания қаншалықты ірі болса, тенденциялар стагнацияға, ғылыми- техникалық прогресті басқаруды бюрократизациялауға соншалықты күштірек әрекет етеді. Ірі корпорациялар шегінде ғылыми – техникалық дамудың қарама-қайшылықтарын жеңілдету тәсілдерінің бірі ұсақ фирмалардың жаппай туындауы болады. Жапонияда венчурлық бизнес мемлекеттің бастамасымен басталды: бірінші үш фирманы 1963 жылы халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігі орталық үкіметтің, префектуралар мен банктердің қаражаттары есебінен құрды. 22 жыл қызмет ету ішінде венчурлық капиталдың үш жартылай үкіметтік фирмалары 2000-ға жуық компанияны қолдады. 1975 жылы жапон халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігі венчурлық кәсіпкерлік орталығын құрды.
ҒТП өндірістің материалсыйымдылығына әсері қайшылықты болды. Шикізаттың материалдарды өндіру үдерісіне тартылатындардың санын кеңейтуге тенденция туындады. Материалдық сиымдылығы мол технологияны және екінші қайтара шикізатты қолдану өндірістің материалсыйымдылығын азайтуға жағдай жасады. Алайда, бірқатар жағдайда шикізат пен отынды тиімді және оңтайлы қолдануға мүмкіндік беретін, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері 1960-1970 жж. шикізаттық материалдарды тұтынуды басым арттыруға жалпы тенденцияны тек кішігірім деңгейде ұстады. 1970-ші жылдардың ортасында төмен энерго- және материалсыйымдылығымен ғылымисыйымды түрдегі құрылымды құруға курс жарияланып, бір жағынан, жеке фирмалардың, екінші жағынан бұл курсты заңнамалық, әкімшілік және қаржылық шаралар сериясымен күшейтетін мемлекеттің бірлескен әрекеттері негізінде жүйелі түрде және ойдағыдай жүзеге асырылды.
1970-1980-ші жж. жапон экономикасының энергосыйымдылығын едәуір қысқарту болды. 1974-1981 жж. аралығында Жапонияда ЖҰӨ[2] бірлігіне есептегенде энергияның тұтынылуы жыл сайын 3,4% қысқарып отырды, ал АҚШ-та — 2%, ГФР – 1,7%, Ұлыбритания мен Францияда - 2,1%-ға, Италияда - 1,5. Көрсетілген кезеңде Жапонияда 1 млн.долл. ЖҰӨ өндіру үшін АҚШ 525,2 кл. қарсы 292,6 кл. қажет болды, Ұлыбританияда 420,5 кл., Италияда 322,9 кл.
ҒЗТКЖ-ға шығындардың қосылған өңдеудің құнына қатынасы ретінде өлшенетін өңдеуші өнеркәсіптің ғылыми сиымдылығы асады. 1969 жылы жапон өңдеуші өнеркәсібінің ғылыми сиымдылығы - 2,9%, 1979 ж. – 4,25%, 1983 ж. – 5,7% құрады.
ҒТП жапон экономикасына әсерінің кеңеюі, бірінші кезекте, кеңейтілген ұдайы өндіріс факторларының ара-қатынасының едәуір өзгеруінен көрінді. Осылайша, жапон экономистерінің есептеулеріне сәйкес, 1960-шы жылдардың басында және 1970-ші жылдарда орташа алғанда 40-50% құраған, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ҒТП үлесі 1970-ші жылдардың бірінші жартысында және 1980-ші жылдардың басында шамамен 70% дейін артқан, ал бұл кезеңнің жекелеген жылдарында 80-90% деңгейіне дейін де көтерілген. Бұл сандардың астарында ҒТП жапон экономикасына және тұтастай қоғамға аса үлкен өзгертуші әсері тұр: өндірістік, қоғамдық және жеке тұтыну саласындағы терең сапалы өзгерістер, көптеген жаңа өнімдердің, өндірістердің, қызмет түрлерінің пайда болуы, техникалық деңгейдің елеулі артуы, көптеген салалардың бағытының өзгеруі және т.б.
1980-ші жылдары жапон корпорациялары өзінің мақсаты ретінде үдемелі қиындықтағы өнімдерді өндіруді, өндірістің көбірек икемділігін қамтамасыз етуді, тауарлардың кішігірім лектерін өндіруді, тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ассортиментті артыруды қояды. Жапон корпорацияларының бәсекеге қабілеттілігі шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін, ыңғайлы өндіріс жағдайларында өнімдердің төмен бағасы мен жоғары сапасына сүйенеді.
Өндірістің төмен шығындары мен жоғары сапа деңгейі тұсында ұсақ- сериялы өндірісті ұйымдастыру секілді күрделі мәселелерді шешу үшін, жапондық монополистік капитал әртүрлі тәсілдерді қолданады. «Канбан» жүйесін қолдану назар аударуға тұрарлық. Оны «Тайота» 30-шы жылдардың өзінде қолдана бастады, «Канбан» немесе дәл уақытында жеткізу жүйесі тауар-материалдық қорларды қысқартуға әкеледі. «Тайотадағы» қоймалық қорлардың көлемі 1 сағат жұмысқа есептелген, «Фордта» — 3 аптаға дейін. Жылына 420 мың машина шығарған, «Ниссан» фирманың автомобильдік зауытында жинақтаушы бөлшектер конвейердің 2 жұмыс сағатына болатын. Байланыстылар бұл бөліктерді екі сағат дәлдігімен әкелген және зауытта конвейер тоқтап қалған жағдай болмаған. Қоймалық үй-жайлардың және оларда жұмыс істейтін жұмысшылардың болмауының арқасында жапондық машина жасаушылар бір машинаға есептегенде орташа алғанда 94 доллар өндіріс шығынына үнемдеген. «Тайотада» сол жақ қанаттарды дайындау бойынша автоматтық тармақтарды қайта жөндеу 5 минутты алады, «Вольваға» — 4 сағат. Әртүрлі модификацияларда «канбан» жүйесі Жапонияның басқа да корпорацияларында қолданылады.
Ғылыми қызметкерлерінің саны бойынша Жапония сол сияқты АҚШ-тан кейінгі екінші орында болды. ЖҰӨ-ге ҒЗТКЖ шығындарына қатысты Жапония АҚШ пен ГФР кейін үшінші орынды иеленді.
Ал келесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметіне сәйкес дайындалған кестеге көңіл бөлсек, Жапония жоғарыда айтылған бәсекелестері АҚШ пен Германиядан ғылыми қызметкерлер саны бойынша әлдеқайда алда. 2006 жылғы көрсеткіш бойынша Жапония ғылыми қызметкерлер саны бойынша әлемде бірінші орынды иеленгенін көруге болады. Дәл осы 2006 жылғы көрсеткішке сәйкес, Жапониядағы ғылыми қызметкерлер мен дамуға жұмсалатын ЖІӨ пайызы бойынша Финляндия мен Швециядан кейінгі үшінші мемлекет.
8-кесте
Мың адамға есептегендегі ғылыми қызметкерлер саны
1981 |
1985 |
1990 |
1995 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
|
Австралия |
3,6 |
4,3 |
5,5 |
.. |
7,3 |
.. |
7,8 |
.. |
8,4 |
.. |
.. |
Австрия |
1,8 |
2,1 |
.. |
.. |
.. |
.. |
5,8 |
.. |
6,3 |
6,9 |
7,2 |
Бельгия |
3,4 |
4,1 |
.. |
6 |
7,5 |
7,8 |
7,4 |
7,5 |
7,8 |
7,9 |
8 |
Канада |
3,5 |
4,4 |
4,9 |
6,4 |
7,2 |
7,6 |
7,5 |
7,5 |
7,8 |
.. |
.. |
Чех Республикасы |
.. |
.. |
.. |
2,3 |
2,8 |
3 |
3 |
3,2 |
3,3 |
4,9 |
5,2 |
Дания |
2,7 |
3,3 |
4,4 |
6,1 |
.. |
7 |
9,2 |
9,1 |
9,5 |
10,2 |
10,2 |
Финляндия |
.. |
.. |
.. |
8,2 |
15,2 |
15,8 |
16,4 |
17,7 |
17,3 |
16,5 |
16,6 |
Франция |
3,9 |
4,7 |
5,4 |
6,7 |
7,1 |
7,2 |
7,5 |
7,7 |
8 |
8,2 |
.. |
Германия |
4,7 |
5,3 |
.. |
6,2 |
6,6 |
6,7 |
6,8 |
6,9 |
7 |
7,2 |
7,2 |
Греция |
.. |
.. |
.. |
2,3 |
.. |
3,3 |
.. |
3,5 |
.. |
4,2 |
4,2 |
Венгрия |
.. |
.. |
.. |
2,9 |
3,8 |
3,8 |
3,9 |
3,9 |
3,8 |
4,1 |
4,5 |
Ирландия |
1,8 |
2,5 |
4 |
4,5 |
5 |
5,1 |
5,3 |
5,5 |
5,9 |
5,9 |
6 |
Италия |
2,4 |
2,9 |
3,4 |
3,5 |
2,9 |
2,9 |
3 |
2,9 |
3 |
3,4 |
.. |
Жапония |
5,3 |
6,3 |
7,5 |
8,3 |
9,9 |
10,4 |
10,1 |
10,6 |
10,6 |
11 |
.. |
Корея |
.. |
.. |
.. |
4,9 |
5,1 |
6,3 |
6,4 |
6,8 |
6,9 |
7,9 |
.. |
Люксембург |
.. |
.. |
.. |
.. |
6,2 |
.. |
.. |
6,7 |
6,8 |
7,3 |
.. |
Мексика |
.. |
.. |
.. |
0,6 |
.. |
.. |
.. |
0,9 |
1,1 |
1,2 |
.. |
Нидерланды |
3,4 |
4,3 |
.. |
4,8 |
5,2 |
5,5 |
4,6 |
4,5 |
5,1 |
4,9 |
.. |
Жаңа Зеландия |
.. |
.. |
4,1 |
4,7 |
.. |
9,1 |
.. |
10,4 |
.. |
10,5 |
.. |
Норвегия |
3,8 |
4,8 |
.. |
7,5 |
.. |
8,6 |
.. |
9,1 |
9,1 |
9,2 |
.. |
Польша |
.. |
.. |
.. |
3,2 |
3,5 |
3,7 |
3,8 |
4,5 |
4,7 |
4,7 |
4,5 |
Португалия |
.. |
1,2 |
1,7 |
2,5 |
3,3 |
3,5 |
3,7 |
4 |
4 |
4,1 |
.. |
Словак Республикасы |
.. |
.. |
.. |
4,6 |
4,9 |
4,7 |
4,5 |
4,7 |
5,2 |
5,2 |
5,5 |
Испания |
1,6 |
1,9 |
2,7 |
3,5 |
4,7 |
4,7 |
4,8 |
5,2 |
5,5 |
5,7 |
.. |
Швеция |
4,2 |
5 |
.. |
8,2 |
.. |
10,6 |
.. |
11,1 |
11,3 |
12,7 |
12,7 |
Швейцария |
.. |
.. |
.. |
.. |
6,4 |
.. |
.. |
.. |
6,1 |
.. |
.. |
Түркия |
.. |
.. |
0,6 |
0,8 |
1,1 |
1,1 |
1,1 |
1,6 |
1,6 |
1,8 |
.. |
Ұлыбритания |
4,9 |
4,9 |
4,6 |
5,2 |
5,4 |
5,6 |
5,8 |
5,9 |
5,7 |
5,8 |
.. |
АҚШ |
6,6 |
7,3 |
.. |
8,1 |
9,3 |
9,5 |
9,7 |
9,9 |
10 |
9,7 |
.. |
27 ЕО елдері |
.. |
.. |
.. |
4,8 |
5,1 |
5,3 |
5,5 |
5,6 |
5,7 |
6 |
.. |
ЕЫДҰ елдері |
4,6 |
5,2 |
5,9 |
5,9 |
6,6 |
6,8 |
6,9 |
7,2 |
7,2 |
7,4 |
.. |
Бразилия |
.. |
.. |
.. |
.. |
0,8 |
0,9 |
0,9 |
1 |
1 |
.. |
.. |
Қытай |
.. |
.. |
.. |
0,8 |
1 |
1 |
1,1 |
1,2 |
1,2 |
1,5 |
1,6 |
Үндістан |
.. |
.. |
.. |
.. |
0,3 |
.. |
.. |
.. |
.. |
.. |
.. |
Ресей Федерациясы |
.. |
.. |
.. |
9,2 |
7,8 |
7,9 |
7,5 |
7,4 |
7,1 |
6,8 |
6,8 |
Словения |
.. |
.. |
.. |
5,5 |
5,4 |
5,6 |
5,7 |
4,7 |
5 |
6,5 |
.. |
Оңтүстік Африка |
.. |
.. |
.. |
.. |
.. |
1,2 |
.. |
1,3 |
1,6 |
1,5 |
.. |
Дереккөз: OECD Factbook 2008: Economic, Environmental and Social Statistics
Бұдан шығатын қорытынды Жапонияның ғылыми сиымдылығы мол өнімдерді экспорттаудағы әлемдік үлесі 1988 жылдан бастап АҚШ-ты басып озып, содан бері Жапония «жоғары технология» өнімдері бойынша дүниежүзіндегі аса ірі экспорттаушыға айналды. Жоғары технологиялық өнімдер шығару бойынша, атап айтсақ, электронды құрауыштар мен байланыс аппаратуралары бойынша Жапония экспорты АҚШ экспортынан 1970 жж. асып түскен болатын. Ал 2006 жылы – 702 млрд. АҚШ долл. жетті. Олай болса, соғыстан кейінгі үйіндіде отырған Жапонияның аз уақыт ішінде жаңа технологиялар бойынша алпауыт ел АҚШ-тан озып кетуі, әрине, Жапонияның озық үлгісіне қызығушылық туғызады. Ал алға биік мақсаттар қойып, әлемнің елу бәсекеге қабілетті елдері қатарына қосыламыз деген міндет Күншығыс елінің тәжірибесін зерттеуге итермелейтін бірден-бір себеп болып табылады. Экономикалық дағдарыстарды басынан кешірген елдер өндірістерін дамытуға инновациялық үдерістерді жандандыру арқылы қол жеткізгенін атап айту маңызды. Мұндай жол Қазақстан үшін де маңызды болмақ.