Экономика, макроэкономика, микроэкономика

Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері

Кез-келген ұлттық экономикалық жүйе екі саладан: материалдық өндіріс аясындағы салалардан және материалдық емес  салалардан қалыптасатын экономиканың сала­лық құрылымдарының жиынтығынан тұрады. Бірінші топтағы салаларға мыналар жатады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік пен байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтандыру және т.б. Екінші топқа кіретіндер: мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.

Функционалдық және салалықтан өзге аймақтық немесе аумақтық экономикалық құрылым болады. Нақ­ты аймақтық экономика ел аумағындағы бүкіл экономи­калық объектілердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық аудандар, мысалы: Орталық Қазақстан (Қарағанды), Шы­ғыс Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) және өзге аудандар экономикалық аудандар болып саналады.

Читать полностью »

Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру — адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды — материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адам­дар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттілік­терін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл — өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның  әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Читать полностью »

Адам және оның экономикалық қызметі

Экономикалық теория адамдардың мінез-құлқын зерттейді, адам өзінің еңбегінің арқасында қоғамдық тіршілік иесі болды деп анықтайды. Еңбек — адамның саналы түрде және мақсатты бағытталған қызметі ретінде барлық жануарлар әлемінен бөлектеп, адамға сана берді және оның өмірінің қоғамдық сипатын анықтады. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адам бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналады. Ол тек қана байлықты жасап қоймай, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтап, оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді.

Читать полностью »

Ақша мен ақша айналымының эволюциясы

Ақша жүйесі деп елде белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасқан және қабылданған заңдарға сәйкес, мемлекет-тің ақша айналысын ұйымдастыру формасын айтады.

Ақша айналысы дегеніміз — айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1)   ақша бірлігі, яғни елде қабылданған ақша өлшемі (теңге, сом, доллар және т.б.);

2)   баға масштабы, яғни елде қабылданған ақша бірлігі мен оның құрамындағы ақша металының салмақ мөлшері (мысалы, бір сом 100 тиыннан құралады, ал 1960-80 жылдары бір руб. 0,987672 г. алтынға теңестірілді);

Читать полностью »

Ақшаның қызметтері

Ақша бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономияда — ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. Қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін ақшаның құн мөлшері және айналыс құралы сияқты ең басты түбегейлі қызметтеріне арнайды.

Читать полностью »

Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы

Әр халық бағалылығы жойылмайтын, әрі көпке әйгілі түрлі бағалы заттарды ақша ретінде пайдаланды. Оған жататындар: балта, пышақ, найза, қалқан, садақ және т.б. Осындай сан алуан заттардың ақша қызметтерін атқарды, кейбір экономистердің ақша дегеніміз — тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және  объективтік екі көзқарас қалыптасты.

Субъективтік көзқарастар — адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды.

Объективтік көзқарастар — тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.

Читать полностью »

Тауар және оның қасиеттері

Тауар өндірісінің өзекті категориясы — тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.

I. Маркстік теорияда, тауар — сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:

а)тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;

б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.

в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы