Экономика, макроэкономика, микроэкономика

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы

Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық.

Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда  болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).

Не, қалай және кімдер үшін өндіру сияқты өзекті мәселелерге шешімдерді өз шаруашылығының (патриархалды жан ұяның) талабына сәйкес, шарушылық иелері (жұмыскерлер) шешеді. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан дәстүрлер мен көсемдердің шешімдері басты рөл атқарды. Натуралды шаруашылықтың “өндіру-тұтыну” принципі (яғни, айырбас пен қоғамдық бөлудің болмауы ) өз өміршеңдігін көрсетті, оның элементтері біздің қоғамымызда микро және макро деңгейде кездеседі.

Читать полностью »

Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы

Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды фактор­ларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революция­лық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдер­де де болды. Егер  ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформаны жүргізу кезеңінде пайда болып, «Отандық өндіріс» термині деген түсінікпен экономикалық категорияға кірді. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.

Читать полностью »

Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі

ХІХ ғасыр үшін жеке меншікке негізделген, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болды. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыс­тар теңсіздік пен  жеке меншіктің орнына қоғамдық мен­шікті құру үшін күресті.

Қоғамдық меншік негізінде адамзат қоғамын ұйым­дастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемле­кеттік формасында құрылуы шарт. Оның форма­ларының көп түрлілігі болуы мүмкін.

Читать полностью »

Меншіктің құрылымы мен формалары

Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастар­дың негізі жеке меншік негізінде экономи­калық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады.  Бұл үй — оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анық­тады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы — оның экономикалық мәнінде дербес байлық — оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.

Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Читать полностью »

Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі

Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік — ол иеле­ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ­та­ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қаты­настарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық  ұмты­лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа­шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.

Читать полностью »

Экономикалық теорияның функциясы

Экономикалық теория басқа экономикалық ғылымдармен өзара байланысы арқылы шектелмейді, қоғамның табиғи кешеніне, сонымен бірге техникалық ғылымдарға да әсер етеді, адамдардың шаруашылық қызметінде оларды пайдаланудың тиімді нәтижесін анықтайды. Бұл экономикалық социологияға қатысты, мәдени экономия, химия ғылымының экономикасы, металлургия салаларының экономикасы т.с.с. экономикалық ғылымның ішкі саласы қолданбалы ғылымдардың барлық салаларымен байланысты. Бұл ғылымдардың техника мен технологиясының интегралдық байланысының дамуына әсер етеді, бұл жағдай келешек инженер кадрларды дайындауға, техникалық шешімді тиімді пайдалануға өте қажетті.

Келесі функциясы прагматикалық және практикалық-болжамалы. Экономикалық әдебиеттерде бұл екі түсінікке бір жағдайда талдау жасау керек. Практиканы алдын-ала жасалған болжамнан бөліп қарастыру қоғам өлшемін  жағымсыз жағдайға әкелу мүмкін.

Читать полностью »

Экономикалық заңдардың объективтік сипаты

Экономикалық заңдарды объективтік түрде әсер етуі адамдардың сана-сезіміне байланысты емес. Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін обьективтік заңдарды ашу керек. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті,тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетуі тиіс және обьективтілігімен байланысты себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды.

Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс- әрекеттері мен қатынастарын білдіреді.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы