Скачать/Жүктеу
Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастардың негізі жеке меншік негізінде экономикалық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй — оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анықтады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы — оның экономикалық мәнінде дербес байлық — оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.
Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.
Сәйкесінше, өндіріс — бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс — бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттандыратын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.
Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.
Мемлекеттік емес жеке меншікке — нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.
Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жалпы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономикалық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.
Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелімен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалылық, белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы — жеке меншік иесінің еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы (2.1. кесте).
Алайда, нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. Оны «көрінбейтін қол» деп, А.Смит қоғамдық мақсатқа сәйкестік пен тиімділіктің қорытындысын айтқан. Сондықтан меншік иесі меншік нарығында пайдасын ойлап, есептеп, оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өзіне керекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жаты. Ол адам мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін ең көп шамада жұмылдырады.