Экономикалық теорияның функциясы


Скачать/Жүктеу

Экономикалық теория басқа экономикалық ғылымдармен өзара байланысы арқылы шектелмейді, қоғамның табиғи кешеніне, сонымен бірге техникалық ғылымдарға да әсер етеді, адамдардың шаруашылық қызметінде оларды пайдаланудың тиімді нәтижесін анықтайды. Бұл экономикалық социологияға қатысты, мәдени экономия, химия ғылымының экономикасы, металлургия салаларының экономикасы т.с.с. экономикалық ғылымның ішкі саласы қолданбалы ғылымдардың барлық салаларымен байланысты. Бұл ғылымдардың техника мен технологиясының интегралдық байланысының дамуына әсер етеді, бұл жағдай келешек инженер кадрларды дайындауға, техникалық шешімді тиімді пайдалануға өте қажетті.

Келесі функциясы прагматикалық және практикалық-болжамалы. Экономикалық әдебиеттерде бұл екі түсінікке бір жағдайда талдау жасау керек. Практиканы алдын-ала жасалған болжамнан бөліп қарастыру қоғам өлшемін  жағымсыз жағдайға әкелу мүмкін.

Толық жағдайда негізделмеген және ғылыми  бағдарлама жасалмаған оның көп варианттылығын шешуді экономикалық практикада валюнтаризм деп атайды. Бұл вариант қоғам шығынына әкеледі.

Экономикалық теория басқа ғылымдар сияқты танымның әр түрлі формаларын қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.

Жалпы ғылыми әдістер – бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектикалық материалистік қағидалар. Олар бір-біріне тәуелді, қайшылықты түрде дамытып, ұдайы қозғалыста болады.

Бұл процестерді зерттеу барысында тарихи және логикалық тәсілдер қолданылады.

Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті талдауға жағдай жасайды.

Логикалық (теориялық) тәсіл тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен асбтракциялауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерін жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды.

Ғылыми-техникалық жекелеген әдістерге: байқау, синтездеу мен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құру, оларды тексеру, тәжірибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру, олардың математикалық формализациясы және т.б. жатады.

Математикалық модельдер индивидиумды көрсетеді. Альферд Маршаллдың көрсетуінше «Экономикалық ғылым жеке және қоғамдық қызметтің сол бөлігін, негізінен, материалдық игіліктің жасалуын және пайдалануын зерттейді».

Рейман Барр «Экономикалық ғылым – бұл сирек ресурстарды басқаруды, адамдардың тәртіптік формаларын және оны пайдалануды сансыз көп шектелмеген тұтыну қамтамасыз ететіндігін зерделейтін ғылым» деп жазды.

Экономикалық ғылым – бұл білімнің жиыны, қоғамда үстемдік құратын шаруашылық идеологиясының құрамдас базасы және экономикалық ойларды қалыптастырушы.

Қазіргі кезде экономикалық ғылым экономикалық құбылыстар мен процестерді түсіндіріп болжаушы, экономикалық игілікті пайдалану және жасау тенденциясының үрдісінің заңдылығын қарастырушы маңызды әлеуметтік институт.

Эконо­ми­калық теория экономикалық ғылымның құрамдас бөлігі болып саналады. Шаруашылық практикасының тәжірибесін талдайды және экономикадағы табиғи процесті реттеу шаруашылық қызметінің аясы ретінде қоғам мен индивидиумның тұтынуын қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайын зерттейді.

Экономикалық ғылымның және экономикалық пәнінің зерттеу әдістемесіндегі түсінік ұқсас.

Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны әмбебап теория деп атайды. Оқу пәні ретінде экономикалық теория, (экономика және саясиэкономия) қосалқы қорды қайта тапсыруға байланысты, өндірілетін және өндірілмейтін болып бөлінеді. Сонымен қосалқы қорды толтырудың көлемі мен деңгейінің шектеуі олардың өзара қарым-қатынасымен сипатталады, игілік сирек категория ретінде қарастырылады.

Қолда бар игілік сол кездегі тұтынуды қанағаттандыруға  толық көлемде жетпеуі мүмкін, ол әр кезде орын алады. Егер, аз ғана игілікпен тұтынуды толық қамтамасыз етеміз деп елестетсек, онда нақты анық болады, экономикалық субъектілердің бір мезгілде болатын тұтынуы сол қаржымен толық қанағаттандырылса да, молықтырылған тұтыну, негізінен, жетіспеушілік болып қалатыны анық болды. Мынадай салыстырмалы тұтынудың шектеулі игілігі жетіспеушілік игілік категориясын құрайды.

Көп жақты тұтынуды шектеулі қаржыда қанағат ету  мүмкін, шындығында барлығын толық қанағаттандыру мүмкін болмайды. Демек, әрбір экономикалық қимыл нақты жағдайды анықтайды. Қанағаттандыру үшін:

- мүмкіншіліктің бір, не бірнеше болу жағдайына байланысты одан шығатын қорытынды: экономикалық проблеманы шешу кезінде, экономикалық тұрғыдан тиімді баламалы вариантты таңдау керек. Мұндай жағдай, егер нақты экономикалық субъектілер бар болса, сол уақытта мүмкін болады, баламалы варианттардың арасындағы мүмкіншілікті таңдау үшін тұтыну тоқталмайды, сондықтан өндірістік айырбас, бөлу, тұтыну әр уақытта қайталанып, олардың бірлігі мен өзара байланысы ұдайы өндірісті құрайды. Осымен байланысты экономика іргелі даму жағдайында экономиканың айналыс сипатын алады. Әрбір экономикалық әрекет тұтынуды тануы тиіс;

- тұтынуды салыстырмалы және уақытша қанағаттандыру шеңберінде болмай қалмайтын қайта бастау, ұлғаю, күрделену, тереңдеу жағдайлары әр уақытта тұрақты жағдайға айналады. Басқа жағынан, біздің қаржы тұтынуымызды толық қамтамасыз етуге (ресурстар мен технология) практикалық тұрғыдан шектелген. Шектеу әр түрлі жағдайда болуы мүмкін.

Ең алдымен игіліктің сан жағынан ара-қатынасы әртүрлі болады, табиғи жағдайға байланысты, аз не көп кездеседі. Осыдан кейін адамдар жасайтын материалдық игіліктер шектеулі болады. Ол қайта өңдеу мүмкіншілігіне, сол жағдайдағы материалдық игіліктің қосалқы қордың шектеулі болуына және оны сол кездегі қайта өңдеу мүмкіндігіне байланысты болады.

Түйін

1. Экономика – материалдық және материалдық емес игіліктерді өндірумен байланысты ілім.

2. Экономикалық теорияның пәні – ол адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру кезінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.

3. Макроэкономика табыстың өсуін, бағаның өзгермейтіндігін және жұмыссыздықтың деңгейін зерттейді. Макроэкономистер болып жатқан оқиғаны түсіндіруге ғана тырысып қоймайды, сонымен бірге экономиканың жұмыс істеуінің жақсаруына бағытталған экономикалық саясатты жасауға да күш салады.

4. Микроэкономика – үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдерді қалай қабылдаулары туралы, сондай-ақ осы экономикалық агенттердің өзара әрекеттері туралы ғылым.

5. Экономикалық теория ғылыми категориялар әдісі – іске қатысы жоқ экономикалық және экономикадан тыс фактілерді экономикалық талдаудан шығарып тастау.

6. Талдау – біртұтас бүтіннің бөлшектерін жекелеп қарау.

7. Синтез – қаралатын біртұтас бүтін құбылыстың жеке бөлшектерден құралуы.

8. Индукция – фактілерден бастап жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

9. Дедукция – жалпыдан нақтылы экономикалық фактіге жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

10. Салыстыру – қаралатын құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

11. Аналогия (үйлестік) – бір немесе бірнеше қасиеттерді белгілі құбылыстан белгісіз құбылысқа өткеру.

12. «Әртүрлі тең жағдайдағы» долбар дегеніміз – зерттелудегіден өзге барша факторлар долбармен келісім тауып тұрса, олар тұрақты деп қабылданады.

13. Экономикалық-математикалық үлгілеу — әртүрлі экономикалық құбылыстарды математикалық әдістермен формальды сипаттау болып табылады.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Экономикалық теория нені зерттейді?
  2. Экономикалық зерттеу не үшін керек?
  3. Экономикалық теорияда қандай зерттеу әдістері қолданылады?
  4. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылығын түсіндіріңіз. Олар қалай өзара байланысқан?
  5. Экономистер неге үлгі (модель) құрады?
  6. Соңғы кезде қандай макроэкономикалық проблема­лар талқылануда?    

Тестілер

1. Экономикалық заңдар дегеніміз:

а) әлеуеттік-саяси қатынастардың экономикалық нормативтері

б) экономикалық құбылыстардың субъективті-психологиялық  бейнесі

в) объективті, тұрақты қайталанып отыратын экономикалық  құбылыстардың себеп-салдарлы байланы-сының моделі (үлгісі)

г) ғылыми зерттеудің ерекше әдістері

2. Ғылыми методологияның мәні:

а) қоғам дамуын тарихи-логикалық бірлікте талдау

б) адамның қоғамдағы рөлін айқындау

в) ғылыми жүйелерді жасау

г) жеке ғалымдар ілімі


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы