«ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ»


Скачать/Жүктеу

Б.Майлин – қазақ әдебиетінің проза саласын, әсіресе көркем әңгіме жанрын өркендетуге көп еңбек сіңірген қаламгер. ХХ ғасырдың оныншы жылдарының орта тұсында (1914-1915) Б.Майлин «Шұғаның белгісін» жазып, жариялаған кезде қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған, демек, қазіргі жан-жақты жетілген профессионалдық дәрежесінен әлдеқайда алыс жатыр еді. Десек те, дәл осы шығарма суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі боп қалып отыр.

Повестің фабуласы дәстүрлі: Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың Шұға атты сұлу қызына ғашық болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл, әрине, байларға ұнамайды. Олар жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға айрықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды амалсыз босатады. Әбдірахман алып-ұшып, сүйікті Шұғасын көруге асығып келсе, қайран ару жарық дүниемен біржола қош айтысқан екен; оның өзіне жазып қалдырған хатын оқып, көз жасы көл болады…

Мұның бәрі бүгінгі көзге белгілі оқиғадай, жаттанды тақырыптай болып көрінгенімен, көркем прозасы әлі қалыптасып үлгірмеген заманда, тіпті алғашқылардың бірі болып, жаңа, еуропалық үлгідегі проза жанрымен салған жерден мұндай көлемді көркем дүние жазу – тек Б.Майлин секілді хас таланттың ғана қолынан келетін шаруа еді.

Д.Мәсімхан


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы