Батырлық жайында шығармалар


Скачать/Жүктеу

Менiң бабам батыр екен 

Өткен жылы менiң атам мен iнiсi екеуi  Ресейдiң Ор және Псков облыстарына барып қайтты. Өйткенi, әкем Нұрмат интернет арқылы аталарының Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлiкпен қаза тапқан ерлердiң iшiнен тапты. Атам мен iнiсi еке­уi естiп, көздерiне жас алыпты. Әкелерi майданға кеткен кезде атам кiшкентай ғана бала екен. Ендi араға 67 жыл салып, әке­лерiн қай жерде жерлен­гендерiн бiлдi. Атамның әкесi кескi­лескен майданда взвод ко­мандирi болып, ерлiкпен қаза тауыпты. Атамның батыр бол­ғанын мақтаныш тұтамын.  

 Томирис Нұрғазы,

№173 физика-математикалық гимназиясының

2 «Ә» сынып оқушысы.

Алматы қаласы

Бақытты ұрпақпыз

         «Отаным» деп қан төккен батырлардың арқасында елiмiз түрлi жетiстiктерге жетiп, гүлденiп келедi.

Соғыс деген ызғарлы сөз. «Соғыс» десе, ел қорғаған батырдың шайқаста қан төгiп, көкiрегiн оққа төсеген  ерлiгi елестейдi.

Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгiлi жазушы Бауыржан Мо­мышұлы былай деп жаз­ды:«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруы­мыз бар, ол  –  Отанға деген сүйiспен­шiлiк» деген екен.

Бауыржандай батыр бабамыз бар бiз бақытты ұрпақпыз!

Данагүл Салмахан,

10-сынып оқушысы.   


Бабалардың қаны, аналардың көз жасы

Қазақтың ұл- қыздарының ерлiгiне әлем тәнтi. Аспанда өртенген әскери ұшағын әдейi жаудың топтасқан қару қоймасына құлатып, ерлiкпен қаза тапқан Нұркен Әбдiров пен жаудың жалын атқан от-ұясын өз денесiмен жауып, жауынгерлерге жол ашып, қаһармандық көрсеткен Сұлтан Баймағанбетовтiң ерлiктерi жүректi елжiретедi. Қазақтың қос батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, қарумен де, қаламмен де жауға қарсы күрескен Бауыржан Момышұлының ерлiктерi бiзге өнеге. Қазақ даласы үшiн бабаларымыздың қаны, аналарымыздың көз жасы аз төгiлген жоқ. Елiн сүйген ерлердiң ерлiгi халық жадынан ешқашан өшпейдi.

Гүлсұлу Қартбай,  

                                                                                                                                                          10-сынып оқушысы. 

Батырлық жылнамасы 

         Қазiр бiздер өз алдына тәуелсiз мемлекетпiз. Осы тәуел­­­сiздiкке жетiп отырғанымыз – ел үшiн күресте ерлiкпен қаза тапқан ағалар мен батыл апала­рымыздың арқасы. Олар бұл соғыста: «Өз Отанымызды жау шеңгелiне бермеймiз!» –  деп алға ұмтылды. Соның iшiнде «жаным – арымның садағасы» және «халқым үшiн қасықтай қаным пида» деп ұран­даған қазақ батырларының бiрi –  Бауыржан Момышұлы. Ол қазақ халқы­ның тарихында ержүрек, батыр, патриот ретiнде баршаға мәлiм.

Елiмiздiң намысы мен ба­тылдығын паш еткен ұлы Же­ңiске биыл 65 жыл! Бiз үшiн бұл күн тарих бетiнде алтын әрiп­термен жазылған, қазақ батыр­ларының ерлiгiн еске алатын ерекше күн! 

Бекзат Төрежанов,

Қаршатау орта мектебiнiң 10-сынып оқушысы.

Құмқұдық ауылы,

Әйтеке би ауданы,

Ақтөбе облысыM


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы