СӨНБЕЙДI, ӘЖЕ, ШЫРАҒЫҢ …


Скачать/Жүктеу

Менiң әжем Айтбала Баекина 1926 жылы Шығыс Қазақстан об­лысының Қатонқарағай ауданының Жаңаүлгi ауылында дүниеге келген. Сол ауылда тұрып жатқанда, әкесi Байбосынды «бай, халық жауы» деп қудалап жiберген екен. «Балаларымды да қудалайды» деп фамилия­ларын «Байеке», яғни, «Баекина» деп өзгерткен. Анасы Тұрсын – әжемдi, екi аталарым, яғни, әжемнiң бауырлары Құмархан мен Құмарғалиды Шыңғыстайға нағашыларының қолына әкелiп тастап, өзi басқа ауылға жұмысқа кетедi. 1936 жылдан берi әжем Шыңғыстай ауылында тұрады.

Әкесiнен 9 жасында айрылған әжем 7-сыныпқа дейiн оқып, қаржы жағынан қиналғандықтан, оқудан шығып, анасының жанына жұмысқа орналасады. Еңбектi сауыншылықтан бастап, облыс депутаты қызметiне дейiн көтерiлген. Ауылдан Өскеменге дейiн атпен 3 күн iшiнде барып, талай даулы мәселенi шешкен. 1940-1941 жылдары Күбiтке барып, ағаш жарып, оны өткiзумен айналысады. Соғыс кезiнде өгiзбен ағаш тартып, ай жарығымен шөп шауып, тоқыма тоқып, әсем ән шырқапты. Ал то­қыған тоқыма, киiмдерiн соғысқа жiберiптi. Тапқан табысына екi ба­уырын оқытыпты. Әжем: «Балам-ау, мен айта берсем бұл саған ертегі секiлдi көрiнер» – дейдi.

Содан әжем 1950 жылы соғыстан оралған Қайса есiмдi жiгiтпен тұрмыс құрады. Алайда Қайса атамыз соғыстағы жарасы асқынып, өкпесiне тиген қатты суықтан көп ұзамай, қайтыс болады.

Әжемнiң екi ұл, үш қызы бар. Олардан он тоғыз немере, алты шөбере сүйiп отыр. Биыл 84 жасқа толатын еңбекқор әжемнiң Ұлы Жеңiске айтар тiлегi өте көп.

Қарлығаш БаҚытбек,

Әбдiкерiм атындағы мектептiң 7-сынып оқушысы.

Шыңғыстау ауылы,

Қатонқарағай ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы