Мәншүкпен жау шебiнде бiрге болған


Скачать/Жүктеу

Жер-әлемдi солқылдатқан соғыс дүмпуiн көрiп, талай-талай қанқұйлы кезеңдi басынан өткiз­ген ауылдасымыз – Күрiшбек ата. Бiр өзi – бiр тарих. Күрiшбек ата 1912 жылы Жетiсу губерниясы, Жаркент уезiнде қарапайым отбасында дүниеге келген.

1941 жылы желтоқсан айында Күрiшбек ата майданға шақы­рылады. Ол Алматыда жасақталған 100-атқыштар бригада­сында алты ай жаттығудан өтедi. Мұнда ол партия ұйымының хатшысы болып та қызмет етедi. Күрiшбек ата қазақтың бiртуар батыр қызы Мәншүк Мәмето­вамен танысыпты. «Өте сауатты, алғыр қыз едi» деп еске алады Мәншүк апамызды.

Мәншүкпен бiрге майдан даласына аттанады. 1943 жылы күзде Невель қаласы үшiн ұрыста Мәншүк Мәметова қаза болады. Оның денесi сол қалаға жерле­недi. Қазақтың батыр қызын ардақтап, оның атына Невель қаласынан көше аты да берiледi. Кейiн атқыштардың екi бригадасы қосылып, дивизия атауын алады. Атқыштар арасында қайта iрiктеу басталғанда, Күрiшбек ата жаңа құрамға қосылады.

«Бiз 1944 жылы өте күштi бекi­нiс – Новосокольников қаласын азат ету үшiн шабуылға шықтық. Адам шығыны көп болды. Көретiн күнiм бар екен, бұл ұрыста да аман қалдым. «Ерлiк үшiн» медалiмен марапатталғанда қаза болған майдандас достарым есiме түсiп, кеудеме ащы өксiк тығылғаны әлi күнге ойымнан кетпейдi» деп еске алады майдангер ата.

1944 жылы қаңтар айынан бастап Күрiшбек атаның диви­зиясы Батыс майданға, Маршал Рокоссовскийдiң қоластына өте­дi. Брест қаласын азат ету ұры­сына кiрген кез де осы түс. Одан бөлек, көптеген елдi мекендердi жау тұзағынан азат еттi. Кү­рiшбек атаға Брест қаласын азат етудегi ерлiгi үшiн III дәрежелi «Даңқ» орденi табыс етiледi.

1946 жылы елге оралған Кү­рiшбек ата 1953 жылға дейiн Ұзын­бұлақ ауылында мұғалiм, комсомол, партия ұйымының хат­­шысы болып қызмет атқа­ра­ды. 1953-58 жылдары Кеген ау­даны, Қарқара ауылында 7 жыл­дық  мектепте мұғалiм болды. 1959-76 жылдары қазiр өзi тұрып жатқан Сәмбе ауылындағы орта мектепте қызмет iстеп, зейнетке шықты.

Күрiшбек ата қырық жылдан артық өмiрiн жастарға бiлiм, тәрбие беруге сарп еттi. Осы еңбегiн бағалап, жыл сайын мара­патқа ие болады. Олардың iшiнде Маршал Г.К.Жуковтың медалi де бар. Бүгiнгi күнi Күрiшбек ата – бейнеттiң зейнетiн көрiп, немере мен шөбере сүйiп отырған бақытты жан.

Ақтiлек Сыбан,

Сүмбе орта мектебiнiң

 9-сынып оқушысы.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы