Шығарма

ОРЫНБОР

Ресей мемлекетіндегі Орынбор облысының орталығы Орынбор қаласы Орал өзенінің оң жағасында орналасқан. Тарих парақтарына үңілсек, Ресей императрицасы Анна Ивановна өзінің қол астына кірген кіші жүз қазақтарының жерлерін игеру және бағындыру мақсатында 1734 жылы 18 мамырда Кирилов экспедициясын ұйымдастыруға нұсқау берген. Экспедиция құрамында жерді, өзен-суды қағазға жақсы түсіре алатын әскери маман болу керектігі көзделген және бұл жұмыстарды халықтың ашу-ызасын келтіріп алмай, өте сақ жүргізу керектігі айтылған. Сонымен қатар қазақ жері арқылы Орта Азия халықтарымен сауда қатынасын жасау үшін Ор өзенінің Жайыққа құяр сағасында қала тұрғызып, теңіз арқылы сауда жолын жалғастыру мәселесі алға қойылған болатын.

Читать полностью »

ОТЫРАР

Сайрамда бар сансыз бап,

Отырарда отыз бап,

Баптардың бабы Арыстан бап.

Аты алты әлемге мәшһүр болған ғұлама, ғалым Әбу Нәсір әл Фараби бабамыздың кіндік қаны тамған өлке Фарабтың астанасы болған Отырар шаһарының аты мен атағы алысқа жеткен. Бабаларымыздың басынан өткен қилы-қилы заманның куәсі болған Отырар жазба деректерде Фараб, Тарбанд, Тұрарбан, Тұрар Отырар деген аттармен кездеседі. Б.з.д. ІІІ ғасырда жазылған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы «Авестада» Кангхе (кейінгі қаңлы) аталған ежелгі елдің немесе қаланың, көне түрік жазуларындағы Канғу Тарбант атауларының Отырардың арғы тарихымен ұштасып жатқандығын ғалымдар дәлелдеген.

Читать полностью »

САЙРАМ

Ұлы Жібек жолының Шаш (Ташкент) пен Таразды байланыстырған бөлігіндегі сауда мен қолөнерінің, кейіннен түрік халықтарының рухани орталығы болған шаһар. Көпшілік ғалымдардың пайымдауынша Сайрамның бастапқы аты Испиджаб болған.  Түріктен шыққан ғұлама бабамыз М. Қашқари өзінің «Түрік тілдерінің сөздігі» атты еңбегіндегі Сайрам – Исбижаб аталатын Байза шаһарының қосымша аты деп жазған. Мұсылман аңызы бойынша Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салдырған. Ол кезде шаһар Сарйам аталса керек.  «Мұхаммед пайғамбар аспанға алғаш көтерілген түні аспаннан төгілген жарық нұр (сәуле) жердегі бір мекенге  тік түсіп тұрса керек.

Читать полностью »

САРАЙШЫҚ

Еуропа мен Азияны қақ бөліп жатқан Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан Сарайшық (Сарайжук,Сарайчук) шаһарының іргесі Алтынорда тұсында қаланған болатын. Оны Шыңғыс ханның немересі, Жошының баласы Бату хан салдырғаны туралы Әбілғазы хан шежіресінде жазылған.

Еуропадан шығып, Еділдегі Алтынорданың астанасы Бату Сарайы арқылы Хорезмге, одан әрі Қытай, Үндістанға баратын трансконтинентальды керуен жолы Сарайшықты басып өтетін. Сол жолдың бағыты жайлы бізге көптеген көпестер мен саяхатшылар қалдырған деректер жетті. Хамдаллах Казуинидің 1339 жылдар шамасында жазған «Сапарнамасында» осы жол бойындағы елді мекендер ара қашықтықтарымен қоса көрсетілген.

Читать полностью »

САУРАН

Ортағасырлар кезінде Сырдария өзенінің ортаңғы ағысындағы аймақты Түркістан өлкесі деп атаған. Сол өлкенің аса гүлденген қалаларының бірі Сауран еді. Ертеректегі деректерде Сауранның жеті қатар қорғаныс қабырғасы бар деп айтады. Дешті-Қыпшақ даласы мен егіншілікпен айналысқан өлкенің қақ ортасында орналасқан шаһар дала халқы мен қала тұрғындарын байланыстырған, сауда-саттық орталығы болған. Арабтың географы әл-Магдиси: «Сауран (Савран) – үлкен шаһар, ол бірінен соң бірі салынған жеті қабырғамен қоршалған. Рабаты бар, мешіті ішкі шаһарда орналасқан. Ол оғыздар мен қыпшақтардан қорғауға арналған шекаралық шаһар» деп жазған. Ұзақ уақыт аралығында шаһар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда мен қолөнерінің ірі орталығы болып, мәдени дамудың бесігіне айналды.

Читать полностью »

СЕМЕЙ

Семейдің тұрған жері ерте замандардан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Бұл жерде сонау қола дәуірінен бастап, ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман ұлыстары мекен еткен. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазіргі Семей қаласы тұрған жерде Доржынкит қаласы болған. Құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі Жеті шатыр сарайларын тұрғызған. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінде осы Жеті шатыр қаласы айтылады.        Семей 1782 жылдан уездік қала болды. Сол кезден-ақ Орта Азия халықтары мен көршілес елдердің Шәуешек, Құлжа, Қашғар қалаларымен сауда-саттық жүргізіле бастады. Мұның өзі қаланың жандануына өз септігін тигізбей қоймады. ХІХ ғасырда қалада бірнеше зауыт жұмыс істеді. Оқу-ағарту жұмыстары жүргізіле бастады. Оның нақты көрінісі осында ашылған уездік училище, әйелдер училищесі, бес мұсылман медресесі.

Читать полностью »

СЫҒАНАҚ

Болса тәңірім екінші өмір қиғандай,

Сығанақта көз жұмар ем қиналмай

Ғисамедин әл-Сығанақи

Қазақстан тарихында жарқын із қалдырған бабаларымыздың елдігі мен ерлігіне тірек болған – Сығанақ қаласы. Ортағасырлық мұсылман деректерінде, әсіресе моңғол шапқыншылығына, Әмір Темір мен оның ұрпақтарына қатысты деректерде қаланың мәртебесі мен салиқалы келбеті жайлы көп мәліметтер сақталған. Алғашқы мұсылман деректерінде қала «Даруль – Куфр» (дінсіздердің қаласы) аталып келді. Кезінде қыпшақ бірлестігінің астанасы болған, гүлденген қалада Сығанақтың диірменінде тартылған ұн әлемнің шартарабына таралған.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы