Шығарма

АЛАТАУ

Кең көлемдегі географиялық жиынтық атау. Бұған Қазақ жері мен Орта Азия және Сібірдегі тау жоталары жатады. Бұлар – Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы дегендей тау жоталары. Бұлар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың мұздықтар мен қарлы шыңдар болып келеді. Көпжылдық қарлардан таулар үнемі алақанаттанып жатады. Соған байланысты, яғни тау көрінісіне қарай – Алатау аталған.

Читать полностью »

АЛМАТЫ

Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады.

Читать полностью »

АЛТАЙ

Қазіргі Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық түйіскен өңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен өңірдің біздің елімізге қарасты бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің Алтай өлкесінде де, моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да басқа жұрттармен бірге қазақтар тұрады. Алтай – ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған өңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, атамекені. Халқымыздың біраз бөлігі Алтайды мекендеп келеді. Халқымыз басқыншылардан елді-жерді қорғауда үлкен ерліктер жасаған өңір – Қаракерей Қабанбай, Ақыр Жәнібек аталған кіші (керей) Жәнібек батыр, Оспан батыр сынды ел қорғаны болған тұлғалар шыққан.

Читать полностью »

АҢЫРАҚАЙ

Бұл – тарихымызда ерекше орны бар оқиға болып саналатын, жоңғар басқыншыларына қазақ қолының алғашқы тойтарыс берген тегеурінді соққысы. Түпкілікті жеңіске дем берген алғашқы ірі жеңіс. Үш жүздің хандары мен билері, батырлары мен сұлтандары, барша игі жақсылары жиналып, 1726 жылы Ордабасыда (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында) ортақ әскер құрып, дара қолбасы сайлап, бір орталықтан басқаруға жетіп, үлкен даярлықпен кіріскен шайқас нәтижесі. Соғыс қазіргі Аңырақай деп аталатын Балқаш көлінен оңтүстікке қарай 120 шақырымдай жердегі Итішпестің Алакөлі (қазіргі Сорқұдық) маңында болған. Бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланып, 30-35 мыңдай қол жиналып, жоңғардың 35-40 мыңдай әскерімен соғысқан.

Читать полностью »

БАЯНАУЫЛ

Баянауыл шежіресі – Баянаула тауынан бастау алады. Бұл – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы жатаған тау. Батыстан шығысқа 40-50 шақырымға, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырымға созылып жатқан, биіктігі 600-1026 метр аралығындағы Жасыбай, Жанбақы, Торыайғыр, Жақсы Аула, Жаман Аула сілемдерінен тұрады. Тау шатқалдарындағы қазан шұңқырларда пайда болған Жасыбай, Сабындыкөл, Торыайғыр көлдері, табиғи үңгірлер, небір бейнелі жартастар, бұлақтар, бозтал, балқарағай, аққайыңды орман-тоғайы керім көріністі, таза ауа, мөлдір сулы – жанға дауа табиғи орта құрайды.

Читать полностью »

БӨКЕЙ ОРДАСЫ

Патшалық Ресейдің «бөліп ал да билей бер» саясатының және қазақ жұртының батыс өңіріндегі күйзелісті тұрмыс жағдайының қажетсінуіне байланысты өмірге келген аумақтық-әкімшілік басқару орталығы. Еділ-Жайық аралығындағы Нарын құмы 1771 жылы қалмақтар ауғаннан кейін бос жатты. Елдегі биліктілердің ішкі тартыстарынан халық күйзеліске ұшырап, қоныс аударатын қолайлы жер іздей бастады. Жұрт назары Нарын құмына ауды. Бұл жағдайды жақсы аңғарған Бөкей сұлтан батыл қимылға көшті.

Читать полностью »

БӨРІТАСТАҒАН

Бөрітастаған  Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысына қарасты), Ақсуат ауданының мидай жазық даласындағы алып жұмбақ тастың атауы. Айналасында төбе де, төбешік те жоқ бұл тас бейне аспаннан құлаған метеорит (ақыртас, көктас) сияқты. Аумағы он екі қанат киіз үйдің үлкендігіндей. Бөрітастаған аталған бұл тастың пайда болуы туралы әртүрлі әпсаналар бар. Бір әпсанада қой бағып жүрген кемпір қолындағы ұршығын қойға тиген қасқырға лақтырыпты.

Читать полностью »

12 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Электронный адрес [email protected] / Сайт картасы