Шығарма

ШЕЖІРЕ

Шежіре арқылы біз халықтың этникалық құрылымы, шығу тегі, таралуы, тұтастығы жөнінде мол мағлұмат аламыз. «Шежіре» сөзі «сақтау», «ағаштың бұтағы» деген ұғымдарды білдіреді. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ел арасында өмір тарихын өте жақсы білген «шежіре адамдар» болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Қазақ тарихын зерттеуші ғалымдар негізгі дерек көзін шежіреден алады. Шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар. Осы жағынан алғанда дәстүрлі қазақ мәдениеті мен шежірені біртұтас қарастырамыз.

Читать полностью »

ЖҮЗ

Қазақ елі үш жүз бола отырып, елдің тәуелсіздігін, қазақ жерінің тұтастығын сақтап отырған. Ал осы «жүз» деген ұғым, осы сөз қайдан пайда болған деген сұраққа келсек, оның жауабын, әрине тарихи деректерден іздейміз. 

Читать полностью »

ЖҮЗДЕРДІҢ КЕСТЕСІ

Қазақ хандарының кестесі. Жаңадан Ішкі Орда немесе Бөкей Ордасы құрылды. Кіші жүз хандары. Орта жүз хандары

Читать полностью »

Адамның жасына байланысты атаулар

· 1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте

· 1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек

· 2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін

· 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған

· 6 жастан 7 жасқа дейін – сәби

· 8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы

· 13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала

· 16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала

· 20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт

· 30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт

· 40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі

· 50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы

· 70 пен 80 жас аралығы – ақсақал

· 80 жастан жоғары – шал, қарт, қария

Мүшел жас

1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау)

2-мүшел – 25 жас (жігіттік жас)

3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)

4-мүшел – 49 жас (орта жас)

5-мүшел – 61 жас (орта жас)

6-мүшел – 73 жас (қарттық)

7-мүшел – 85 жас (кәрілік)

8-мүшел – 97 жас (қалжырау)

9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)

10-мүшел – 121 жас (немене сүю)

Ер адамның өз жұртының атаулары

Ата – әкенің әкесі, бергі ата

Арғы ата – атаның әкесі

Әже – әкенің шешесі, үлкен әже

Әке – өзінің туған әкесі

Апа – өзінің туған шешесі (анасы)

Әпке – өзінен жасы үлкен қыз (әйел)

Қарындас – өзінен жолы кіші қыз (әйел)

Аға – өзінен үлкен ұл бала

Іні – өзінен кейінгі ұл бала

Ағайын – бауырлас, аталас адамдар

Баба – арғы ата, үлкен ата

Жеңге – ағаның әйелі

Келін – інінің әйелі

Жиен – күйеуге шыққан әпкеден не қарындастан туған бала

Жиеншар – жиеннен туған бала

Жезде – әкесінің күйеуі

Күйеу – қарындасының күйеуі

Немере – ата-ананың ұлынан туған баласы

Шөбере – немереден туған бала

Шөпшек – шөбереден туған бала

Немене – шөпшектен туған бала

Туажат – неменеден туған бала

Жүрежат – туажаттан туған бала

Жегжат – жүрежаттан туған бала

Ер адамның нағашы жұртының атаулары

Нағашы ата – шешенің әкесі

Нағашы әже – шешенің шешесі

Нағашы аға – шешенің аға-інілері

Нағашы апа – шешенің апа-сіңлілері

Нағашы іні – шешенің бауырларынан туған жасы кіші бала

Нағашы қарындас – шешенің бауырларынан туған жасы кіші қыз

Нағашы жеңге – шешенің апа-сіңлілері күйеуі

Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары

Ер адамның қайын жұртының атаулары

Қайын ата – әйелінің әкесі

Қайын ене – әйелінің шешесі

Қайын аға – әйелінің ағасы

Қайын бике – әйелінің әпкесі

Қайын іні – әйелінің інісі

Балдыз – әйелінің сіңлісі

Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі

Әйел адамның қайын жұртының атаулары

Қайын ата – күйеуінің атасы

Қайын ене – күйеуінің шешесі

Қайын аға – күйеуінің ағасы (жақын ағалары)

Қайын бике – күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері)

Қайын іні – күйеуінің інісі (жақын інілері)

Қайын сіңлі – күйеуінің қарындасы (жақын қарындастары)

Абысын – қайын ағасының әйелі

Ажын – қайын інісінің әйелі

Жезде – қайын бикесінің күйеуі

Күйеу – күйеуінің қарындасының жұбайы

«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ

«Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлты үшін атқарған ұлы еңбектерінің куәсі. Журнал 1911 жылдың қаңтары мен 1915 жылдың қыркүйегі аралығында Троицк қаласынан кейде айына бір рет, кейде екі рет шығып тұрған қазақтың алғашқы қоғамдық саяси және әдеби-мәдени журналы. Редакторы – көрнекті көсемсөзші, ақын, зерттеуші Мұхамеджан Сералин. Журналды шығару ісіне татар ұлтының зиялылары біршама қаржылай-рухани көмек көрсеткен.

Читать полностью »

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ

«Қазақ» газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым.ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының үні болған бұл тарихи газет сол тұстағы қазақ баласының ойын, ұлттық өресін тәрбиеледі. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты басылымы болған «Қазақ» газеті Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы бастаған ұлы шоғырдың ұлт алдындағы орасан еңбектерін халыққа таныта отырып, әлеуметтің саяси жағынан сауаттануына, ұлттық намысының оянуына, тұтас ел болып ұйысуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Бұл газет көтерген идеялар халқымызды біріктіріп, тәуелсіздікке ұмтылуына қуат берді. «Алаш» партиясының, автономиясының үні болған газет халқымыздың күрес жолындағы айғақтарына толы басылым. Бірінші саны 1913 жылғы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шығып тұрған.

Читать полностью »

АҚМЕШІТ

Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған  Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.

Читать полностью »

12 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы