Шығарма

БУРАБАЙ

Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден,  ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі.

Читать полностью »

БҰЛАНТЫ

ХҮІІІ ғасырдың бас кезіндегі жоңғар басқыншыларына соққы берілген жердің бірі. Бұл соғыс – Бұланты шайқасы, кей деректе Бұланты-Білеуті шайқасы деп аталады. Ұлытау өңіріндегі қос өзеннің аралығында өткен бұл шайқас 1727 жылы болған. Бұл Әбілқайыр ханның біріккен қазақ қолына Бас қолбасшы болғаннан кейінгі алғашқы қимылдың бірі және жеңісті шайқас болып саналады.

Читать полностью »

ҚАЗЫҒҰРТ

Еліміздің аумағындағы аңыз-әпсаналарға толы, аты көпке мәлім тарихи орындардың бірі болып саналады. Алатаудың Талас жотасының оңтүстік-батыс сілемі. Халық әдебиетінде, тарихи-мәдени зерттеулерде Қазығұрт тауы деген атаумен белгілі. Шымкент қаласынан 35 шақырымдай жерде. Ұзындығы – 20, ені – 10 шақырымдай аласа тау. Биіктігі 600 метрден 1768 метрге дейін көтеріледі. Оңтүстік беткейінде Келес өзені бар.  

Читать полностью »

ҚАРАТАУ

Еліміздің оңтүстігіндегі, Тянь-Шанның сілемі болып саналатын таулы жота. Ол Талас Алатауының батысымен ұштасып, солтүстік батысқа қарай 420 километрге созылады. Бірте-бірте аласара түсіп, Сарысу мен Шу өзендерінің атырабына барып аяқталады. Таудың ені кей тұстарда 60-80 км-ге барады. Негізінен аласа, кәрі таудың ең биігі – Бессаз (2175 м). Оңтүстік батысында Сырдария, солтүстік шығысында Талас өзендері жанай ағады. Жаз айларында қар болмайды. Сондықтан да Қаратау атанған деседі.

Читать полностью »

ҚАРҚАРАЛЫ

Қарқаралы – тау. Сарыарқадағы ұзындығы қырық, ені жиырма бес шақырымдай жатаған тау. Биігі – Жиренсақал аталатын 1338 метрлік шоқы. Атаудың шығу тегін тау шоқыларының ұлтымыздағы қарқара деп аталатын әйел бас киімінің бітіміне ұқсастығынан деп те санайды. Алайда осы тауды мекендейтін қарқара атты құстың болуы және бас киімнің өзінің де сол құс бейнелілігі – қарқара құсқа жол бермек. Бұл Бұланды, Құланды,Маралды, Арқарлы дегендей атау.

Читать полностью »

ҚОЗЫБАСЫ

Қозыбасы – тарихи жер атауына жатады. Бұл  ерте заманнан бар сөз. Бүгінгі Қазақ елі, Қазақстан мемлекетінің бастауындағы XV ғасырда құрылған Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.     

Читать полностью »

ОРДАБАСЫ

Ордабасы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы таулы өңір. Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы ақылдасылады. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз сол заманнан қалған.

Сол жолы біртұтас қазақ әскері құрылып, Бас қолбасшы сайланды. Батырлығы, әдіс-айласы, соғыс тәсіліне жетіктігімен танылған кіші жүз ханы Әбілқайыр үш жүздің біріккен қазақ жасағына Бас қолбасшы болды.

Читать полностью »

12 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы