«СЕГІЗ АЯҚ»


Скачать/Жүктеу

Бұл қазақ өлеңіне Абай қосқан өлең үлгісінің бірі. Өлеңнің құрылысы – ақынның өзінен бұрынғы төл дәстүрде кездеспеген, тіпті өзі көп үндестік тапқан өзге халықтардың поэзиясында да ұшыраспаған, тек Абайдың өзіне ғана тән, тек Абай ғана дүниеге әкеле алған тың үрдіс. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген:

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған,

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағына жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл.

Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7-8 буынды тармақтардың жүйелі түрге үйлесіп араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар (аабввбгг). Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан  байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. Келте тармақтарда бунақ үш буынды және екі буынды болып келеді. Сегізаяқта алдыңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады. Шебер мүсіндеген бұл өлең түрі – қазақ поэзиясында оқшау тұрған туынды. «Сегізаяқ» өлшемін, шумақтық өрнегін Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлы, т.б. ақындар өз өлеңдерінде қолданды.

Абай шығармашылығындағы осындай кемелдік пен кемеңгерліктің тұтас бір жүйелі үлгісін танытқан кесек туынды, осы өлең үлгісінің атымен жазылған – «Сегіз аяқ». Бұл – өзінің ішкі мазмұны жағынан да, өлеңдік көркемдік қасиеттері жағынан да өзгеше тұрған бір төбе туынды. Абайдың ақындығы сөз болған жерде «Сегіз аяқ» ауызға алынбаса, төрт құбыласы түгел сәулетті сарайдың ең бір сәнді де мәнді қабырғасын көрмей кеткенмен бірдей болар еді. Бұл шығарма – ақынның өз заманындағы ел тұрмысы мен адамдар мінезінің ақын жанына талай күйзеліс әкелген қайшылықтары мен келеңсіздіктері жайындағы ашынып та, аһ ұрып та жазған көп өлеңдерінің жиынтығы тәрізді бағдарламалық мәні бар туынды.

Мазмұнына келетін болсақ, өз заманындағы әлеумет өмірі мен жеке адам тіршілігіндегі бірсыпыра нәрсені ашына толғап, шынайы адақтап шыққан ақын ақыр аяғында тағы да торығып, тағы да түңіліп, шарасыздық күйге ұшырағанын күйінішпен жеткізеді.

Атадан алтау,

Анадан төртеу

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп,

Айтамын ептеп

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым – тап шыным!

Қысқасы өзіне лайықтап жазылған әуенді әнімен қоса алғандағы «Сегіз аяқты» бүкіл Абай ақындығының барлық қырлары мен сырларын танытарлық туынды деуге болады.

Д.Мәсімхан

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы