Физика, Химия

Құрылыс теориясының негіздері

А.М. Бутлеровтің химиялық құрылыс теориясының негізгі түсініктері

1.     Молекуладағы атомдар бір бірімен белгілі бір тәртіппен валенттіліктеріне байланысты жалғасқан. Молекуладағы атомдар арасындағы байланыстардың тәртібі – химиялық құрылыс деп аталады, және де бір структуралық формуламен белгіленеді (құрылыс формуласымен).

2.     Химиялық құрылысты химиялық әдістермен құрауға болады(Қазіргі уақытта дамыған физикалық әдістер де қолданылады).

3.     Заттардың қасиеттері олардың құрылысынана тікелей тәуелді.

Читать полностью »

Органикалық химияның мәні

Органикалық химияның өте маңызды танымдық және халықшаруашылық мәні бар.

Табиғи органикалық заттар және олардың айналуы Тіршілік құбылысының негізінде жатыр. Сондықтан органикалық химия – биологиялық химия, молекулалық  биология және молекулалық деңгейде болатын организмдердің ұлпаларында жүретін процестерді зерттейтін ғылымдардың химиялық фундаменті болып есептелінеді. Осы төңіректегі зерттеулер тірі табиғаттағы құбылыстар мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Читать полностью »

Органикалық қосылыстар

Қосылыстардың органикалық және бейорганикалық болып бөліну критерииі ретінде олардың элементтік құрамы алынады.

Органикалық қосылыстарға құрамында көміртегісі бар химиялық заттар жатады, мысалы:

Читать полностью »

Көміртегі

Белгіленуі С, элементтердің  Периодтық жүйесіндегі IVA тобының 2-ші период  элементі (21,3 Kб); атомдық нөмірі 6; атомдық салмағы 12,01115.
Электрондық конфигурациясының негізгі жағдайы 1s22s22p2.

Көміртегі – ерекше элемент. Ешқандай басқа химиялық элемент көміртегі сияқты сонша көптүрлі қосылыстар түзе алмайды. Бұл көптүрліліктің себебі, көміртегі атомдарына мыналар тән:

Читать полностью »

Материалдық нүктенің орын ауыстыруы

Механика – материя қозғалыстың ең қарапайым формасын, яғни денелердің немесе олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын зерттейтін ғылым.

Табиғаттағы қозғалыстың ең қарапайым түрі – механикалық қозғалыс. Оның сан алуан түрлері болуы мүмкін. Жалпы айтқанда, механикалық қозғалыс дегеніміз бір дененің басқа материалдық денелермен салыстырғанда орын ауыстыруы. Кеңістікте қозғалыстағы денелерді қозғалмайтын басқа денелермен салыстырып қарастыратын жүйені санау жүйесі дейді. Практикада қозғалысты сипаттау үшін санау жүйесін құрайтын денелерге бір координаттар жүйесін, мәселен, кәдімгі түзу сызықты тікбұрышты координаттар жүйесін байланыстыруға болады.

Читать полностью »

Идеал газдар туралы

Реал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі

Біз мектепте көбіне идеал жүйелердің заңдылықтарын оқимыз. Ең алдымен идеал газдың заңдылықтарын еске түсірейік. Идеал газ деп молекулаларының арасында алыстан әсерлесу потенциалы жоқ, әсерлесу тек молекулалар өз-ара соқтығысу кезінде ғана болатын газды айтады. Егер біз осындай газдың күй теңдеуін білсек, ол теңдеуден газда болатын процесстердің, және басқада заңдылықтарын шығарып алуға болады.

Читать полностью »

Ортаның температурасын анықтау үшін термометрді қолдану

Кез келген термометр өзінің меншікті температурасын көрсетеді. Ортаның температурасын анықтау үшін термометрді осы ортаға орналастырып, термометрдің температурасы қоршаған ортаның температурасымен теңескенге дейін күту керек. Егер ортаның температурасы өзгерсе, онда термометрдің де температурасы өзгереді.

Адамның денесінің температурасын өлшейтін медициналық термометрдің жұмысы сәл өзгеше. Ол максималь термометрлерге жатады, олар өздерін қыздырған температураға дейін қызады. Өзінің меншікті температурасын өлшеген термометр суық ортаға шыққан соң да (адам денесімен салыстырғанда), медициналық термометрдің сол температураны көрсетіп тұрғанын байқаймыз. Сынаптың деңгейін бастапқы орнына ғкелу үшін термометрді сілкіп жіберу қажет.

Читать полностью »

8 страниц12345678



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы