Физика, Химия

ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАР

1.   РАДИОБАЙЛАНЫС

1888 ж орыс ғалымы А. С. Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми  болжамын ұсынды. Бұл проблеманың  практикалық шешімін ол 1896 ж. тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика – химия қоғамының мәжілісінде А. С. Попов әлемінде бірінші рет 250м қашықтықта сымсыз радиограмма арқылы Генрих Герц деген екі сөзді жеткізді.

Поповтың бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура жасау мәселесімен италияндық ғалым Г.Маркони  де шұғылданды. Ол 1897 ж.  Электормагнитті толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатындығы жөнінде патентті А. С. Поповтан бұрын алған.

Читать полностью »

Жеңіл өнеркәсібі

Жеңіл өнеркәсібіне зығырды, конопляны,кендірді,жүнді, жібек пен мақтаны бірінші өңдеуден өткізетін, мата шығаратын кәсіпорындар, тері зауыттары және халықтың мұқтажына қажетті тауарлар өндіретін фабрикалар жатады.

Қазақстанда ең дамыған, халық мұқтажын өтеуде зор маңызы бар салаларға тігін, жүн, тоқыма, тері- аяқкиім және аң терісінен қажетті бұйымдар шығаратын өңдірістерді жатқызуға болады.

Читать полностью »

Тамақ өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары өте көп мөлшерде ауылшаруашылығының, озен мен теңіз промыслдерінің өнімдерін өңдейді.

Қазақстан тамақ өнеркәсібі 1000 жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Ең дамыған сала ет өнеркәсібі, республикада бүкіл тағам өнімдерінің 32% еттен жасалады. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 30-шы жылдары салынған Семей ет консерві зауыты.барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Қант, шарап, арақ, сусын, өсімдік майын жасайтын орталықтарда орналасқан.

Читать полностью »

Химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның  біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларының, ауыл шаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты.

Химия өнеркәсібінің қазақстанда дамуына  осы саламен металлургия саласының бірлесіп, яғни металлургия қалдықтарынан, қосалқы өнім ретінде бөлініп шыққан заттарды шикізат үшін пайдалануына байланысты. Мысалы, Шығыс, Орталық және Оңтүстік металлургия өнеркәсібінен шығатын өндірістің жанама газдарынан күкірт қышқылы алынып, осы аймақтардағы ірі фосфор  тыңайтқыштарын шығаратын өндірістерге беріліп отырылады. Экономистердің есебі бойынша  тасталатын жанама металлургиялық газдардан алынған күкірт қышқылының өзіндік құны табиғи шикізаттан алынған қышқылдан екі есе арзанға  түседі және 1 тонна өнімге жұмсалатын тиісті қаржының мөлшері де 2,1 есе төмен.

Читать полностью »

Отынды энергетикалық комплекс

1.Энергетикалық  ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздері жатады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына байланысты топтастырылады.

Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұндай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.

Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн тонна, оның ішінде 50 пайызы ТМД елдеріның жерлерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна.

Читать полностью »

Радиациялық ластану

Радиактивті ластану – қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп туғызады. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:

1) радиактивті заттрдың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа- (гелий ядросы), бета- (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулелердің әсерінен болатын радияциялық ластану (физикалық ластану түрі);

2)  қоршаған ортадағы радиактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі.

Читать полностью »

Химиялық ластану

Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді несеме тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестеркезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жрғары елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химилық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.

Қзіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос — өмір) деп айтады.

Читать полностью »

8 страниц12345678



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы