Скачать/Жүктеу
Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларының, ауыл шаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты.
Химия өнеркәсібінің қазақстанда дамуына осы саламен металлургия саласының бірлесіп, яғни металлургия қалдықтарынан, қосалқы өнім ретінде бөлініп шыққан заттарды шикізат үшін пайдалануына байланысты. Мысалы, Шығыс, Орталық және Оңтүстік металлургия өнеркәсібінен шығатын өндірістің жанама газдарынан күкірт қышқылы алынып, осы аймақтардағы ірі фосфор тыңайтқыштарын шығаратын өндірістерге беріліп отырылады. Экономистердің есебі бойынша тасталатын жанама металлургиялық газдардан алынған күкірт қышқылының өзіндік құны табиғи шикізаттан алынған қышқылдан екі есе арзанға түседі және 1 тонна өнімге жұмсалатын тиісті қаржының мөлшері де 2,1 есе төмен.
Химия өнеркәсібінде алынатын өнімдер, қолданылатын технологиялар және шикізат сантүрлі болғандықтан, шығатын қалдықтардың түрі де, атмосфералық ауаны, су бассейндерін және топырақты ластаушы компоненттер де алуан түрлі және көбісі өте улы заттар қатарына кіреді.
Бұл салада экологиялық проблемаларды шешу мәселесі қиындау, өйткені қолданылатын аспаптардың (агрегаттардың көпшілігі ескірген, олардың 60% -не жуығы 10 жылдан артық, 20%-тейі20 жылдың үстінде ұсталғандар, ал 10%-нің пайдалануда болғанына 30 жылдан джа асқан. Осыған қарамастан ауға жіберілетін 90% тазалау цикілінан өткізіледі.
Газды, сұйық пен қатты түрде тіршілік ортаға тасталатын негізгі заттарды атап өтсек, бұлар- көміртек, күкірт, азот оксидтері, көмірсутектер, аммиак, фенол, күкіртті көміртек, бензин, олифендер, ауыр металдардың қосылыстары, беттік активті заттар, спирттер, әртүрлі қышқылдар, фосфогипс, тұздар және т.б.
Химия өндірісіне байланысты әлі ойдағыдай шешімін алмай келе жатқан проблеманың бірі фосфор өндірісінің қалдықтары фосфогипс пен галит мәселесі. Көп мөлшерде жиналаған бұл қалдықтар айналымға қажетті көптеген жер көлемін алып жатуымен қатар, біраз мөлшерде топырақты ластап қышқылдандыруда.