
Скачать/Жүктеу

Қосылыстардың органикалық және бейорганикалық болып бөліну критерииі ретінде олардың элементтік құрамы алынады.
Органикалық қосылыстарға құрамында көміртегісі бар химиялық заттар жатады, мысалы:
Органикалық қосылыстар бейорганикалық қосылыстардан бірнеше ерекшеліктермен айырылады:
- көбінде барлық органикалық қосылыстар жанады немесе тотықтырғыштармен қыздырғанда СО2 бөліп, оңай ыдырайды (бұл белгіге қарап зерттелетін заттың органикалық қосылысқа жататындығын анықтауға болады);
- органикаық қосылыстардың молекулаларында көміртегі Периодтық жүйедегі кез келген элементпен байланыса алады;
- органикалық молекулаларда тізбекпен жалғанған көміртегі атомдарының тәртібі сақталады (ашық немесе тұйық);
- көптеген органикалық қосылыстардың молекулалары тұрақты иондарға диссоцияланбайды;
- органикалық қосылыстардың реакциялары өте баяу жүреді және де көбінесе аяғына дейін жүрмейді;
- органикалық қосылыстардың ішінде изомерия құбылысы кеңінен тараған;
- органикалық заттардың фазалық ауысуы өте төмен температурада жүреді (т.қайн., т.балқ.).

Скачать/Жүктеу
