МЕТГЕМОГЛОБИН ТҮЗІНДІЛЕРІМЕН УЛАНУ


Скачать/Жүктеу

МЕТГЕМОГЛОБИН ТҮЗІНДІЛЕРІМЕН УЛАНУ

Метгемоглобин оттегін қасымалдау қабілетінен айырылған гемоглобин туындысы болып табылады. Метгемоглобинемияның туа пайда болған және жүре пайда болған түрлерін ажыратады.

Метгемоглобинемияның улану кезіндегі туа пайда болған  түрі  гемоглобин  молекулаларының құрлымының  немесе эритроциттердің кейбір ферменттерінің күрт төмендеуімен (жоғалуы) негізделген. Метгемоглобинемияның жүре пайда болған түрі кәсіпте және тұрмыстық жағдайлардағы химиялық заттармен (қышқылдармен, бензол, анилин туындылары, азот қышқылдары), дәрілік зататрмен улану (фенацетин, викасол, кейбір сульфаниламидтер және малярияға қарсы заттар), нитраттарға бай колодезді суды қолданғанда. Қалыпты жағдайда метгемоглобиннің қандағы көрсеткіші жалпы гемоглобин құрамының 1,0-2,5% жоғарламайды, ал зәрде болмайды. Ол зәрде пайда болса, зәр қанды қызыл түске боялады.

Бензолдың аминды-нитратты қосындысымен және оның гомологтарымен улану.

Олар органикалық қосындыларды, жанама смолаларды, жарылғыш заттарды, дәрілік заттарды дайындауда, мотор жанармайларына қосынды ретінде инсектицидивте, фото суреттерді шығарудағы  пластикалық массаларды алудағы бастапқы материял ретінде қолданады.

Ағзаға ену жолдары:

-                                             тыныс мүшелері  арқылы

-                                             тері жабындылары арқылы

-                                             сирек асқазан іщек жолдары арқылы

Байланыстың ұзақтығымен концентрациясына байланысты:

-                                             жедел уланулар

-                                             созылмалы уланулар

Патогенезі:

Жедел уланулар жиі зақымдануларға әкеледі:

-                                             ОНЖ: пирамида жолының, жолақты денешіктің, қыртыстың, шеттік жүйке жүйесінің

-                                             Метгемоглобинтүзуге(гипоксемия)

-                                             Гемолизге тура емес билирубиннің жоғарлауынан гемолитикалық анемия

Созылмалы уланулар — паренхиматозды ағзалардың  зақымдануы.

Эритроциттерде көкшіл дөңгелек  түзіліс түріндегі  қайтымсыз дегенеративті өзгерістер дамиды, Гейнц денешіктерінің шеті бойында орналасқан.

Бензолдың аминді-нитратты қосындысы құрамында күкірт қосындысы бар амин қышқылдарымен әсерлесіп, SH-тобының молекулаларын ынталандырып, осы арқылы амин қышқылдарының биологиялық белсенділігі жоғалады.

Шумақшаларға және зәр шығаратын  жолдардың шырышты қабаттарына нефротоксикалық әсерінен жедел бүйрек  жетіспешілігі дамиды.

Зәр шығаратын жолдардағы неопластикалық процестің дамуында байланыстың ұзақтығы, түрі, жеке орналасуының маңызы зор.

Клиникасы: Жедел улану:

  1. Шырышты қабаттарымен терісі сұр-көкшіл түсті. Қаны- қою қоңыр түсті. Пигменттің түстерімен байланысты.
  2. Эритроциттерге бензолдың аминді-нитратты қосындысының токсикалық әсерінен екіншілік гемолитикалық анемия белгілері: эритроциттердің гемолизі, тура емес билирубин деңгейінің жоғарлауы, пойкилоцитоз, анизоцитоз, Гейнц денешіктері, эритроциттердің базофилдерінің түйіршіктенуі, ретикулоцитоз, нормобластар, мегалобластар. Лейкоцитоз, қан формаларының солға қарай ығысуымен, ЭТЖ жоғарлауы, қанның ұйығыштығының жоғарлауы. Зәрде уробилин, нәжісте стеркобилин болады. Сарғаю. Терідегі геморрагиялық бөртпелердің болуы.
  3. ОНЖ зақымдануы: астеновегетативті синдром, милы құсулар, депрессия, тартылулар, кома. Тыныс орталығының параличімен жүрек жетіспеушілігінен өлім.
  4. Бронхит, ларингит, трахеит көріністері.
  5. Геморрагиялық цистит белгілері, жедел бүйрек жетіспеушілігінің «гемолитикалық» немесе токсикалық бүйректің дамуы(ЖБЖ 4 кезеңі).

Уланудың 3 дәрежесін  ажыратады: жеңіл, орташа, ауыр.

Жеңіл – метгемоглобин 20-30%ке дейін; бірен-саран Гейнц денешіктері

Орташа – метгемоглобин 30-40%ке дейін; 15%ке дейін Гейнц денешіктері

Ауыр – метгемоглобин 60-70%ке дейін; 80%ке дейін Гейнц денешіктері

Емі: 

  1. Зардап шеккен адамды алып шығару.
  2. Былғанған дене бөлшектерін жуу.
  3. Оттегілік ем.
  4. 1% — 10-20 мл метилен көк ертіндісі; 30 %-10-20 мл тиосульфат натрии, глюкоза ертіндісі.
  5. Бүйректің жіті жетіспеушілігімен күрес.
  6. Симптомды ем.

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы:  

Жедел улану кезінде — стационарлық ем →  жұмысқа қайта келу.

Созылмалы уланулар кезінде – уақытша 2 айға басқа жұмысқа ауысу(еңбекке жарамсыздық парағы).

Алдын алу:

  1. Желдеткіштің рационалды жүйесі
  2. Дербес қорғаныс шаралары
  3. Терапевт, неврапотолог, офтальмологтардың қатысуымен 20 айда бір рет медициналық қаралудан өту.

Жұмысқа қабылдаудың қарсы көрсеткіштері: кеңінен

Бензидин, деанизидин, толуидинді қолданған кезде – 3 айда бір рет медициналық қаралу, уролог, терапевт, цитоскопия жасату.

Нитрофенолды пестицидтермен улану: Нитрофеналды пестицидтерді дүст, ерітінді түріндегі фунгицид ретінде қолданады.

Патогенезі: Метгемоглобин түзетін заттармен улану (жоғарыдан қараңыз).

Клиникасы: Жедел уланулар: әлсіздік, бас ауыру, қызба, склераның ағаруы, гипотония, тондардың тұйықталуы. Кейінне токсикалық гепатит, нефрит симптомдары. Қызба. Қанға тән емес өзгерістер: сүт қышқылы және ацетон.

Созылмалы уланулар: астеновегетативті синдром. Аллергиялық дерматит. Катаракта. Терімен склераның сарғаюы. Миокардиодистрофия көріністері.

Емі:

  1. Метилен көгі
  2. Дезинтоксикациялық ем
  3. Қан ағызу
  4. Симптомды ем

 

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

  1. МетНв түзілуінің эндогенді стимуляторларына жатады:

1. бос радикалдар

2. пероксидтер

3. ферменттер

4. пуриндер

5. қанның белоктары

 

2. Метгемоглобинтүзушілерге қай қосылыстар жатады?

1. никелдің карбонилі

2. көміртек газы

3. анилин, нитробензол

4. бензол, бензил

5. мышьякты сутегі

 

3. Метгемоглобинтүзушілермен улану кезіндегі антидот:

1. гемиялық типтегі гипоксия

2. гемолитикалық

3. тіндік тыныстың бұзылуы

4. нейротоксикалық әсер

5. гепатотоксикалық әсер

 

4. Метгемоглобинтүзушілермен улану кезіндегі басты синдром:
1. гемиялық типті гипоксия

2. гемолиздік

3. тіндік тыныстың бұзылуы

4. нейротоксикалық әсер

5. гепатотоксикалық әсер

 

5. Метгемоглобинтүзушілермен улану кезіндегі науқастардың қанында Гейнц денешіктерінің анықталуы көрсетеді:

1. лейкоциттердің терең зақымдануы

2. эритроциттердің терең зақымдануы

3. тромбоциттердің терең зақымдануы

4. лимфоциттердің терң зақымдануы

5. моноциттердің терең зақымдануы

 

6. Қалыпты жағдайды метгемоглобиндердің эритроциттердегі саны:

1. жалпы Нв құрамының 2,5-5 %

2. жалпы Нв құрамының 3 — 4 %

3. жалпы Нв құрамының 1 – 2,5  %

4. жалпы Нв құрамының 10 – 15  %

5. жалпы Нв құрамының 5 — 8 %

 

7. Анилинмен улануының  негізгі көріністері:

1. Карбоксигемоглобинемия

2. Метгемоглобинемия

3. цитохромоксидаза — цианид комплексінің түзілуі

4. формальдегид пен құмырсқа қышқылы тәрізді метаболиттердің түзілуі

5. аралық және асқын сутегі (перекись водорода) радикалдарының түзілуі

 

8. Метгемоглобиенмияның клиникалық синдромдарына жатады:

1. бас ауыру, бас айналу

2. гипотензия

3. тартылулар мен кома

4. сарғаю және анемия

5. барлық аталғандар дұрыс

 

9. Метгемоглобинтүзушілермен ауыр уланудың сипаты:

1. акроцианоз

2. склера мен тері жабынының сарғыштығы

3. шырыштың және тері жабынының көгеруі

4. тері жабынының айқын бозаруы

5. бетінің гиперемиясы

 

10. Метгемоглобинтүзушілерге жататын қоысындыларды таңдаңыз:

1 . Анилин

2. Хлорофос

3. көмір қышқыл газы

4. синил қышқылы

5. қорғасын


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы