АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕРІМЕН УЛАНУ


Скачать/Жүктеу

Ароматты көмірсутектеріне бензол және оның гамологтары жатады. Ол басым гемопоэзді зақымдайтын уларға жатады. Ароматты көмірсутектеріне бензол жатады. Бензол – бұл арнайы хош иісі бар сұйықтық. РЕК (ПДК) – 5 мг/м3. Спиртте, майда, эфирде жақсы ериді, ал суда мүлде ерімейді. өндірісте бояғыштарды, лактарды ерітуде жиі қолданылады, сонымен қатар  әртүрлі қосындыларды алуда (хлорбензол, стирол). Ену жолдары.

- өкпе арқылы

- зақымданбаған тері арқылы

Бензол жедел және созылмалы улануларды тудыруы мүмкін.

Патогенезі: Бензол политропты у болып табылады, көбінесе ОНЖ мен сүйек миының басым зақымдануымен жүреді. Қан түзілуінің патогенезі бензолдың сүйек миындағы бағаналы клеткаларға токсикалық әсерімен байланысты – эритро және тромбоцитопоэз. Гемопоэздің зақымдануына, Витамин В6, В12 және витамин С балансатарының бұзылуына әкеледі.

Жүйке жүйесінің зақымдану патогенезі толық зерттелмеген. Ол ОНЖ тұрақты түрде әсер етіп, нейродистрофикалық симптомокомплекстің дамуын тудырады.

Клиникасы: бензолмен жедел уланулар аз уақыттың ішінде бензол буының үлкен концентрациясымен тыныс алу нітижесінде пай»да болады және ОНЖ зақымдануы наркотикалық улармен уланған кездегідей жалпы ми бұзылыстарының құбылысымен жүреді.

Жеңіл дәрежесі – «жеңіл эйфория» — әлсіздік, бас айналу, құлағында шу, басының ауыруы, жүрегінің айнуы, құсу, жүрісінің бұзылуы. Бірнеше сағаттан кейін қайта қалпына келеді.

Орташа ауырлық дәрежесі – басының ауыруы күшейе түседі, тері жабындыларының бозаруы, гипотермия, тынысының жиілеуі, ЖТЖ бұзылыстары-тахикардия, гипотония. Бұлшық еттердің тартылуы – тоникалық және клоникалық, қарашықтың ұлғаюы. Естен тану және коматозды жағдай болуы мүмкін. Жазылуы мүмкін, не жүйке жүйесінің функционалдық бұзылыстары – астеновегетативтік синдром.

Ауыр дәрежесі – токсикалық кома, тыныс орталықтарының салдануы. Қандағы өзгерістер – қөанның орталық реттелуінің бұзылуына байланысты шамалы лейкоцитоз.

Созылмалы улану ұзақ уақыт бойы аз мөлшердегі бензол буымен тыныс алған кезде немесе оның жүйелі түрде тері жабындыларына түскенде дамиды.

Сүйек миында қанның түзілуіндегі зақымдануларға тән:

1 деңгейде — әлсіздік, шаршағыштық, бас ауыру, тәбетінің, ұйқысының болмауы. Қанда лейкопения 4,0*109/л, нейтропения, ретикулоцитоз.

Орташа деңгейінде – астеновегетативтік синдром, қызыл иектің қанауы, мұрыннан қан кету, етеккірдің көп мөлшерде келуі, тері жабындыларының бозаруы + жгут симптомы, токсикалық гепатит құбылыстары. Қанда  -лейкопения 2,0*109/л, нейтропения, шамалы лимфоцитоз, гипрехромды анемия, ЭТЖ-70 мм/сағ, екіншілік инфекцияның қосылуы.

Атипті түрлері бар:

-               эритропоэздің басым зақымдануымен жүретін – гипопластикалық анемия

-               тромбоцитопоэздің басым зақымдануы – тромбоцитопениягеморрагиялық синдромдармен

-                     бензолды лейкоз (жедел және созылмалы)

Салыстырмалы диагностикасы:

  1. кәсіптік емес этиологиялы анемия (постгеморрагиялық анмеия, апластикалық анемия, В12-жетіспеушілік анемия)
  2. лейкопения

-               дәрілік заттарды қабылдаумен байланысты

-               ЖҚЖ

-               Фелти синдромы

-               Сүйек миындағы қатерлі ісіктердің метостазы

  1. тромбоцитопения – Верльгоф ауруы
  2. панцитопения – гиперспленизм
  3. қатерлі түзілістер

Емі: Жедел улану:

  1. байланысты үзу
  2. седативті заттар (бром, валериана)
  3. дезинтоксикациялық ем (глюкоза С-витаминімен)
  4. ЖТЖ –кофеин, камфора, кордиамин, строфантин
  5. тыныс тоқтаған кезде – цититон, өкпенің жанама вентеляциясы

Созылмалы улану

  1. Жалпы күшейтетін (Вит. В1, В6, В12 және С)
  2. лейкопоэзді ынталандыратын (пентоксил 0,2г пор. Х3 рет, лейкоген х3р, натридің нуклиенаты 5%-1,0)
  3. эритропоэзді ынталандыру – фоли қышқылы, Вит. В12.
  4. геморрагиялық синдромдармен күрес – викасол, рутин, хлорлы Са, аскорбин қышқылы
  5. алмастыратын ем
  6. АБ-ем
  7. көрсеткіші бойынша спленэктомия
  8. сүйек миының  трансплантациясы

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы

Жедел улану – емі 3-15 күн аралығында, қайтадан жұмыс орнына қайып келеді. Созылмалы улануларда.

  1. байланысты үзу, жеке жұмысқа орналастыру
  2. МӘСК-бағыттау
  3. мүгедектік

Алдын алу: Бензолмен жұмыс істеудің қарсы көрсеткіштері:

-                                             Нв 130 г/л ерлерде

Нв 120 г/л әйелдерде

-                                             вегетативтік дистония

-                                             қатерсіз ісіктер

-                                             алкоголизм, наркомания

-                                             психоз

-                                             бауыр және өт жолдарының аурулары

-                                             бензол өндірістері бойынша әйелдер жұмысқа алынбайды

Кезеңді түрдегі медициналық қараулар:

12 айда бір  рет терапевт, невропатологта қаралу (ҚЖА тромбоцитопениямен, ретикулоциттермен).

 

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Бензолмен сүлелі улану кезінде сүйек миының аплазиялық көріністеріне бәрі тән, тек:

  1. пентоксил
  2. лейкоген
  3. циклофосфан
  4. натрий нукленаты
  5. преднизалон

 

2. 35 жастағы маляр, 10 жыл жұмыс стажы бар, еріткіш ретінде бензолды қолданады. Жалпы әлсіздікке, иектің қанағыштығына шағымданады, жылына екі рет жатырдан қан кету болды. Ұрттарының шырышты қабықтарында нүктелі қанталау, пульс 70 соғ/мин, АҚ 100/60 ммртст. Эмоционалды, лабилді, ашуланшақ, жылауық, сіңірдің рефлекстері жоғаылаған, жалпы гипергидроз, тұрақты қызыл дермографизм, саусақтарының треморы. Қанның анализінде: Нв — 66 г/л, Эр-3,7, ТК-0,75, Л-5,6, ЭТЖ-5, тромбоциттері-110000. Сіздің диагнозыңыз және жұмыс қабілетінің эксперттік шешімі?

1.жеңіл дәрежелі бензолмен соз.улану, еңбекке жарамсыздық парағы беріледі

2.орташа ауырлықта бензолмен соз.улану, стационарлы ем, кәсіптік аурумен еңбекке жарамсыздық парағы беріледі

З. ауыр дәрежелі. бензолмен соз улану, стационарлы ем, ДЕСК (ВТЭК) жіберу

4. Верльгоф ауруы, амбулаторлы ем, жалпы аурумен еңбекке жарамсыздық парағы беріледі

5.геморрагиялы васкулит, жалпы аурумен еңбекке жарамсыздық парағы беріледі, амбулаторлы ем

 

3. Бензолмен жедел уланудың ауыр дәрежесіне тән:

  1. күрт естен тану, токсикалық команың дамуы, тыныстың тоқтауы
  2. өршімелі әлсіздік, бас ауыру, мазасыздық, дене температурасының төмендеуі, АҚ төмендеуі, тоникалық-клоникалық  тартылулар, тахипноэ, мидриаз
  3. жеңіл эйфория, жалпы әлсіздік, бас айналу, құлағында шу, жүрек айну, құсу
  4. жалпы дегбірсіздік, бас ауру, ұйқысының бұзылуы, тітіркендіргіштік, эпигастридегі ауырсыну, диспепсия, геморрагиялар
  5. сезімтал және вегетативті талшықты токсикалық энцефалопатияның зақымдалуымен полиневротикалық синдромның дамуы, фоникулярлы миелоздың дамуы

 

4. Бензолмен сүлелі улану кезінде ең алдымен зақымданады:

  1. бүйрек
  2. қан-түзетін сүйек миы
  3. жүрек-тамыр жүйесі
  4. АІЖ
  5. жоғарыдағының бәрі

 

5. Науқас К, 8 жыл маляр болып жұмыс істейді, ертінді ретінде 50% бензолды қолданады, жалпы әлсіздікке, дегбірсіздікке, басының ауыруына,  иектің қанағыштығына, парастезияға шағымданады. 8 жыл маляр болып істейді. Объективті: шырышттарында нүктелі, пульс 70. АҚ-100/60 мм рт ст. Ішкі ағзалары өзгеріссіз. Неврологиялық статусы – эмоционалды лабилділік. Бас сүйекөми жүйкелері қалыпты, сіңірдің рефлекстері жоғарылаған, гипергидроз, қызыл тұрақты дермографизм, қолдарының саусақтарының треморы. Қанда — Нв-120 г/л, эр- 4,0, Л-3,6, ЭТЖ-12 мм/сағ, п-2, с-43, э-1,6-0, л-49. Жұмыс қабілетінің экспертизасы?

1.кәсіптік ауру бойынша мүгедектік көрсетілмеген

2.I кәсіптік ауру бойынша I топ мүгедегі

3. кәсіптік ауру бойынша III топ мүгедегі

4. кәсіптік ауру бойынша I топ мүгедегі

5.уақытша басқа жұмысқа ауыстыру

 

6. Төмендегі көресетілген қосындылардың қайсысы ароматты көмірсулар тобына жатады?

1. хлорлы сутек

2. сероуглерод

3. меркуран

4. бензол

5. нитрофан

 

7. Сүлелі бензолмен уланудың атиптік клиникалық түрлеріне жатады:

1. эртремия

2. Миеломды ауру

3. Гемолитикалық анемия

4. Лейкоз

5. Порфирия

 

8. Бензолдың қосядролы қосындысы әсер етеді:

1. капиллярлық токсикалық әсер

2. аллергиялық әсер

3. канцерогендік әсер

4. тамырды кеңейтетін әсер

5. миелотоксикалық әсер

 

9. Бензолдың сүлелі әсерінің ең маңызды көріністері бұл:

1. сүйек миының толық аплазиясы

2. қозу, эйфория

3. тартылулар және тыныс жетіспеушіліктері

4. қарыншалық аритмия

5. жоғарыдағының бәрі

 

10. Атропинмен улану кезінде төмендегілердің бәрі парасимпатикалық блокада көріністеріне негізделген, тек:

1. шырышты қабаттар мен терінің құрғауы

2. қарашықтың кеңеюі және ксерофтальмия

3. шөлдеу және дисфагия

4. қызба

5. гиперсаливация


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы