Скачать/Жүктеу
Металдар таза түрде конструкциялық материалдар ретінде өте сирек колданылады. Механикалық қасиеттерін жоғарылату үшін немесе қажет қасиеттер беру үшін оларды басқа-металдармен немесе металл емес заттармен бірге балқытып,’ қорытпалар алады. Олардың негізгі элементі металл болуы керек. Металл қорытпалары таза металга қарағанда арзандау, механикалық қасиеттері жоғары және көбінесе бойында өте бағалы химиялық және физикалык қасиеттері болады. Олар көбінесе жақсы технологиялық, мысалы кесу аспаптарымен жақсы өңделуі, пісірілгіштігі, соғу мен өңделуі және құйылу қасиеттерімен сипатталады. Қорытпа дайындаудын басқа да тәсілдері: біріктіріп пісіру, электролиздеу, возгонкалау және тағы басқалар болуы мүмкін.
Қорытпалар теориясының негізгі ұғымдарына жүйе, компонент және фаза жатады.
Жүйе деп белгілі жағдайда (температура, қысым) бакылау және зерттеу үшін таңдап алынған металдар мен металл қорытпаларып айтады. Жуйе жай және күрделі болады, таза металл — жай жүйе, ал химиялық қосылысты қорытпалар — күрделі жүйе.
Комионент деп жүйе қүрамының тәуелсіз бөлшегін айтады. Қорытпаларда компонент ретінде химиялық элементтер мен химиялык қосылыстар болуы мүмкін. Мысалы, Рb - Сb жүйесіндегі компоненттер — қорғасын мен сүрме, Аl — Мg- Sі жүйесіндегі компоненттер — алюминий мен Мg Sі химиялық қосылысы.
Фаза деп жүйенің басқа бөліктерінен белгілі шекарамен шектелген біртекті бөлігін айтады. Фаза өз шекарасынан өткенде, оның қасиеті күрт өзгереді. Фазалар қатты, сұйық және газ түрінде болады. Мысалы, таза металл кристалданғанда, жүйеде екі: сұйық (балқытылған металл) және қатты (қатайған металдың түйірі) фаза болады.