Туристерді мүліктік сақтандыру


Скачать/Жүктеу

Бүкіл әлемдетуристік фирмаларды, туристерді және саяхатшыларды мүліктік сақтандыру тәжірибесі ертеден келеді.

Халықаралық және ішкі туризм сақтандыру процесінсіз мүмкін емес. Сақтандыру полисі – бұл туристерге қауіпсіздік пен қолайлылыққа кепілдік беретін туристік сервистің қажетті құрамдас бөлігі.

Туристердің өздерімен алып жүрген және саяхат кезінде қолданатын мүліктерін сақтандыру оларға қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.  Қазіргі кезде АҚШ-да 8 мыңнан аса компаниялар тек қана мүліктік сақтандырумен айналысады.

Туристердің мүліктерін сақтандыруға сақтанушы мен оның жанұя мүшелерінің өздерімен бірге немесе көлікпен тасып жүрген жеке пайдаланатын заттарын (кинокамералар, фотоаппараттар, киімдер т.б.) және туристік мүліктерді (спорттық, тау-шаңғылық, су серуендік т.б.) жатқызады.

Қазіргі кезде сақтандыру ісі көптеген елдерде кең таралып келеді. Көптеген сақтандыру компаниялары мен фирмалары құрылды, бірақ олардың кейбіреулері ғана шетелдік сапарға баратындарды сақтандырумен айналысады. Іс-сапар немесе туристік саяхатқа шетелге барған туристке кенеттен қауіпті жағдайлар төнуі мүмкін. Қысқа мерзімді саяхаттарды бұндай жағдайлардың болу мүмкінділігі азырақ (100-150 туристке 1-2 жағдайдан), Ең  жиі қауіпті жағдайларға мүлікті ұрлау немесе оның жоғалуы, тонау, автокөлік апаттарынан сақтанушы мен 3-ші тұлғаларға қарсы әртүрлі іс-әрекеттер әсерінен мүліктің бұзылуы, сынуы жатады.

Сақтандыру ұйымдары мен туристер және туристік фирмалар арасындағы құқықтық қатынастар әрбір сақтандыру ұйымының дербес әзірлеген сақтандырудың жалпы Ережелері негізінде жасалған сақтандыру оқиғасының нақты түрінің Ережелері мен мүліктік сақтандыру келісім-шартында толығымен бекітіледі.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы