Апатты жағдайдағы қажетті заттар


Скачать/Жүктеу

Жоғары күрделіліктегі туристік жорықтарда апатты жағдайларда қажетті заттар керек болады. Осы заттар құрамына азық-түліктердің бір бөлігі (сақталатын қорлар) және бірқатар қажетті заттар кіреді. Апатты жағдайларда қажетті заттарды сақтау мен тасымалдауды тәжірибелі дайындалынған туристер қамтамасыз етеді. Бұл заттардың құрамы жорықтың ерекшеліктерімен анықталады. Төменде таулы аймақтардағы саяхат кезінде қажетті заттардың тізімі (азық-түліктен басқа) келтіріледі:

1.      контейнер – тасымалдауға арналған жеңіл сөмке;

2.      компас;

3.      жиналмалы пышақ, ұзындығы 120 мм;

4.      су өтпейтін қораптағы сіріңке;

5.      құрғақ спирт (7-10 таблетка);

6.      май шамдар (3-5);

7.      дәрігерлік қобдиша (йод, қан тоқтатқыш, байлайтын құралдар, антибиотиктер);

8.      кескіш сымтемірлі;

9.      тоқты фонарь;

10. белгі беретін айна, патрондар;

11. балық аулайтын заттар;

12. темір фольга;

13. полиэтиленді пленка (жауын-шашыннан жабын);

14. қансорғыш жәндіктерге қарсы репелленттер.

Апатты азық-түліктің қоры дегеніміз – бұл ұзақ автономды өмір сүру кезінде ағзаның энергия және тамақ қажеттіліктерін өтейтін апатты жағдайда қажетті тамақ рационы.  Қалыпты жағдайда рацион калориялығы ағзаның энергия шығындарын жауып отыруы керек.

Апатты азық-түліктің қорының маңызы зор. Біріншіден, ол адамның аш қалмауына септігін тигізеді; екіншіден, адамның ағзасының жоғалтқан энергиясын толтырады. Азық-түліктің апатты қорының өнімдік құрамы оны пайдалану географиясына байланысты. Ыстық климатты аудандар үшін азық-түліктің апатты қорының негізін көміртекті тағамдар құраса, ал полярлы жерлерде майлар мен ақуызы көп тағамдар құрайды. Апатты азық-түліктің қорын пайдаланудың спецификалық жағдайлары азық-түлікке бір қатар талаптар қояды. Олар қосымша кулинарлық әзірленусіз қолданылуы, жеңіл қабылдануы, жағымсыз климат жағдайларында да қалыпты сақталуы, ағзадағы судың сақталуын қамтамасыз етуі қажет.

Апатты азық-түліктің қорының қолданылуының ерекше жағдайларын, сақталу және тасымалдауды ескере отырып, оны жинау кезінде аз салмақты көп калориялы және ұзақ уақыт бойы сақталынатын өнімдерді қолданады. Кейбір кездерде ет консервілері, және де шоколад, галет, қант, карамельдер алынады. Олардан әскери авиация ұшқыштарына арналған апатты азық-түліктің қорын жасаған.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы