Туристерді медициналық сақтандыру


Скачать/Жүктеу

Медициналық сақтандыру халықтың денсаулығын сақтау мүддесін қорғау түрі болып табылады. Оның мақсаты – сақтандыру жағдайы болған кезде азаматтарға жиналған қор есебінен дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету және аурудың алдын ала емдеуді қаражаттандыру.

Медициналық сақтандыру жеке сақтандыру түріне жатады. Ол сақтанушының денсаулығына қауіп-қатер төнген жағдайда сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді.

Медициналық сақтандырудың келесі түрлері болады: амбулаторлық ем алу шығындарының, хирургиялық шығындарының, ауруханада болу шығындарын, ауруға диагноз қою шығындары бойынша сақтандыру.

Медициналық сақтандыру екі түрде – міндетті және ерікті болып жүргізіледі. Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол медициналық сақтандыру бағдарламасына сәйкес барлық ел азаматтарына медициналыұ және емдік көмек алуда тең мүмкіндіктер береді. Ерікті медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасы негізінде іске асырылады. Ол азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы белгілеген қызметтердің үстіне қосымша басқа да медициналық қызметтерді көрсетеді. Ерікті сақтандыру топтық және жеке түрде болуы мүмкін.

Туризм саласында ерікті медициналық сақтандыру келесі тұлғаларға таралады:

-   шетелге баратын азаматтарға;

-   ел территориясына уақытша келген шетелдік азаматтарға.

Шетелде медициналық қызмет көрсету басқа ел азаматтарына ақылы әрі өте қымбатқа түседі. Мысалы, Израилде аппендицитке операция жасау кемінде 1500-2000 долларға түседі. Тіс дәрігерінің қабылдауы 250 доллардан кем болмайды. Және де шетелде дәрігердің нұсқау қағазынсыз ешқайдан тіпті өз есебіні де дәрі-дәрмек ала алмайды. ТМД елдерінің жіберуші фирмалары жиі туристерді сақтандырмайды. Шетелдік фирмалармен келісім-шартта медициналық қызмет көрсету мәселелерін қарастырудан көп кездерде жалтарады. Бұндай жағдайды тәжірибе жүзіндебіле тұра туристердің саяхат кезінде мүмкін болатын қауіпті жағдайлар мен ауруына байланысты мәселелерін шешіп бермейтін кездері де болады. Туристердің сақтандыру компаниясынан қауіпті жағдайдан сақтандыру шартына отырғаны ұтымдырақ болады. Сақтандыру полисін алып қана қоймай, оның қандай компоненттерден тұратынын және құны қалай немен анықталатынын білу қажет. Сақтандыру полисі – бұл саяхаттың құрамдас бөліктерінің бірі, сондықтан оны алған дұрыс. Басқадай жағдайда саяхатшы қауіпті жағдайда қалғанда денсаулығына қауіп төнсе, оның шығындарын айтарлықтай азайтады. Қандайда бір медициналық қызмет түрі сақтандыру полисінің құрамына енгізілмеуі мүмкін. Сақтандыру полисін турист өзі ме әлде туристік фирма ала ма оны сақтандыру шарттарымен таныса отырып білу керек. Сақтандыру полисі франшизалы немесе франшизасыз екендігін де білген жөн.

Франшиза деп сақтандыру компаниясы емес туристің өзінің төлейтін медициналық шығындарының бөлігін атаймыз. Франшизасыз сақтандыру полисінің құны арзанырақ тұрады, бірақ бұл түрі туристке қауіп төнген жағдайда бірталай қиындықтар туғызуы мүмкін. Франшиза шартты және шартсыз.болып 2 түрге бөлінеді.Шартты франшизалы сақтандыру полисін алу тиімдірек, себебі егер алған зақымның шығыны көрсетілген сомадан асып кетсе, шығын толығымен өтеледі.

Сақтандыру полисінде зардап шегуші қандай оқиғаларда ем алу шығындары төленетіні, қандай оқиғалар сақтандыруға жатпайтындығы және қай кезде турист өз шығындарын көтеретіні көрсетілуі тиіс. Сақтандыру полисі кенеттен болған ауру немесе қауіпті жағдайлардан туристің науқастануына байланысты емдік көмек алуын қарастырады. Ұзақ өмір бойы ауырып келе жатқан аурулары бар адамдар сақтандыру компаниясының есебінен ем ала алмайды. Олар саяхат алдында өздерін емдейтін дәрігеріне міндетті түрде қаралуы керек. Саяхат кезінде дәрігердің барлық ұсыныстарын орындап, ұсынылған диетанықатаң түрде сақтау қажет (әсіресе, тағамдары «өзгеше» болып келетін елдерде). Ұстамалы және рецептивті аурулар кезінде әрине алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі, бірақ ары қарайғы туристің ем алуы өз есебінен болады. Сақтандыру компаниясы саяхатшының ішімдік ішкен немесе есірткі шеккен кезінде алған зақым, жарақаттары үшін шығындарын төлемейді.

Сақтандыру полисі бойынша төленьейтін аурулар қатарына әртүрлі жұқпалы аурулар жатады. Кейбір жағдайларда, бір жағынан сақтандыруға жататын, мысалы, кенеттен тістің ауруы сақтандыру полисінің шегінде төленбеуі де мүмкін. Егер турист өзінің тісі ауыратынын білсе, онда тіс ауруы кезінде шығындары өтелуі қарастырылған бағдарламасы бар полисін қымбатырақ болса да алғаны ұтымды болады. Бұндай жағдайда сақтандыру компаниясы клиентке тісінің ем алу шығындарын төлеп беруге міндетті болады. Сақтандыру полисінде бұл бағдарлама қарастырылмаса, тісті емдету едәуір қымбатқа түседі.

Емдік қызметтің сапасы, тегін көмек алу процесі тікелей ассистанспен байланысты. Медициналық мекеме мен сақтандыру компаниясының ынтымақтаса жұмыс істейтін делдалмен байланысты болады. Ассистанс қаншалықты ірі орнықты болса, соншалықты емнің сапасыоны тегін алу процедурасыжақсырақ болады. Көрсетілген дәрігерлік қызмет көрсетуде төлемнің 2 түрі бар. Бірінші тәсілінде төлемді сақтандыру компаниясы тікелей өзі жүзеге асырады, клиент тек дәрігер жазып берген дәрі-дәрмекті ғана сатып алады. Екінші тәсілінде медициналық мекемелермен клиент өзі сол жерде төлем жасайды, ал сақтандыру компаниясы оған келген соң шығындарын чек немесе басқа да құжаттар арқылы қайтарып береді. Бірінші тәсіл айтарлықтай ыңғайлы болады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы