Палаткасыз түнеуді ұйымдастыру


Скачать/Жүктеу

Керек жағдайда маршрутта жауын мен желден қорғайтын қарапайым қорған жасап палаткасыз да түнеуге болады. Бұндай жағдайлар жорықтардың басталғанда болып тұрады. Әсіресе, туристер саяхаттың соңғы керекті жеріне кеш келіп қалған кездерде болады. Ертеңінде ертемен туристік топ ары қарай қозғалу керек болған соң олар сол жерде түнеп қалады. Жаз мезгілінде жауыннан қорғану үшін қалқа жасап, ұйықтайтын қаптарда түнеуге болады. Ұйықтайтын қаптың астына поролон немесе үрленетін төсеніш төсеу керек. Олардың болмаған кездерінде төсеніш ретінде өсімдіктердің жапырақтарын пайдаланады.

Аңшылар мен балықшылар өздерінің аялдаған жерлерінде иілмелі шатыр қалқа жасайды. Ол үшін қадалар қағып оған ағаш бұтақтарын жабады.

Қыс мезгілдерінде қар жабынында түнейтін жер ұйымдастыруға болады. Ол үшін қалың қар ішін ойып түнеу орнын жасайды. Бұл ойықта түнімен отта жағуға болады. Оның желді жағынан жақсы қалқа жасап қою керек. Бұндай түнеу орнын жасау өте күрделі қиын болады, бірақ тәжірибелі туристке бұндай орынды жасауға 1,5-2 сағат уақыт кетеді. Орманды жерлерде ағаштар жанынан  үңгір жасап та түнеуге болады. Ол үшін оның діңгегі жанындағы қар жабынын терең етіп қазып бұтақтармен жауып, үстінен қармен бастырады.

Қатты аязды күндері қопсыма қардан қарапайым үңгір жасауға болады. Ол үшін қарды бір үйеме етіп  жинап үстінен қаттап үстінен су құйып қатырады. Сонан соң қатқан қарды қазып үңгір жасайды. Ауа шыққанға кішкене ойық-тесік жасайды. Ішінен от жаққанда оның қабырғасын қатайтып түнеуге мүмкіндік береді. Бұндай түнеу орны жылуды жақсы сақтайды.

Қардан жасалған орында түнеудің жақсы өтуі көптеген жағдайларға байланысты болады. Сол себепті түнеуді ұйымдастыру бойынша барлық жұмыстарды мұқият орындау және тәртіп ретін сақтау қажет.

Қардан жасалған орындарда күрек немесе пышақ болуы керек, себебі қар құлап басып қалуы да мүмкін.

Үңгірлердің ішінде отты пайдаланған кездерде улы газбен уланып қалудан сақтану қажет. Сондықтан таза ауа кіріп тұруды қамтамасыз ету керек. Ұйықтайтын қаптарда жатқанда адам басымен бірге кіріп ұйықтауы қауіпті. Онда демалғаннан ауа дымданып қатырады. Адам бетін киімімен жауып жатуына болады.

Қорытындылап айтатын болсақ, ең қиын күрделі жағдайлардан да шығудың көптеген жолдары бар. Ол үшін адамдардың  қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бай тәжірибелерін есте сақтау жеткілікті. Ол тәжірибелерді барлық жорық түрлерінде белсенді түрде игере білу керек. Қиыншылықтар пайда болған кезде біріншіден, ол жағдайды, мүмкін болатын іс-әрекеттерді және оның салдарларын мұқият талдап бағалай білу керек.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы