Скачать/Жүктеу
Жол қозғалысын реттеу үшін келденең және тігінен орналасқан бағдаршамдар қолданылады.
Бағдаршамдарда жасыл, сары, қызыл және ай түстес ақшыл жарық сигналдары қолданылады.
Сигналдары тігінен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түсжоғарыда орналасады, ал жасыл —теменде; сигналдар келденеңінен орналасқанда — қызыл сол жақта, жасыл — оң жақта орналасады.
Бағдаршам сигналдары белгілі мақсатында байланысты дөңгелек, бағыттаушы түрінде (керсеткіші), жаяу жүргінші немесе велосипед кескінінде және Х-үлгісінде болуы мүмкін.
Деңгелек сигналды бағдаршамдардың бір немесе екі, деңгелек жасыл сигналдың деңгейінде орналасқан жасыл бағыттаушы (керсеткіш) түріндегі сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкін.
Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәні бар: жасыл сигнал қозғалысқа рұқсатетеді;
жасыл жыпылықтаған сигнал қозғалысқа рұқсат етеді және оның қолданылу уақыты етіп барады және тыйым салатын сигнал іске қосылатындығын хабарлайды (жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жасыл сигналдың жануына дейін уақыт туралы секундпен хабар беретін сандықтабло қолданылуы мүмкін);
сары сигнал Ереженің 5.6-тармағында кезделгеннен басқа жағдайларда қозғалысқа тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертеді;
сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелетін кеше қиылысын немесе жаяу жүргінші етпесін білдіреді, қауіптен-сақтандырады;
қызыл сигнал, оның ішінде жыпылықтайтыны, қозғалысқа тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы қозғалысқа тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғанынан хабар береді.
Қызыл, сары және жасыл түсті бағыттаушытүрінде орындалған бағдаршам сигналы тиісті түстердегі дөңгелек сигналмен бірдей мағыналас, бірақ олардың күші ба-ғыттаушы көрсеткен бағытқа (бағыттарға) ғана қолданылады. Мұндайда солға бұрылуға рұқсат беретін бағыттаушы, егер бұған тиісті жол белгісімен тыйым салынбаса, кері бұрылуға да рұқсат етеді.
Қосымша секциясы бар жасыл бағыттаушы да осындай мәнге ие болады. Қосылмай тұрған қосымша секцияның сигналы осы секциямен реттелетін бағыттағы қозғалысқа тыйым салынғанын білдіреді.
Егер бағдаршамның негізгі жасыл сигналына қара контурлы бағыттаушы (бағытта-ушылар) салынған болса, онда ол жүргізушіге бағдаршамның қосымша секциясын және қосым-ша секцияның сигналына қарағанда езге де рұқсат етілген қозғалыс бағьггтарын хабарлайды.
Бағдаршам сигналдары мен реттеушінің кескіндемелері 1-суретте келтірілген. Қызыл және сары бағыттаушылардың орнына осы мағынада қара контурлы бағыттаушы-лар кескінделген деңгелек қызыл және сары сигналдар пайдаланылуы мұмкін.
Егер бағдаршам сигналы жаяу жүргіншінің (велосипедтің) кескіні түрінде орын-далса, онда күші текжаяу жүргіншіге, (велосипедшілерге) ғана қолданылады. Мүндайда жасыл сигнал жаяу жүргіншінің (велосипедшінің) қозғалысына рұқсат береді, ал қызыл тыйым салады.
Велосипедшілердің қозғалысын реттеу үшін сондай-ақ кішірейтілген өлшемдегі дөңге-лек сигналы бар, 300×200 мм өлшемді, қара түсті велосипед кескінделген тік бұрышты ақ түсті табличкамен толықтырылған бағдаршам пайдаланылуы мүмкін. Соқыр жаяу жүргіншілерді жүріс бөлігін кесіп өту мүмкіндігі туралы ақпараттанды-ру үшін бағдаршамдардың жарық сигналдары дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкін.
Көлік құралдарының жүріс бөлігінің қозғалыс бағыты қарама-қарсы бағытқа өзгеруі мүмкін жол жолақтары бойынша қозғалысын реттеу үшін X үлгісіндегі қызыл сигнал және темен бағытталған бағыттаушы түріндегі жасыл сигналы бар реверстік бағдаршам қол-данылады. Бұл бағдаршамдар тиісінше олар үстінде орналастырылған жол жолағы бой-ынша қозғалысқа тыйым салады немесе рұқсат береді. Реверстік бағдаршамның негізгі сигналдары бағыттаушы түріндегі, темен қарай оңға немесе солға қиғаштай еңкейтілген, іске қосылған сигналдың ауысатындығын және ба-ғыттаушы нұсқаған жолаққа қатар ауыстыру қажеттігін хабарлайтын сары сигналмен толықтырылуы мүмкін.
Реверстік бағдаршамның екі жағынан 1.9. таңбалауымен белгіленген жолақтың үстіне орналастырылған сигналдары іске қосылғанда осы жол жолағына шығуға тыйым салынады.
Трамвайлардың, сондай-ақ олар үшін белінген жолақпен қозғалатын басқа мар-шруттық келік құралдарының қозғалыстарын реттеу үшін «Т» әрпі түрінде орналасқан терт ай түстесақдөңгелек сигналдары бар бағдаршамдар қолданылуы мүмкін. Бір мезгілде теменгі сигналмен бір немесе бірнеше жоғарғы сигнал іске қосылған кезде ғана олардың сол жақтағысы — солға, ортадағысы — тіке, оң жақтағысы — оңға қозғалуға рұқсат етеді. Темір жол етпесіне орналасқан дөңгелек, жыпылықтап тұратын ай түстес ақ сигнал көлік құралдарыныңетпе арқылы қозғалысына рұқсат береді. Ай түстес ақжәне қызыл жыпылықтайтын сигнал істемей тұрған кезде кез жетер жерде өтпеген жақындап қалған поезд (локомотив, дрезина) болмағанда, қозғалысқа рұқсат етіледі.
Оның денесі мен қолдарының, оның ішінде мынадай мәндерді білдіретін жезлмен жасаған қимылдары, реттеушінің сигналы болып табылады: қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген: сол және оң бүйір жақтарынан — қозғалыстрамвайға тіке, рельссіз келік құралдарына тіке және оңға қозғалуға рұқсат етіледі, жаяу жүргіншіге жүріс белігін кесіп өтуге рұқсат етіледі; кеуде және арқа жағынан — барлық келік құралдарыныңжәне жаяу жүргіншінің қозғалы-сына тыйым салынады. оң қол алға созылған:
сол бүйір жақтан — қозғалыстрамвайға солға, рельссіз келік құралдарына барлық бағыттарға рұқсатетіледі;
кеуде жағынан — барлық көлік құралдарына қозғалыс тек қана оңға рұқсат етіледі; оң бүйір және арқа жағынан — барлық келік құралдарына қозғалыс тыйым салынады; жаяу жүргіншілерге жүріс белігін кесіп өтуге реттеушінің артжағынан рұқсат етіледі. қол жоғары көтерілген:
Реттеуші қол қимылдарымен жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге түсінікті басқа да сигналдар беруі мүмкін.
Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші жезлді немесе сигналды дискіні (жарық қайта-рғышты) қолдануы мүмкін
Келік құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бір мезгілде ысқырып сигнал бере отырып, келік құралына бағытталған қол қимылымен көрсе-тілуі мүмкін. Жүргізуші оған нұсқалған орында аялдауы тиіс. Келік құралын тоқтатқан ішкі істер органдарының қызметкері (полиция) Ысқырықпен берілген қосымша сигнал қозғалысқа қатысушылардың назарын ауда-руға беріледі.
Бағдаршамның (реверсивтіден басқа) немесе реттеушініңтыйым салатын сигна-лы кезінде жүргізушілер тоқтау-сызығының (5.3.3-белгісінің) алдында, ал олар болмаған кезде:
жол қиылысында — кесіп өтетін жүріс белігінің алдында (Ереженің 13.8 белігін ескере отырып), жаяу жүргіншілер үшін кедергі тудырмай;
теміржол етпесі алдында — Ереженің 15.4-тармағына сәйкес;
басқа жерлерде — қозғалыс рұқсат етілген келік құралы мен жаяу жүргіншілерге кедергі туғызбай тоқтатуға міндетті.
Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сиг-нализациясының жұмыс режимі жасыл сигналдыңтікелей сөнер алдындағы жыпылықта-уын қамтамасыз етпейтін жағдайларда, шұғыл тежеуге жүгінбей тоқтата алмайтын жүргізушілерге Ереженің 5.5-тармағында белгіленген жерлерде әрі қарай қозғалуға рұқсат етіледі.
Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жүріс белігінде келе жатқан жаяу жүргіншілер оны босатуы тиіс, ал оған мүмкіндік болмаған кезде қарама-қарсы келік легін белуші сызықта тоқтаулары тиіс.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, тіпті олар бағдаршам сигналына, жол белгілері немесе таңбаларының талаптарына қайшы келсе де, сигналдың талаптары мен реттеушінің бұйрығын орындаулары тиіс.
Теміржол етпелерінде жыпылықтаған қызыл сигналмен бір мезгілде қозғалысқа қатысушыларды қосымша ақпараттандыратын, етпе арқылы қозғалысқа тыйым салатын дыбыстық сигнал берілуі мүмкін.