ХХ ғасырдың 80-ші жылдары батыс Еуропаның мемлекеттерінің туристтік сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар экономикалық және әлеуметтік факторлар тұрғысынан туындады, сондай-ақ қазіргі адамдардың психологиясының өзгеруімен де байланысты еді. Туристтік тұтынушылықтың құрылымына басты әсерін тигізгені экономикалық конеъюктураның нашарлауы болды. Индустриясы дамыған елдердегі тоқырау жұмыссыздықтың санын көбейтті. Сонымен қатар, негізгі туристтік қызметті пайдалнушыларға – қоғамның орта буынына да әсерін тигізді, олар бос уақытын дұрыс пайдаланудың жолдарын іздеуге мәжбүр болды.
Экономикалық конъюктурадағы нашарлау әлеуметтік сфераны өзгертті, ол өз ретінде туристтік сұранысқа әсерін тигізді. Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалыс уақыты ұзартылды, апталық жұмыс мерзімі қысқарып, икемді жұмыс кестесі еңгізілді. Бұның барлығы халықтың бос уақытын ұзартты және туристтік қызметті пайдалнушылардың санын көбейтті.
Читать полностью »