Қазақ әдебиет тұлғалары

Жыр жампозы — Жамбыл

Қашанда халық арасынан өнерімен елді сүйсіндірген адамдар шығып отырған. Олар елді қиын-қыстау шағында қиыншылықтан шығуға қол ұшын берумен қатар, рухани тірегі бола білді. Ел мақтанышына айналып отырды.
Қазақ халқы өнерге, өнер адамдарына кенде болмаған. Тарих түкпіріне көз салсақ көне әдебиет өкілдері, жыраулар қазақтың бай ауыз әдебиеті мен халықтық поэзияның пайда болуына, қалыптасуына, біздің заманымызға жетуіне мұрындық болып келді. Соның бірі және бірегейі — бүгінгі күні 160 жылдығын тойлап отырған жерлесіміз, мақтанышымыз әйгілі Жамбыл ақын.

Жамбылдың кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен жері көне Әулиеата өңірі әрдайым Жамбыл есімін мақтан тұтады. Жастайынан кедейліктің құрсауында жүріп, оның ащы дәмін молынан татса да тәңірі сыйлаған ақындық дарынының арқасында ел еркесіне айнала білді.

Читать полностью »

Жыр cұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз

 Қазақтың Абай атындағы Академиялық театрында

ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 100 жылдық

мүшел тойында сөйленген сөз

Иә, сол бір жылғы жан біткенді жадыратып, тән біткенді балбыратып, жасарып-жаңғырып жатқан жаратылыс атаулыны түгел шаршысына толтырып шалқытқан мамыр айының дәл жиырма бірінші жұлдызында кемеліне келіп, кенеле құлпырып тұрған керемет өлкедегі бір шаңырақтың астында болған осы бір оқиғаны көрген түгілі естіген жанның ет-жүрегі өзілмеуі еш мүмкін емес еді. Қасиетті Сары Арқаның қақ төрінде қадым замандардан бері бұрала басқан бұла бойжеткеннің бұрымындай бұлаң қағып, бұлқына аққан Шідерті бойына шілдің жұмыртқасындай шашырай төгілген ағайын ортасында қызметте жүргенде аяқ астынан төсекке алып ұрған ауыр дерттен қатты қалжырап, біраздан бері оң жақта сартап болып, сұлқ жатқан құр сұлде әбден сылдырап, қалған қаңқасын кенет көрпе астынан көтеріп ап, жан-жағына шаншыла қарады.

Читать полностью »

Жұмабаев Мағжан Бекенұлы

Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.

Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды. Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді.

Читать полностью »

Жұбан Молдағалиев

Бір естелік

86-ның ызғарлы желтоқсанындағы дүрбелең халық көкейінде әлі жаңғырып тұр. Уақыт алға жылжыған сайын кезінде айтылуға тыйым салынған шындықтар там-тұмдап болса да, оқиғаны көзбен көргендердің аузымен айтыла бастады. Жастардың зиялы қауымға деген сенімсіздігі де сол кезде қалыптасты. Ызғарлы желтоқсан оқиғасының басы-қасында болған жастар аға буынды «алаңдағы жастарды қолдамады, қорғамады, керісінше бірге жазаласты» деп әлі күнге дейін кінә артса, сол кездегі оқиғаға жаны ауырып, жастарға араша түскен бірлі-жарым зиялы қауым өкілдерін әлі күнге құрметпен еске алысады. Сол құрметке ие азаматтардың бірі – ақын Жұбан Молдағалиев. Ақынның «Желтоқсанның көргенше он алтысын, Бір күн бұрын батсамшы батар күнмен» деген жүрекжарды шындығы ауыздан-ауызға жететін бүгінгінің аңызына айналғандай. Жұбан ағаның осы азаматтығын көзбен көрген ақын Ақұштап Бақтыгеерева өз естелігінде төмендегі жайттарды тебірене отырып әңгімеледі.

Читать полностью »

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ (1889-1931)

Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

Читать полностью »

Жүсіпбек Аймауытов — әдебиет сыншысы

Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан – Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.

Ж.Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі //«Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар»//, Мағжанның мұра-мирастары //«Мағжанның ақындығы туралы»//, театр табиғаты мен тағылымдары //«Қалыбек әртіс», «Сауық кеші», «Театр кітабы туралы»//, сөз өнерінің сырлары //«Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Әдебиет мұралары»//, әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары //«С.Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар», «С.Торайғырұлының жиналған сөздері»//, т.т. әдеби-сын  еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының  мың сан иірімдері терең танылады.

Читать полностью »

Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн

Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн (1020-?) Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған.

Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әккесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдыққа тән жаратылыстану ғылымдарынан білім алды.

Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түрік тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы