Қазақ әдебиет тұлғалары

Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы

Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.3.1976ж.Алматы қаласы)–ақын.

Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары  Қарасаздағы  бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің  (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі  «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер.

Читать полностью »

Мұстафин Ғабиден (1902-1985)

Мұстафин Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Туған жері қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданындағы Жауыр тауының етегі.

Дін мектебіне беріліп, мұсылманша сауат ашқан Ғабиденді заман ағымының ағысын аңғарған әкесі он төрт жасында Спасск заводының табельшісі Мауқымның Жүсібі деген кісіден бір жыл орысша оқытады. Осы бір жыл зерек баланың келесі жылы осындағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің төртінші бөліміне түсуге мүкіндік береді. Бірақ төңкеріс тудырған аласапыран оған онда бір жылдан артық әрі оқуға мұрша бермей, ауылға қайтып келуге мәжбүр етеді.

Читать полностью »

Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған…»

Ақын Марат Отарәлиев. Жайсаң еді ғой. Онымен шүйіркелесіп сөйлесу, әңгіме-дүкен құру өзінше бір ғанибет. Осы бір асықтай ғана қатпа, қара жігіттің тал бойында қандай тартылыс күші барын қайдам? Әйтеуір, адам баласына тым үйірсек, өте-мөте бауырмал. Екінің бірінің көзіне әрдайым жылы ұшырайды. Ешкімді бөтенсіреп, шет қақпайды. Біз сияқты сәл-пәл кірпияз, кінәмшіл болу тіптен бойға бітпеген. Аңқау, адал, ақжелең. Көлденең көк аттымен сөйлессе де ағынан жарылып тұрады. Қаңқу сөзден іргесі аулақ.

ҚазГУ-дің студентіміз. Марат ақын, әсіресе, өлең табиғатын жеп-жетік меңгерген. Жаңа бастап жазып жүрген талапкерден гөрі тәжірибеге бай. Абайдан Қасымға дейінгі өлең-жырларды бала күнінен жаттап өскен жан. Алпысыншы жылдардың бас кезінде өлең әлемінде құйрықты жұлдыздай самғаған Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Өтежан Нұрғалиев, Жұмекен Нәжімеденов және басқалармен үзеңгі қағыстырып, қоян-қолтық жүріп-тұру Марат ақынның пешенесіне жазылған. Ол да оразасын осынау өлең-жырмен ашты, көңіл кірбіңін де сонымен жазды. Шалқар шабытты ащы сумен шақырған шақтарын да кешіру, кең пейілділік таныту ләзім.

Читать полностью »

Манаш Қозыбаев

Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіктің таңы атты, тарихшылардың жұлдызды сәті туды. Манаштың екінші тынысы ашылды. Ол, өз әріптестерімен бірге “Еркін көшкен елің қайда, ел қорғаны – ерің қайда” деді де, қолына қаламын алып, ереуіл атқа ер салып, сайын дала кезіп, үйдегі-түздегі архивке үңгей бойлап, өткен ақтаңдақтар ізіне түсті. Сөйтсек, “мінсіз таза теруерт су түбінде жатады, мінсіз таза асыл сөз ой түбінде жатады” екен. “Алаш алаш болғалы алаша атқа мінгелі, ала-шұбар ту байлап. Алашқа ұран бергелі Әлім еді ағасы,” — деп Мұрат Мөңкеұлы айтқандай, М.Қ.Қозыбаев ел тарихшыларының ноқта ағасы ретінде көш бастай жөнелді.

Қазақстанның жаңа тәуелсіздік таңында оның шынайы, төл тарихын ашып жазу – тек ер Манаш ағамыздың ғана маңдайына жазылған ақжолтай бақ-ырыс болды. Ол тарихи санамыздың түбірлі жаңа тұжырымдамасын жасады, ақтаңдақтардың (20-30 ж.ж. аштық туралы шындықты қалпына келтіру, зұлымдық, тоталитарлық тәртіптің құрбандарын еске алу т.б.) ащы ақиқатын алғаш рет жан-жақты ашып берді.

Читать полностью »

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985)

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.

Читать полностью »

Міржақып Дулатов

Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі – Міржақып Дулатұлы. Жақаңның бар ғұмыры халқымен тығыз байланысты. Осы арада бір ғана жәйтке тоқталсақ, қазақтың азаттық қозғалысының алғашқы сәулесіндей жылт еткен “Серке” газетіндегі “Жастарға” атты өлеңі мен жариялана түсіп жабылып қалған “Біздің мақсатымыз” атты мақаласына биыл аттай жүз жыл толады.

М.Дулатұлының есімі ақталып, бүкіл шығармашылық мұрасы халыққа қайтарылғалы жиырма жылға таяу уақыт болды. Содан бері оның әлеуметтік-саяси және әдеби-публицистикалық қызметін зерттеп, қоғамдық сананың игілігіне айналдыру жөнінде бірсыпыра істер атқарылды.

Читать полностью »

Мәшһүр Жүсіп

Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – “Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, “Хал-ахуал”, “Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, “Миғраж”, “Хаятбақшы”, “Қорқыт”, “Гүлшат-Шеризат” деп аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті.

Біз Мәшһүр Жүсіптің ақындығына тоқталсақ, оның нәзік те отты, ойлы өлеңдері халықтың өз ішінен қайнап шыққан талант екенін көрсетеді. Ел ішінің жағдайына жастай қанық ақын ағайын-туыс, бауырдың жан сырын терең жырлайды, нәзік тербейді. Олардың мінез-құлқын салмақты баяндап, сабырлы түйіндейді. Бір қызығы, әрқайсының мінезі әртүрлі, бірі біріне кереғар, күле салуы да жылдам, ренжи салуы да оңай. Енді ақынға сөз берсек, ол:

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы