ӘЗIЛ СӨЗДIҢ АТАСЫ
Көркем сөз өнерiнiң көрнектi өкiлi, қазақтың ақтангер ақындарының бiрегейi, әйгiлi Шал ақынның туғанына биыл 250 жыл толып отыр. Кейбiр газеттерде анда-санда шын жанашырлықпен жарқ еткен қызғылықты мақалалар, арнаулар болмаса бабаның тойы деп, бауыр тартып, дананың тойы деп дабыл салушылық бұл жолы бұйырмай тұр. Неге екенiн бiлмеймiн, шiлде айында өткен “Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих” жылына арналған Қазақстан Республикасы Ғылым Министiрлiгi — Ғылым Академиясының жалпы жиналысында елiмiздiң Мемлекеттiк Хатшысы, атақты жазушы Әбiш Кекiлбаев мырза ұлттық тарихымызға дәнекер болған ұлы бабаларымыздың қатарында атаса да мерей тойлы жылына қазақтың ақындық әлемiнде ешкiмге ұқсамас кесек тұлға, үздiк дарын иесi — Шал ақын Құлекеұлы туралы той қызуының дүбiрi мен от шарпуы бiлiнбейдi. Өкiнiшке малтықпай әлi де уақыт бар ғой, жыл аяғы ардақты бабамызға салмақты естелiк жасатар деген үмiттен де құралақан емеспiн.
Читать полностью »