Тоқа Шоңманұлы


Скачать/Жүктеу

(1830-1914 жылдар)

Шоңманұлы Тоқа қазіргі Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданындағы Көктал өзенінің бойында дүниеге келген. Арқада Тоқа деген ру аты да бар. Сол Тоқа руынан айырып атау үшін үзеңгі тұтастары күйшіні Сайдалы Сары Тоқа деп атап кеткен.

Тоқа өз төңірегінде ел-жұртқа әділдігімен танылған, өнерпаз күйшілігімен даңқы шыққан. Оның іреп айтатын уытты тілі, өз дарын да көбейтіп баққан. Тоқаның екі жылдай жер ауып, айдауда жүріп қайтуы да өз заманының зорлық-зомбылығымен көп беттескенің аңғартады.

Тоқа өз кезінде Тәттімбет, Ықылас, Қыздарбек, Дайрабай сияқты күйшілермен қадірлес, сыйлас болған. Найманның Шашақ деген домбырашысымен, бала күйші атанған Сүгір Әлиұлымен күй айтысына түскен.Қырғыз Шәбденнің асына қатысып, күй сайысында бас жүлдені жеңіп алған.

Тоқа оң және теріс бұрауда көп күй шығарған. Әсіресе, қазақтың күйшілік өнеріне ғажайып рең беретін теріс бұрау күйлерінің дәстүрін Тоқа ілгері дамытып, биікке көтере білген. Тоқаның күйлері: «Азамат», «Аққу»,  «Айдос», «Алшағыр», «Балшекер», «Боз айғыр», «Жалғыз ішек», «Жолды қоңыр», «Қосбасар» (үш нұсқасы бар), «Ерке қыз», «Саржайлау», «Сары өзең», «Төрт толғау» (төрт нұсқасы бар), «Терісқаппай», «Тоғыз тарау» т.б


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы